Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады



бет24/260
Дата31.03.2022
өлшемі432,68 Kb.
#137459
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   260
Байланысты:
көк кітап әдеб5

Батырлар жыры
1.Ең көне замандағы эпостар: «Құламерген,Жоямерген,Досан батыр ,Құбығұл ,Атилла, Ергенекон»
2.Қазақ хандығы кезіндегі эпостар: Қобыланды,Алпамыс,Ер тарғын ,Қамбар,Едіге т.б
3.Жаңа дәуірдегі эпостар :Өтеген батыр,Сұраншы батыр,Еспенбет,Нарқыз, т.б.
4.Батырлар жыры жақын жанр түрі: Эпостық жырлар.
5.Эпостық жырларда батырларға серік болған арулар: Ақжүніс- Ер тарғын,Назым-Қамбар батыр,Құртқа –Қобыланды.
«Қобыланды батыр»
«Қобыланды батыр» жырын жинап, хатқа түсіру XIX ғасырда қолға алынды. Жырдың бізге жеткен 29 нұсқасы бар.Қобыланды жөніндегі аңыз-әңгімені алғаш баспа бетіне түсірген – В.Радлов. 1860 жылы Ы.Алтынсарин Марабай жыраудан жазып алған «Тайбурылдың шабысы» деген тармағын «Қазақ хрестоматиясына» енгізді. Жырдың Марабай нұсқасын 1922 жылы Ә.Диваев Ташкентте жеке кітап етіп бастырды. Академик М.Әуезов бұл жырға «эпопея дерлік жыр» деп баға берді. Ғалым М.Ғабдуллин жырдың түрлі нұсқасын жариялады.
Қарақыпшақ Қобыландының әкесі –Тоқтарбай, анасы – Аналық, қарындасы –Қарлығаш, сүйген жары-Құртқа (Көктім Аймақ ханның қызы), тұлпары –Тайбурыл,жайлауы – Көздікөл, қыстауы –Қараспан. Естеміс-Тоқтарбайдың тоқсан құлының бастығы, Қобыландыны баулыған ер, Сейілдің ұлы Қараман-Қобыландының жолдасы, Қазанға қарсы шыққан батыр. Орақ -Қобыландыға көмекке келген жас батыр, Қамқа- Орақтың анасы;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет