Таным дерек
Көтібар Бәсендеұлы (т.ж.б.-1823)-батыр. Кіші жүз құрамындағы шекті руынан шыққан. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы кезінде сарбаз жинап, Ресей үкіметінің отарлау саясатына қарсы күрескен. Жайық бойындағы бекіністерге бірнеше рет шабуыл жасаған. Көтібардың жеті баласы болған, үлкені-атақты Есет батыр тарихи тұлға(«Қазақстан» ұлттық энциклопедия, бес том, елу төрт бет)
Ел тұтқасын ұстау әйелдердің де қолынан к елетіндігін дәлелдеген жыр: («Айман-Шолпан» жыры)
«Айман-Шолпан» жырының негізгі тақырыбы : (Ескі мен жаңаның арасындағы күрес)
Айман мен Шолпанның әкесінің аты : (Маман)
Маманның шыққан тегі, руы : (Шекті)
Арыстан, Есет, Әлібек атты кейіпкерлер кездесетін жыр : («Айман - Шолпан»)
Қазақ ауыз әдебиетіндегі жаңа әйел , саналы қыз образы : (Айман)
«Айман-Шолпан» жырындағы Айманның өзге жырлардағы қыздардан айырмашылығы : (Әлеуметтікіске араласуында)
«Айман-Шолпан» жырындағы Айманның ақылы байқалады : ( Баланы баурап алуынан)
«...Мен ажалым жетпей өлмеспін, ешкімнің қырсығына көнбеспін»-деген сөз иесі : (Айман)
Айманның Шолпанды елге қайтаруының себебі : (От жағып, күң болып кетеді деп ойлағандықтан)
«Айман-Шолпан» жырындағы Айманның есік алдындағы Қызылқұмға жасырған байлығының саны : (500 ат, 80 інген, 40 алтын, 15 күміс табақ)
«Қараңыз, мына сөздің сарасына,
Көз жетті елді шаппақ расына.
«Шайтан сөз топ ішінде не керек ? » деп ... – деген жолдың жалғасы :Арыстан)'> (Арыстан түсе берді арасына)
«Айман-Шолпан» жырындағы «Шайтан сөз топ ішінде неге керек?» - деп, бітімге шақырған сөздердің иесі : (Арыстан)
«Айман-Шолпан» жырында Айманның атты сұрап алуына да , Шолпанды еліне қайтаруына да , Есеттің Айманға 60 күнге дейін неке қимауын қалап алуына да себепкер болған адам : ( Арыстан)
Әлібек бейнесіне тән сипат : (Жау іздеуге , пәле іздеуге құмар емес)
Маман байдың ауылын кім шабады ? : (Көтібар)
«Айман-Шолпан» жыры аяқталар тұста Көтібар : (Өкіл әке болады)
Маман мен Көтібарды бейнелеудегі ерекшелік : (Сарказм мен ирония)
«Айман-Шолпан» жырындағы қазақ феодалдарының тән сипаттары : (Тоғышар , Топас , ұсақ тіршілік адамдары)
«Айман-Шолпан» жырындағы Көтібардың баласы: (Есет)
«Айман-Шолпан» жырындағы кейіпкер : (Теңге-Көтібардың бәйбішесі)
Берілген үзінді қай жырдан алынған?
«Базарда теңге болсаң, пұл боларсың,
Қолыңа құрық алсаң, құл боларсың.
Батырдың айтқан сөзі рас болса,
Қолыма су құятын күң боларсың» : («Айман-Шолпан»,Теңгеге айтқан)
«Айманның ақ мамықтай білегі бар, майысқан жез қармақтай сүйегі бар,»-деген жолдардағы көркемегіш құрал : (Теңеу)
«Айман-Шолпан» жыры : ( Лиро-эпостық жыр, Тарихи жыр)
«Айман-Шолпан» жырындағы тарихи тұлғалар : ( Есет , Көтібар)
Достарыңызбен бөлісу: |