Байланысты: Жасмин курсовой.docx Әл -Фараби.docx туралы
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Әл-Фарабидің есімі мен жазған құнды мұралары әлемдік ғылым мен мәдениет тарихынан лайықты өз орнынын алатындығы ақиқат. Оның шығармалары еуропалық Ренессансқа үлкен әсер етіп, Батыс пен Шығыстың мәдениеттері мен философияларының жақындасуына арналған алтын көпір болды. Қазақстанда Әл-Фарабидің мұраларын зерттеуге XX ғасырдың екінші жартысында бастауын алды, яғни, 1960 жылы, 15 қазанда Ғалым Ақжан Машанов (Машани) Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті, академик Қ.И. Сәтбаевқа ғалымдардың Әл-Фараби мұрасын зерттеуді және оның шығармаларын аудару туралы идеяларын қолдауға өтініш білдіріп, «Ұлы әл-Фараби біздің жерлесіміз, және біз ол туралы аз білеміз ...» деп атап өтті. Ал, 1970 жылы Ақжан Машани мен Ағын Қасымжанов ұйымдастырған әл-Фарабидің 1100 жылдығына орай ЮНЕСКО мен Қазақ КСР Үкіметінің қолдауымен Алматыда, Мәскеуде және Бағдадта бір уақытта өткізілген Әл-Фараби мұрасы туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Қазақстан аңсаған тәуелсіздігін алғаннан бері Әл-Фараби мұрасын зерттеу қарқыны үдей түсті. 1991 жылы 23 қазанда Қазақ ұлттық университеті Әл-Фараби есімін алды. 2010 жылы Парижде ЮНЕСКО-ның қолдауымен «Әл-Фараби және Еуропалық Ренессанс» халықаралық дөңгелек үстел өтті, оған әлемнің 20 елінен келген фарабитанушылар, оның ішінде қазақстандық ғалымдар қатысты. Міне, өткен жылдың, 26-тамызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың №133 жарлығы шығып, күллі түркі жұртының мақтанышы, «мұғалім сәни» (екінші ұстаз) атанған ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық (870-2020) мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы қаулы жариялады.
Әл-Фарабидің рухани мұрасының идеялық бағытын дұрыс түсіну үшін
4
сол кездегі тарихи жағдайды білу қажет. Ол үшін әлемдегі ең ірі тарихи оқиғалардың бетбұрыс кезеңін ескеру маңызды. Ислам дінінің келуімен VIII ғасырдағы Орталық Азия мен Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай мен рухани өмірде түбегейлі өзгеріс кезеңі басталды. Жалпы, исламды қабылдаған көптеген мұсылман елдерінде, соның ішінде Орталық Азия мен Қазақстанда дамыған өркениеттің нышандары байқалды, соның негізінде рухани мәдениет өркендеді. Араб халифатының гүлдену кезеңінде мұсылман Шығысының өркениеті сол дәуірдегі Батыс Еуропа мәдениетіне қарағанда зайырлы білім мен ғылыми жаңалықтардың едәуір кең таралуымен ерекшеленді. Ислам мәдениетінің таралуы арқасында Қазақстандағы қоғамдық-саяси және рухани мәдениетке күшті серпін берді. Араб тілі мен араб әдебиетінің түркі тілінде кеңінен таралуы бұл аймақта VIII ғасырдан бастап ислам дінінің келуімен байланысты. Біз бұл тарихи дамуды Орталық Азия өңірлерінен шыққан ұлы ғалымдардың жемісті еңбектерінен көреміз. Солардың бірі – шығыстың көрнекті ғалымы Әбу Наср Әл-Фараби (870-950 ж.). Әл-Фараби – біздің жерлесіміз, ол ежелгі Отырар қаласында (өткен тарих сахнасында Фараб деп аталатын), Қазақстанның оңтүстігінде Тархан Мұхаммед Узлахұлының ауқатты отбасында дүниеге келген. Оның толық аты – Әбу Наср Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг Әл-Фараби ат-Түрки. Қазіргі Шәуілдір ауданының орталығында ашылған Әл-Фараби кітапханасында ол туралы бірнеше құнды мәліметтер бар. Әл-Фараби Қазақстанның оңтүстігіндегі Фараб ауданында – көп ғасырлық тарих пен мәдениеттің өркендеген кезеңінде өмір сүрді және білім алды. Әл-Фарабидің бақытына орай, бұл кезде Отырар қаласының бай кітапханасы болған. Демек, ол түркі ортасынан шыққан, олардың арасында ислам мен араб мәдениеті өте жоғары бағаланды. Тұлға ретінде Әл-Фараби феодалдық және діни дүниетанымдар толығымен үстемдік еткен қоғамда қалыптасты. Әл-Фараби мұсылмандық тұтқасынан білім нәрін алып өсті. Әл-Фарабидің рухани санасына, әлеуметтік-саяси көзқарастарына әсер еткен факторлар Ислам Халифатының негіздерін шайқалтқан сол кезеңдегі азаттық қозғалыстар, халқының рухани құндылықтары, түркі этникалық ортасы, 52 рулық-тайпалармен етене араласуы еді. Әл-Фарабидің еңбектеріндегі әлеуметтік-философиялық және саяси көзқарастары ол өмір сүрген дәуірдің өнімі, ықпалы десек болады. Сол кезеңдегі қоғамның басым дүниетанымы – діни идеологиялардан, қоғамдық қатынастар мен мемлекеттік құрылымның әлеуметтік-саяси тұжырымдамалардан құрылды.