Ежелгі дәуір әдебиеті» пәнінен курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Әбу Насыр Әл-Фарабидің әдеби-ғылыми мұрасы»


ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДЕБИЕТ САЛАСЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ



бет5/7
Дата11.05.2024
өлшемі89,61 Kb.
#201970
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жасмин курсовой.docx Әл -Фараби.docx туралы

2. ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДЕБИЕТ САЛАСЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Саналы ғұмырын ғылым-білім жолындағы ізденіске арнаған Фарабидің өмірлік ұстанымының қалыптасуына аталмыш факторлардың әсері үлкен болғаны анық. Мұсылман әлемінің сол кезеңдегі аса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары Бағдат, Шам, Мысыр елдеріне сапар шеккен жас Фараби араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік меңгеріп, сан-сала ғылымға бой ұрады. Өз дәуірінің атақты ойшыл ғалымдарымен, өнер иелерімен, сөз зергерлерімен сұхбаттас болған Фараби сол кезең ғылымындағы күрмеуі шешілмеген күрделі мәселелерді тап басып танып, ізденісін осы арнаға бағыттайды. Азия мен Еуропаны қосып жатқан Қазақстанмен әлемнің көптеген елдері әртүрлі тарихи, мәдени, қоғамдық, саяси-экономикалық байланысын күні бүгінге дейін үзбей жалғастырып келе жатыр. Ежелден басталған бұл байланыс халықтың мәдени өмірі мен рухани дүниесіне өзінің барлық болмысымен өшпес ізін қалдырғаны даусыз. Адамзат қоғамының бір бөлшегі ретінде жасап келе жатқан қазақ мәдениеті шығыстық өркениеттің құрамдас бір бөлігі десек, ата-бабаларымыз өзінің күрделі де сан қырлы тарихының қатпарлы беттерінде Үндістанмен, Қытаймен, Мысырмен, Иракпен, Сириямен, Византиямен, Иранмен әртүрлі деңгейде мәдени байланыста болғаны тарихтан белгілі. Қазақ жерінен шыққан ұлылар осы мемлекеттерге барып шығыстық ілім алып, білім сырына қаныққан. [9, 264] Рухани байланыстың осы елдермен толассыз жүргенінің кепілі — Әбу Насыр әл-Фараби, Исмаил әл-Жауһари әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Махмұд Қашқари сынды данышпандардың еңбектері мен зерттеулері. Қазақ және араб әдеби байланыстарының түп төркіні орта ғасырда қазіргі қазақ топырағында туып-өсіп, араб жерінде ғылым нәріне сусындаған, сөйтіп ислам мәдениетінің, араб әдебиетінің классикалық деңгейге жетуіне үлкен үлес қосқан данышпандардың ғылыми еңбектерінде жатыр деп айтуға болады. Себебі жиырмаға жуық әл-Фарабилер, әл-Бестами, әс-Сығанақи, әл-Кердери, әл-Хорезми, әл-Баласағуни және басқада жүздеген ғұламалар өздерінің ғылыми еңбектерін, философиялық пайымдауларын араб тілінде жазғаны белгілі. Олардыңараб тілінің грамматикасы мен әдебиеті жайында жазып қалдырған теориялық ой-пікірлері күні бүгінге дейін құндылығын жоғалтпаған. Ал, қазақ жеріне ислам дінімен бірге келген араб
11
жазуы, араб тілі мен әдебиеті, сол арқылы енген араб классикалық әдебиетінің үлгілерінің ауызша таралуы — қазақ әдебиетінің көкжиегінің кеңеюіне ықпал етті. Рухани байланыстың нақты көрінісінің бірі, әрі негізгісі — әдеби байланыстар. Бай қазақ әдебиеті шығыстық көркем сөз өнеріндегі жақсылық нышанның қай-қайсысын да жатсынбаған, бойына сіңіре білген. Мұның өзі қазақ әдебиетінің әлемдік өркениетке құлаш ұруының, әлемдік әдебиетпен сусындауының және өзгелерге танылуының көрінісі ретінде бағаланады.
Әдеби байланыс түрлі халықтар мәдениетінің жақындасуына, рухани қарым-қатынасының өркендеуіне үлкен үлес қосады. Бұл жайында атақты шығыстанушы ғалым, академик Н. И. Конрад: “Ұлттық әдебиеттің өркен жаюы мен даму факторларының бірі — өзге халықтардың әдебиетімен өзара қарым-қатынаста, байланыста болу. Кез келген әдебиетте екі компоненттің болатыны белгілі. Бірі — сол елдің өзінде дүниеге келген төл туындылар, екіншісі — басқа елдерден енген кірме шығармалар. Осындай дүниелердің негізінде әдеби байланыстың рөлі ерекше көрінеді. Мұны қандайда бір әдеби шығармалардың түпнұсқасымен тікелей танысып, сол туындымен ұлт әдебиетінің тілінде оқуы негізінде және олардың аудармалары арқылы қанығуынан немесе бір халық жазушысының шығармаларының мазмұны мен мотивтерін басқа елдің жазушысының өзінше қабылдауынан пайымдауға болады. [10, 231] Осындай факторлардың арқасында бір елдің әдеби дүниесі екінші бір елдің меншігіне айналады”. Жалпы белгілі ғалым Ә.Дербісәлінің зерттеулеріне сүйене отырып, Отырар-Фараб қаласынан шыққан жиырмаға жуық Фараби аттас ірі тұлғалар шыққандығын байқаймыз. Шығыстанушы-ғалым “Қазақ даласының жұлдыздары” атты тарихи-филологиялық зерттеуінде мынадай әл-Фарабилер туралы мағлұмат береді: Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Ибраһим Исхақ әл — Фараби, Исмаил әл-Жауһари әл-Фараби, Бурһан ад-Дин Ахмад әл-Фараби, Әбу-л-Қасым әл-Фараби, Махмуд әл-Фараби, Қауам ад-Дин әл-Фараби, Маула Мухаммад әл-Фараби, Бадр ад-Дин әл-Фараби, Исмаил әл-Хусайни әл-Фараби және т. б. Ұлы ғалымның Отырарда туып өсіп, жігіт шағында араб еліне кеткені жайында өзбек ғалымы Хайруллаев: “Әл-Фараби алғаш білімін Отырар медреселерінің бірінде алған болуы керек. Өйткені көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда, Мәуреннаһрда балаларды түрлі қолөнер мен ғылымға үйрету, баулу, оқыту олардың бес жасар кезінен басталатын болған.” — десе, әл-Фараби зерттеушілерінің бірі М.Бурабаев: “Әл-Фараби 20 жасына дейін Отырарда оқып, тәрбиеленіп, кейін Самарқанд, Бұхара, Хиуа және Шығыстың көп жерлерін аралаған, ұзақ уақыт бойы араб халифатының
12
саяси, мәдени орталығы Бағдатта тұрған деген деректі келтіреді”. “Ғылыми мұра қалдырмаған ғалым найзағай ойнатып, күркіреп тұрып, жаумай өткен бұлтпен тең”, — деген араб халқының дана мақалы бар. Осындай қанатты ойды ту қып ұстаған Әл-Фараби ғылым мен өнердің барлық саласына өлшеусіз үлес қосып, артында өшпес ғылыми жазбаларын қалдырады. Аты әлемге мәшһүр Әбу Насырдың еңбектерінен нәр алмаған, сусындамаған ғалым жоқ деп айтуға болады. Оның есімі дүниежүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын алады. Дүниежүзі ғалымдары әл-Фарабиді Шығыстың Аристотелі деп атағаны баршаға аян. Артында қалған ғылыми мұрасы өте мол. Ұлы ойшылдың қаламынан екі жүзге жуық трактаттар дүниеге келген. Сол баяндама маған зор әсер етті. Ол 1943 жылдың басы болатын. Баяндаманың негізгі мазмұны Орта Азия мен Қазақстан ғалымдарының орта ғасырлардағы ғылымға қосқан үлесі туралы еді. М.Хайруллаевтің “Мировоззрение Фараби” атты монографиясы әл-Фараби философиясы турасында жазылған алғашқы ауқымды зерттеу еңбек деп атап көрсетіледі. Қазақ ғалымдарының ішінде алғашқы қазақ фарабитанушысы А.Машановтан басқа әл-Фараби мұраларын жинауға ат салысқан, оның философиялық трактаттарының жауапты редакторы болған Ш. Е. Есенов, кезінде Қазақ КСР Ғылым академиясы жанынан Фарабитану тобын құру жайында бастама көтергендердің бірі Ә.Марғұлан, әл-Фарабидің математикалық, астрономиялық, педогогикалық мұраларын зерттеп, оқырман қауымға таныстыруда көп еңбек сіңірген ғалым А.Көбесов және ұлы ойшылдың мұраларын зерделеу барысында Фараби аттас басқа да ғалымдардың бар екенін және олардың еңбектерін саралай келе “Әл-Фараби эстетикасы” және “Қазақ даласының жұлдыздары” (І тарау) атты Әбу Насырға байланысты көлемді еңбек жазған белгілі арабтанушы-ғалым Ә.Дербісалі. Сондай-ақ. Ә.Әлімжанов, М. С. Бурабаев, А.Х.Қасымжанов, Н.Келімбетов, М.Мырзахметов және басқа дағалымдар әл-Фараби мұраларын зерттеуді өз ғылыми жұмыстарына арқау етсе, Қ.Жарықбаев Әл-Фараби еңбектерінің библиографиясын жасады. Қазіргі таңда Фараби мұраларын араб тілінен орыс-қазақ тілдеріне аударуда арабтанушы ғалым К. Х. Тәжікова үлкен жұмыс атқаруда.Оның кейінгі аудармасы әл-Фарабидің филологиялық трактаты “Китаб-уль-Хуруф” (Таңбалар кітабы), ал, шығыстанушы ғалым Ш.Қалиева Исмаил әл-Жауһари әл-Фараби еңбектерін алғаш зерттеу нысанына алса, Дамаск кітапханасында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізе жүріп, Әбу Насыр әл-Фарабидің қазақ ғалымдарына әлі де белгісіз жатқан ұлы ойшылдың араб тілінде жазылған бірнеше поэмалары мен өлеңдерін тапқан. Ғалым С.Төлеубаева әл-Фараби мұраларын әдеби, лингвистикалық
13
қырынан зерделеп, бірнеше ғылыми мақалаларын жариялады. Әл-Фараби мұралары тек зерттеуші ғалымдардың ғылыми жұмыстарына ғана арқау болып қойған жоқ, сонымен қатар, оның бейнесі қаламгер-жазушылардың да шығармаларының негізгі тақырыбы болды. Тарихи тақырыпты жүйелі түрде тереңдеп меңгерген жазушыларымыздың бірі — Әнуар Әлімжанов данышпан философ әл-Фараби жайын баяндайтын шығарма — “Ұстаздың оралуы” атты романын жазды. Онда ақылгөй-ғалымның өмірі әр түрлі қырынан беріледі. Осы романға іргелі талдау жасаған көрнекті ғалым Р.Бердібаев әл-Фараби бейнесін “Ол өзі жасаған музыкалық аспап — “қыпшағиға” қосылып ән де айтатын, күй де тартатын, қаламды ғана емес, қаруды да ұстай білетін, досқа мейірімді, шапағатшыл, әділдік үшін басын қатерге тіге алатын тұтас тұлға ретінде елестеткенін”, — жазады. Үлкен әдебиетші ғалым Н.Келімбетовтің “Әбу Насыр әл-Фараби әдебиет теориясымен де жан-жақты шұғылданған ғалым. Әдебиет теориясы бойынша бірқатар келелі еңбектер жазғанын ғалым шығармаларының сақталып қалған тізімдерінен білеміз”, –деген сөздері ойымызды нақтылай түсері хақ. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ғалым өзінің әдебиетке қатысты негізгі теориялық ой-пікірлерін: “Риторика”, “Поэзия өнерінің каноны туралы трактат”, “Поэзия өнері туралы”, “Ғылымдарды классификациялау туралы трактат”, “Өлең және ұйқас туралы сөз” және т. б. еңбектерінде саралайды. Оның осы айтылған еңбектеріндегі теориялық ойлары мен көркемдік-эстетикалық пікірлері әлі күнге мәні мен маңызын жойған жоқ. Ғылымның айтылған саласын зерттеу барысында өзінен бұрынғы ұлы философтардың сара жолымен жүріп, олардың дәстүрлерін бойына сіңіріп, дамытты. Әдебиетші ғалым Н.Келімбетов “Ежелгі дәуір әдебиеті” атты кітабында әл-Фарабидің “Өлең кітабы ” трактатынан мынадай сөздерді келтіреді: “Біз поэзиясымен хабардар болған көптеген халықтарға қарағанда арабтар өз поэзиясында бәйіттің соңғы жағына көбірек мән береді.Сол үшін де араб бәйіттері белгілі бір өлшемдегі шектелген сөздермен толықтырылады, көркемделеді.Мұндай жағдайда қолданылатын сөз тіркестері ырғақты, белгілі бір бөлшектерге жіктелген болуы керек, тіпті ондағы әрбір ритм, ырғақ, буын, бунақ саны да шектеліп тұруы шарт. Бәйіттегі сөздерде әңгіме не туралы айтылып жатқан болса, соған ұқсас етіп, бейнелі түрде айтылуы тиіс. Сонымен бірге бәйіттердің бір-біріне үндес болуы да талап етіледі” . Әл-Фарабидің әдеби мұрасын зерттеушілер оның “Поэзия өнерінің каноны туралы трактатында” поэзия жанры туралы ой-пікірлерін өрбіте келіп, осы өнер саласында жүрген ақындар мен олардың дарындылықтарының ара жігін айыратынына көңіл аударады. Бұл бойынша
14
автор шайырларды табиғи дарынына, арқалылығына, логикалық ойларына, ұйқас пен үйлесімді сақтауына қарап, үш топқа бөледі. “Біріншісі — өлең жазып, оны оқуға қабілетті, табиғи дарыны барлар. Бұлар поэзияның көптеген түрінде көркем бейнелілікке, тамаша ұйқастар мен теңеулер жасауға шебер. Сондай-ақ, олар өлең өнерінің сырымен, сын-сипатымен, теориясымен жақсы таныс болмаса да, алғырлығы мен асқан дарындылығының арқасында жырлары өткір, әрі тілге жеңіл, жүрекке жылы тиеді. Ұлы бабамыздың поэзия өнері жайында жазған теориялық ой-пікірлерін сол замандағы мықты ғалымдар жоғары бағалаған және “ақындар падишасы” деп ардақ тұтқан. Бұл турасында көрнекті ғалым А.Көбесов мынадай мәліметтерді келтіреді: “Сайф ад-Даула сарайында өмір сүрген арабтың сері, әрі жауынгер ақыны Әбу Фирас (932–968) Фарабиге мынадай баға береді: “Поэзия — дөңгеленген алтын түйе, оның басы — Әбу Насыр Мұхаммедке, өркеші — Әбу Нуасқа, иығы — Омар ибн Рабияға, кеудесі — Әбу Таммамға тиді, қалғаны — ішек-қарын — оны екеуміз (сарайдың жарамазаншы жыршысы екеуі) бөлісіп отырмыз”. Осы келтірілген деректегі аты аталған адамдар өз замандастарынан озып туған, ақындық өнердің майталмандары саналатын араб халқының бірегей тұлғалары. Демек, Шығыстың аты шулы марғасақаларының басы болған кемеңгер бабамызды әлемде теңдесі жоқ ғұлама деп санауға толық негіз бар. Фарабитанушы ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда Әбу Насыр үлкен ақын болған. Мәселен, үлкен әдебиетші-ғалым Н.Келімбетов ол жайында: “Әбу Насыр әл-Фараби — өз дәуірінің көрнекті ақындарының бірі дей отырып, Ибн Аби Усайба, Ибн Халликан секілді араб тарихшыларының жазып қалдырған мәліметтерін басшылыққа алады да солардың жазбаларынан әл-Фарабидің өлеңдерін жолма-жол аударып береді”. Белгілі фарабитанушы А.Көбесов мынадай дәйекті келтіреді: “Совет ғалымы Е. Э. Бертельстің парсы-тәжік поэзиясы тарихына арналған еңбегінде, түрік зерттеушілері Ахмет Атеш, Хафиз Данышпан еңбектерінде Фарабидің шайырлығы, әдеби мұрасы туралы көп жаңалықтар келтіреді. Бұлар және басқа оқымыстылар Фарабидің араб, парсы, түрік т. б. тілдерде әр түрлі жанрда жыр жазғандығын растайды, үзінділер келтіреді”. Бұл зерттеушілердің қай-қайсысы болсын, 1979 жылы қазақ тілінде тұңғыш рет Аян Нысаналиннің “Трактат және өлеңдер” атты аударма жинағынан әл-Фараби өлеңдерінің мәтінін алады. Олар ұлы ұстаздың өлеңдерін талдай отырып, Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы — Жаратушы-біріншіден кешу тілей отырып, осынау өмірдің мәні мен мағынасын зерделеу, ғылымға ұмтылуды насихаттау, адамгершілікті уағыздау болды деген ой түйіндейді. Енді бір өлеңінде туған жерден жырақта
15
жүрген бабамыз кіндік қаны тамған жерге деген сағынышын өлең өрнегіне арқау етеді. Оны Аян Нысаналин аударған мына өлең жолдарынан көруге болады: Қашықтасың туған жер — қалың елім, Не бір жүйрік болдырып жарау деген, Шаршадым мен, қанатым талды менің, Шаңыт жолға сарылып қарауменен. Кері оралмай жылдарым жатыр ағып, Қасіреттің жасына көз жуанар. О, жаратқан, көп неткен ақымағың, Құм сықылды тез ысып, тез суынар. Сонымен қатар арабтанушы ғалым Ш.Қалиева әл-Фарабидің араб тілінде жазылған бірнеше өлеңдері мен поэмаларын Дамаск кітапханасынан тауып көшірмелерін елге алып келгені әлі де болса фарабитанушы ғалымдардың құлағына шалына қоймады деп ойлаймыз. Ойшылдың аталған өлеңдері мен поэмаларын қазақ тіліне аударып, көркемдік ерекшеліктерін анықтау келешектің үлесінде. Поэтикалық пайымдаулардың (А.Нысаналин “ақындық түйіндеу” деп келтіреді) өлшем мен мазмұнға қарай жіктелетінін айта келіп, Фараби өлшем бойынша жіктеулерді музыканттың немесе просодистің үлесіне жататын тіл мен әуеннің тегіне қатысты дүние деп білсе, мазмұн жөніндегі ғылыми жіктеулерді символдарды түсіндіріп, поэзияны талдаушы, поэтикалық идеяларды, түрлі халықтар мен мектептерге тән поэзияны зерттеуші қауым өкілдерінің еншісінде қалдырады. Фараби көптеген халықтардың поэзиясында мазмұн мен өлшем арасына шек қойылмай, аралас қолданылатынын, бұл мәселеде қатаң қағиданы тек көне гректер ғана сақтағанын айтады. Әрине, Фараби бұл жерде поэзияның әрбір түріне белгілі бір өлшемді ғана қолданатын көне гректік өлең қағидаларын үздік үлгі ретінде ұсынғалы отырған жоқ. Өлшем мен мазмұнның қатаң қағидаларға бағындырыла бермеуі түрлі халықтардың дүниетанымындағы, көркем ойлауындағы, сөз қолданыстарындағы ерекшеліктерге байланысты екені айқын. Фараби тек қатаң сақталатын қалыбы бар, теориялық тұжырымға салуға икемді, ең бастысы, біршама зерттеулерге арқау болып үлгерген грек поэзиясын толымды талдауға лайық және танымдық мәні бар объекті ретінде алады. Сонымен Фараби жіктеуінде көне грек поэзиясы мынадай түрлерге бөлінеді: Трагедия –арнаулы өлшемі бар, тыңдаушыға да, айтушыға да ләззат беретін өлең түрі. Трагедияда өзгелерге үлгі-сабақ боларлық жақсылы-жаманды істер сипатталады, билеушілер марапатталады. Музыканттар әдетте трагедияны әміршілердің алдында орындайды. Әмірші дүниеден өткен жағдайда трагедияға жоқтау сарыны бар өлеңдер қосылады. Дифирамб — трагедиядан екі есе артық өлшемі бар өлең түрі. Дифирамбта жекелеген адамдарға емес, жалпы адам баласына ортақ абзал мінездер, ізгі істер, сондай-ақ күллі адамзатқа қайырлы істер жасаған дара тұлғалар дәріптеледі. Комедия — арнаулы өлшемі бар өлең түрі. Комедияда келеңсіз,
16
оғаш жайттар суреттеліп, адамдардың мінез-құлық, іс-әрекетіндегі ұнамсыз көріністер шенеледі. Жекелеген тұстарда кейбір адамдар бойындағы жануарларға тән жағымсыз, жиіркенішті мінездер баса көрсетіледі. Ямб — бұл да арнаулы өлшемі бар өлең түрі. Ямбта мақал-мәтелдер секілді жақсылы-жаманды істерді сипаттайтын нақыл сөздер келтіріледі. Бұл өлең түрі соғыстар мен дау-жанжалдар кезінде, ашу-ызалы сәттерде қолданылады. Драма — алдыңғы түр тәрізді поэзия жанры. Ерекшелігі сол — мұнда белгілі бір адамдарға, жеке тұлғаларға арналған ой түйіндері, нақыл сөздер қолданылады. Айнос — жоғары шеберлікпен жазылған, көркем де келісті пайымдауларды қамтитын өлең түрі. Диаграмма — тәртіпке бағынбайтын, тезге салуға көнбейтін адамдардың жанын қандай жан түршігерлік азаптар күтіп тұрғанын сипаттайтын заң шығарушылар қолданатын өлең түрі. Эпос және риторика — өткен дәуірлердегі саяси және құқықтық тәртіптер суреттелетін поззия жанрлары. Өлеңнің бұл түрлерінде сонымен қатар билеушілердің өмір-салты мен іс-әрекеттері, ел басқарған кезеңі мен сол тұстағы айтулы оқиғалар баяндалады. Сатира — белгілі өлшемі бар, музыканттар ойлап тапқан өлең түрі. Олар өздерінің әндері арқылы аң кейпінде киінген адамдар мен әртүрлі жануарларды таң қалдырарлық, әдеттен тыс қимыл-қозғалыстар жасауға мәжбүр етеді. Поэма — жақсылық пен жамандықты, дұрыстық пен бұрыстықты бейнелейтін өлең түрі. Мұндай өлеңдердің әрбір түрі өзі сипаттайтын үлгілі, жарқын немесе келеңсіз, айыпты жайттарға сәйкес келеді. Амфигенезис — жаратылыстану ғылымдарын сипаттау мақсатында жаратылыстанушы-ғалымдар ойлап тапқан өлең түрі. Поэзия жанрларының ішінде өлең өнерінен алшақтау жатқаны — осы түр. Акустика — шәкірттерді музыка өнеріне баулу үшін қолданылатын өлең түрі. Оның қолданылу шеңбері осымен шектеледі, ол басқа салаларда қолданылмайды. Ал Фараби ұғымында өлең еліктеу, яғни образ тудыра алса ғана — өлең, тудыра алмаса, өлең емес. Трактаттар контексіндегі “образ” ұғымының астарында кейіпкер бейнесі ғана емес, өлең өнеріне тән күллі көркемдік жатқаны айқын. Қазіргі әдебиет теориясы да образ ұғымына осы тектес анықтама береді. Сондай-ақ өлең өнерінің бітім-болмысы лиризмге, эмоцияға, экспрессияға бейім екендігін ескерсек (“Поэзия — эмоция, проза — сюжет”), Фарабидің амфигенезиске берген бағасы — оның поэзия табиғатын тап басып тани білгендігінің айқын айғағы деуге болады. Фарабидің өзі ескерткендей, ол жоғарыда келтірілген грек поэзиясы түрлерін осы тұтас қалпында түпнұсқадан тауып, жалаң аударма жасап қана отырған жоқ. Зерттеушілердің анықтағанындай, “поэзия жанрларын бұлайша жіктеу Аристотель туындыларында кездеспейді”.
17
Фараби бұл мәліметтерді “Аристотель, Темистий және басқа да философтар мен олардың еңбектеріне түсіндірме жазушылардың поэзия өнері жайлы пайымдау-пікірлерінен алғанын” айтады. Мұның өзі көне грек поэзиясын талдап-түсіндірмес бұрын оны саралап, жіктеуде, көзқарастарды тиянақтап, тұжырымдауда әл-Фарабидің қосқан үлесі елеулі екенін көрсетеді. Теңеу сөздерге талдау жасағанда Фараби олардың көркемдік дәрежесіне қарай жіктелетінін айта келіп, өзара ұқсас заттар арқылы ғана емес, бір-біріне мүлде ұқсамайтын заттар мен құбылыстар арқылы да теңеулер жасалатынын, оларды әсерлі де иланымды ете білу ақынның шеберлігіне байланысты екенін атап көрсетеді. Фарабидің “теңеу” ұғымының аясында онымен табиғаты туыс бейнелеу құралдары — ауыстыру, шендестіру, сипаттама (эпитет), параллелизмдерге тән сипаттар қамтылғанын аңғару қиын емес. Әл-Фарабидің поэтика мәселелерін талдаған екінші бір еңбегі — “Поэзия өнері туралы трактат”. Еңбектің кіріспесінде араб өлеңінің құрылысына тән ұйқас пен ырғақ, өлшемдер, образдылық, үйлесімділік мәселесі сөз болады. Фараби сондай-ақ әуен (музыка) мен өлеңді бөле-жармай бірге қарайтын халықтар мәдениетіндегі қос құбылыстың табиғатына тоқтала келіп, “өлеңді әуенмен айтушылар әуеннің ырғағын бұзып алудан қалай сақтанса, өлең өлшеміне нұқсан келтіруден де солай сақ болуы қажет” деген тұжырым жасайды [11, 88]. Тек бұл трактатта ғана емес, музыка мәселелерін талдаған еңбектерінде де Фараби өлең мен әуеннің байланысына үнемі мән беріп отырады. “Әуен өлеңмен үйлескенде әлдеқайда әсерлі естіледі, мұндайда (өлең) сөз де мәнерлірек бола түседі” деп жазады ол. Әуеннің поэзияның белгілі бір түріне бейімделетіні, қолданылатын тілдің синтаксистік құрылымына тәуелді болатыны, диалектикамен байланысты қос құбылыс — поэтика мен риториканың заңдылықтарына әуеннің де бағынатыны жайындағы ғалым тұжырымдары синкретті фольклор жанры басты роль атқарған, әуен мен өлеңнің ара-жігі ажырап болмаған ортағасырлық мәдениеттің болмыс-бітімімен тығыз байланыста туындаған. Фараби ұғымында өлеңге қойылатын басты екі талап — өлшем және еліктеу (образдылық). Екеуінің бірі кем болса, өлең өлең болудан қалады. Бірі артық болса да солай. Осы соңғы құбылысты да ғалым сарабдал сана елегінен өткізген: сөз мағынасына лайықты пішін қолданбай, образдылықты шектен тыс көп пайдаланған шешендердің риторикадан поэтикаға, ал шешендік сөздерді көптеп қолданған ақындардың поэтикадан риторикаға ауытқитынын ғалым айқын мысалдармен дәлелдейді. Еліктеу (образ) тудырудың іспен және сөзбен орындалатын екі түрі барын айта келіп, Фараби соңғысын екіге бөледі:
1.Заттардың өзі арқылы елестету.
18
2.Заттарды өзге бір зат арқылы елестету. [12, 102]
Алғашқы елестету түрі ғылыми анықтамаларға тән болса, екіншісі ғылыми дәлелдемелерге тән. Келтірілген тұжырымды дәлелдеуде Фараби елестету мен еліктеу тудыру нәтижесінде туындайтын көптеген психологиялық құбылыстарды талдап көрсетіп, әдебиеттегі образ жасау әрекетінің табиғаты мен мән-мазмұнын ашып береді.
Әбу Наср әл-Фараби туралы сол кездегі көптеген ғалымдар өздерінің ой-пікірлерін жазып қалдырған. Ұлы ойшыл Әбу Әли ибн Сина, тарихшы-ғалымдардан Захируддин әл-Байхакий, Жамолуддин ибн әл-Кифтий, Ибн Әби Усайба, Ибн Халликон сияқты атақты ғалымдар өз шығармаларында ұлы философ Әбу Наср әл-Фараби жөнінде кейбір мәліметтер беріп кеткен. Белгілі шығыстанушы-ғалым. Аристов солардың бірқатарын араб тілінен өзбекшеге аударып жариялаған екен. Біз соны өзбек тілінен қазақшаға тәржіма жасап, окырманға ұсынуды жөн көріп отырмыз. [13, 23]
Әбу Әли ибн Сина: Мен мантик (логика), жаратылыстану және (математика, геометрия) ғылымдарын жақсылап меңгердім. Сосын теологияны оқып үйренуге кіріскенімде Аристотельдің «Метафизика» кітабын оқыдым. Бірақ онда не жазылғанын оқып түсіне алмадым. Бұл кітапты жазған кісінің мақсаты маған құпия болып қала берді. Тіпті оны қырық рет қайталап окып шықтым. Бұл кітапты жаттапта алдым. Бірақ соныңөзінде мен оны түсіне алмадым. Ақыры одан үмтімді үзіп, бұл түсінуге болмайтын кітап екен деген қорытындыға келген едім.
Бір күні бесін намазы кезінде кітап сатушыларға бардым. Онда бір делдал мұқабалы бір кітапты қолына ұстап алып, мақтап тұр екен. Ол мені қасына шақырып, маған кітапты көрсетті. Сонда мен бұл ғылымды білудің пайдасы жоқ деген оймен әлгіні жақтырмай, алмайтынымды айттым. Делдал маған: «Бұл кітапты ал, бағасы арзан — үш дихрам, кітаптың иесі ақшаға мұқтаж», — деді. Осылайша мен кітапты сатып алдым. Қарасам, ол Әбу Наср әл-Фарабидің «Метафизика» кітабының мақсаты жайында жазылған шығармасы екен. Үйге келген бойда оны оқуға кірістім. «Метафизика» ойымда жатталып қалған себепті сол сәтте-ақ кітаптың мазмұнын түсініп алдым. Бұған қатты қуанып кеттім. Мұндай кітаптың табылғанына шүкіршілік жасап, ертеңінде-ақ кедейлерге біраз нәрсе садақа бердім. [14, 302]
Захируддин ал-Байхакий: Шейх Әбу Наср әл-Фарабидің аты Мұхаммед ибн Тархан болып, шыққан тегі Түркістаннын Фараб деген жерінен екен. Бұл кісі «Муаллим ас-Соний»—«Екінші ұстаз» деген лақап есім алған. Ислам ғалымдары арасында одан бұрын мұншалыкты ақылы алғыр адам болмаған еді.
19
Әбу Насрдың көп трактаттары болған. Мен Рай шаһары бастығының кітапханасынан бұл кісінің шығармаларын көрдім. Сол жерде мен Әбу Насрдың небір шығармаларын көрдім, тіпті ондай кітаптар жайында ешқашан естімеген де екенмін. Тағы бір айта кететін жәйт – көрген кітаптарымның көпшілігі Әбу Насрдың өз қолымен жазылған яки оның шәкірті Әбу Закария Яхия ибн Адидің қолымен көшірілген еді.
Ғұлама Әбу Наср әл-Фараби айтқан екен: «Кімде-кім хикмат (философия, даналық) білімін оқып үйрен уге кіріспек болса, ол ең алдымен жас болуы, ниеті дұрыс , әдепті, қайырымды адам болуы керек. Ондай кісі адамдарға мейірімді, таза, адал болуы, азғын қылықтардан: күнә, қиянат, зұлымдық пен аярлықтан таза болуы тиіс. Білім жолына түскен жан күнделікті күйбең тіршілікті ойламауы қажет . Хиқмат 6ілімін оқып үйренуге кіріспек болған адам білімді де, ғалымдарды да құрмет тұтатын кісі болуы шарт. Ондай кісі ғылым адамдарынан басқа ешбір нәрсені қадірлейтін болмауы керек. [15,14]
Білімді кәсіп, өнер етіп алмауы керек әрі оны мал-дүние табу құралы етіп жібермеуі қажет. Кімде-кім мұны керісінше істейтін болса, онда ол кезбояушы саналады. Жалған ақша таза ақша есептелмейтіні сияқты, жалған сөз ешқашан мәнді сөз болмайды. Егер мінез-құлқы біз айтқандай емес, теріс мінезді кісі болса, ол ешқашанда ғалымдар қатарына қосылмайды. Ағаштың өсіп-жетілгенін бұтақтағы жемісіне қарай бағалайдығой. Сондай-ақ адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Кімде-кім өзін өз дәрежесіеен жоғары көтермек болса, ондай адамнын, өсу жолына тосқауыл койылады».
Жамолуддин ибн әл-Кифтий: Әбу Наср әл-Фараби — Мауераннахрдағы түрік шаһарларының бірі болған Фарабтан шыққан философ. Бұл кісі мұсылмандардан шығып, әлемге танылған данышпан саналады. Ол Иракка барып, Бағдад шаһарында тұрып қалады. Әбу Наср бұл қалада хикмат білімін үйренеді. Осы жерде Әбу Наср сол дәуірде деңдесі жоқ адам болып шыгады. Логиқаға қатысты кітаптарды зерттеу және оларға түсініктеме жазуда көп іс тындырды. Логиканың қиын тұстарын айқындай түсті, көпшілікке түсіексіз болған жасырын сырларын ашты әрі бұл ғылымның пайдалану әдістерін жеңілдетті. Ол өз шығармаларында логикадан пайдалану үшін түсініікті сөз тіркестерш, астарлы меңзеу сөздер қолданып отырды. Тіті ол логиканы түсндіру, үйрету және талдау жасаудағы Әл-Киндий, тағы басқалар жіберген олқылықтарды да атап көрсетті. [16, 98]
Әбу Насрдың бұдан басқа «Ихсо ал-улум ва аттаьриф» — «Ғылымды меңгеру және оның мақсатын түсіндіру» туралы жазылған құнды кітабы бар. Мұндай шығарма жазуда осы кезге дейін Әбу Насрдан ешкім озып кеткен
20
емес. Тіпті бұл секілді ой-пікрлерді оған дейін әлі ешкім айта алмаған, ол кісі шыққан биікке ешкім көтеріле алмаған еді. Дамып келе жатқан ғылымдардың барлық салалары да оның салған дұрыс жолын пайдаланды деуге болады.
Әбу Насрдың Афлотун (Платон) және Аристотель философиясындағы идеяларға арналған кітабы оның философия саласындағы аса көрнекті ғалым екенін әрі философия пәнін терең меңгергенін дәлелдейді… Мен философияны үйренушілер үшін одан («Фараби кітабынан». — Н. К.) пайдалырақ бірер кітап бар деп ойламаймын. Бұл шығарма барлық ғылым салаларына ортақ әрі осы еңбек арқылы басқа ғылым салаларының өзіне тән мән-мағыналарын түсінуге болады. Бұрын логикадағы категориялардың мағыналарын, олардын. неден құрылғанын түсіну мүмкін емес еді, қалайша сол мән-мағына барша ғылымға ең алғашқы негіз, іргетас болып қалануы мүмкін екендігі дәл осы Фараби шығармасында ғана түсіндірілген болатын.
Ибн Әби Усайба: Фараби — шынайы философ, терең білімді данышпан еді, философияға қатысты пәндерді толық игерген болатын. Ол риезиет (математика, геометрия) ғылымдарына жетік, білгір, ірі ғұлама, мал-дүниемен ісі жоқ, қарапайым адам еді. Ол тағамға шыдамды, қанағаты мол жан болатын. Ол өзінік мінез-кұлқы жығынан ежелгі дәуір философтарына ұқсайтын.
Әбу Наср тәуіпшіліктен де едәуір хабардар еді. Тәуіпшіліктің теориялық жағын жақсы білетін. Бірақ тәуіптік тәжірбиені іс жүзінде қолдану және оның ұсақ-тұйек емін жасау ісін айтарлықтай терең меңгермеген болатын.
Әл-Фараби Дамаскіге алғаш барған кезінде бір бауға қарауыл еді, сол бау ішінде отырып ұдайы хикмат — философия ғылымымен айналысатын. Әбу Наср бұл жерде ежелгі дәуір ғалымдарының көзқарастары — шығармалары мен оларға жазылған түсініктерді бас алмай оқып отыратын. Ол өзі жарлы кісі еді, тіпті түні бойы ұйықтамай, шығарма жазумен айналысатын, кедейлігі сондай, өзіне қарауылдығы үшін беретін шамның нұрын пайдаланатын еді.
Біраз уақыт Әбу Наср осылай өмір сүрді. Кейін оның есімі төңірекке мәлім болып, беделі артады, жазған шығармалары да мәшһүр болып кетеді. Сөйтіп, оның шәкірттері де көбейеді. Соның нәтижесіде ол өз заманының бірден-бір аса ірі ғалымы дәрежесне иеболды.
Ел билеуші әмір Сайф ад-Даула (Абул Хасан ибн Абдуллох ибн Хамдан ат-Тағлабий) Фарабимен әңгімелесуді ұнататын болған, әмір оныңбіліміне таңданып, оған көт ізет-құрмет көрсетеді. Сол арқылы әмірдің, Әбу Наср қатысатын жиындарының да даңқ-дәрежесі артады, бұған әмірдің өзі де рақаттанады.
21
Кейбір шейхтардың айтуына карағанда, Әбу Наср әл-Фараби бір жолы Мысырға (Египетке) сапарлап барған, кейн Дамасісге қайтып келіп, осы жерде Сайф ад-Даула Али ибн Хамдан әмірлігінде, осы елде әр-Розий халиф болып тұрған кезде қайтыс болды.
Сайф ад-Даула өзінің жоғары мәртебелі он бес әкім кісілерімен бірге Әбу Насрдың жаназасында болды. Елдің айтуынша, Әбу Наср өте қанағатшыл адам болғаны үшін әмірші Сайф ад-Дауланың ерекше құрметне бөленген екен. Алайда, соған қарамастан Фараби күніне төрт дихрам күміс ақшадан басқа ешкандай сый-сияпатты пайдаланбайды. Сол төрт дихрамды тіршілікке зәру болған нәрселерге ғана жұмсайтын болған. Ол «тұрмыс-тіршілігім не болады» деп қайғырмайды екен. Тіпті баспана етерлік үй-жайды да, өзіне келетін бірен-саран пайданы да ойламай өтіпті.
Елдің айтуына қарағанда, Әбу Наср қозы жүрегі мен райхан шәрбатын өзіне тамақ еткен екен. Әбу Наср алғашқы кезде қазы болып істеген дейді. Ғылым дүниесіне тереңрек бойлаған соң бұл жұмысты тастап, бар жан-тәнімен білімін асыра түсуге кірісіп кетіпті, мал-дүниеге ешқашан қызыкпаған екен. Ол қарауылдау үшін кешкісін бауға барады екен де, шырақты жағып, кітап оқуға кіріседі екен. Музыка саласында да ол білімді болыпты. Бұл салада да онын, зерттеулері шарықтау шегіне жетіп, барынша кемелденіпті, музыка өнерінде одан озып кету мүмкін емес екен. Жұрттың айтуына қарағанда, ол ғажайып бі рмузыка аспабын жасапты, міне, сол аспаптан адамның жан жүрегін елжіретіп жіберетін сиқырлы бір ражап әуен естіледі дейді.
Ибн Халликон: Әбу Наср әл-Фараби логика, музыка және бұл екі пәннен басқа да бірнеше ғылым салаларына қатысты шығармалардың авторы болған. Сондай-ак, ол мұсылмандардың ең ірі философы саналады, ешкім ғылымда бұл кісінің, дәрежесіне дейін көтерілген емес. Әбу Әли ибн Сина да онын, кітаптарынан көп нерсе үйренген. Әбу Әли ибн Синаның сөзіне қарағанда, ол Фараби шығармаларын оқып ләззат алған екен. Бұл кісінің, шыққан тегі түрік болған, ол сол өз елінде туып, сонда өскен. Кейін өз елінен шығып, басқа еледерге саяхат жасайды, ақыры Бағдад шаһарына барады. Сол кезде ол түрік тілімен қатар араб тілін, тағы басқа бірнеше тілді білген. Әбу Наср Бағдадта араб тілін үйренуге кірісіп, бұл тілді жан-жақты әрі терең біліп шығады. Соңынан осы тіл арқылы ол хикмат -философия ғылымын меңгеру жолына түседі.
Адамдардың айтуынша, Аристотельдің «Жан туралы» кітабының Әбу Наср оқып шыққан нұсқасы табылған. Міне, сол кітапқа Фараби өз қолымен, «мен осы кітапты жүз рет оқыдым» деп жазып койыпты. Бул ғалым жайында
22
пікір айтқандардын сөзіне қарағанда, Әбу Наср, сол философ Аристотельдің «Физика» деген шығармасын қырық рет окыдым, бірақ оны тағы қайталап оқуым керек деген екен.
Бір жолы Әбу Наср әл-Фарабиден:
— Философия саласында кім мықты, Сіз бе әлде Аристотель ме? –деп сұрапты:
Сонда әл-Фараби:
— Егер мен сол кісінің өзінен білім алу бақытына ие болғанымда, онда мен оның ең мықты шәкірттерінің бірі болар едім, — деп жауап беріпті.
Білімге құштар жандар Әбу Насрға тыным бермей, бірі келіп, бірі кетіп жатады. Ол жазған шығармалар бөлек-салақ күйінде шашылып жатады екен. Еңбектерін ол үлкен дәптерге емес, жеке парақ қағаздарға жазып тастай берген. Сол үшін көпшілік шығармаларының жеке тараулары мен бөлімдері ғана сақталып қалғанкері оралу
Фараби, Әбу-Насыр (Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ әл-Фараби ат-Түрки) (870-950) — Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопидист ғалым.
Туған жері Сырдария бойындағы ерте заманда түркі халықтарының орталығы болған Отырар қаласы. Отырарды арабтар «Фараб» деп атаған. Қай жерден шыққанын білдіру үшін аты жөніне өзінің туған мекенінің атауын тіркейтін сол заманның дәстүрімен ұлы ұстаз Фараби аталған. Махмұд Қашқари «Диуани лұғат ат түрк» атты еңбегінде Фараб қаласының түрікше аты «Қарышоқы» деп көрсетеді. [17, 2]
Әл Фараби заманында бүкіл ОртаАзия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда саттық мәселесінде ислам қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Соның ішінде рухани, ғылыми тіл араб тіл болған. Сондықтан осы қалада сауат ашып, осы қалада білімге, ғылымға деген құмарлығы оянған Әл Фарабидің осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді. Ол кейін білім ғылым іздеп, көп жерді аралайды. Ақыры сол кезде әлемнің ғылым дүниесінің орталығы болған Бағдадқа келіп, сонда тұрақтап қалады. СОл кездің әйгілі ғалымдарымен кездесіп, олармен сырлас болады. Грек, латын, санскрит және басқа тілдерді үйренеді.

Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларының бәріне, өнеріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдырады. Одан қалған ғылыми еңбектердің өзінің саны жүзден астам. Сол еңбектерді ғылым салаларына қарай бөлетін болсақ,


23
олар мынандай: астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия риторика, философия болып келеді.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері қарай Қазақстан ғалымдары да ұлы ұстаздың бай мұрасын жинап, зерттеп тануға өз үлестерін қоса бастады. Қазір Қазақстан Ғылым академиясының кітапханасында Әл Фарабидің елу шақты еңбегі бар. Олардың ішінде басқа тілге аударылмаған, ғалымдар арасында осы күнге дейін белгісіз болып келген: «Алмагеске түсініктеме», « Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері», «Астрология», «Китаб әл мусики әл кабир» секілді әрқайсысы бір бір ғылымның шыңын көрсететін аса ірі туындылары бар. Мұның сыртында соңғы жылдары Қазақстанның Иранда алғашқы Төтенше және Өкілетті елшісі болған ғалым Мырзатай Жолдасбеков тауып әкеліп, Алматыдағы Әл Фараби атындағы ұлттық университеттің кітапханасына тапсырған Әл Фарабидің қолжазбалары өз алдына бір пара қазына. Олардың көшірмесі (он үш қолжазба) бүгінде Еуразия ұлттық университетінің Отырар кітапханасында сақтаулы.
Өмірінің соңына қарай Әл Фараби Мысыр, Шам, Халеб қалаларында болып, ақырында Шам шахарында келіп, сонда тұрақтайды. Осында қайтыс болады. Оның денесі Шам шахарының Кіші қақпа (Баб ас Сағир) жағындағы зиратқа қойылады.
Әл Фарабидің ісін жалғастырған, ғылымға берілген шәкірттері көп болған. Олардың ішінен, ең алдымен, Орта Азияның ұлы ғалымы Әбу Әли ибн Синаның (Авиценна) есімін атауға болады. Кейінгі кездегі шығыс ғалымдары оларды бөліп жармай «Қос Фараби» деп те атайды. Сондай ақ еңбектері ұлы ұстаз еңбектерімен сабақтасып жатқан ұлы ғалымдар Беруни, Бозжани, Омар Һайямдар да өздерін Әл Фарабидің шәкірттеріміз деп есептеген. Əбу Нəсір Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг əл- Фараби ат -Түрки (870-950 жж.) Ол Орта Азиядағы Фараби қаласынан шыққан данышпан-философ, Аристотельдің жүйесін араб жағдайына бейімдеді. Ол шын мəнінде дүниежүзілік тұлға, сонымен қатар ол өзінің шығармаларында араб, парсы, грек, үнді жəне түрік мəдениетінің өте қымбат жетістіктеріне синтез жасай отырып, жалпы ғаламдық деңгейге жақындатты. Ол педагог – реформатор, халық арасына білім таратушы, ағартушы. Əл-Фараби Аристотельдің философиясына түсініктеме бере отырып, өз тарапынан:
24

  1. «Ғылымдардың шығуы».

  2. «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы».

  3. «Музыканың үлкен кітабы».

  4. «Ақылдың мəні туралы» философиялық трактаттарын жазды.

Оның музыка, метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика ғылымдарына арнап жазған еңбектерінің мəні ерекше. Оны Аристотельден кейiнгi «екiншi ұстаз», ғалым деп санады, С.Т. Əденов, А.Х. Хожамқұл 64 логика ғылымын, əсiресе қоғамдық салада, диалектикалық тұрғыдан қолданды. Дүниенi 6 элементке – жəй бөлшек, минералдар, өсiмдiк, жануар, адам, космосқа – бөлiп қарауы, болмысты зерттеуде қазiргi кезде кең қолданылатын жүйелiк-сапалық тəсiлдiң бастамасын жасаумен тең түседi. Оны деистiк көзқарасты қалыптастырушылардың алғашқыларының бiрi деп те санаған жөн – оның пайымдауынша бойынша құдай дүниенi жаратқанмен, оның қазiргi дамуына араласпайды. Бұл кейiнгi атақты ғалымдардың негiзгi ұстанымы ретінде, зерттеуге мүмкiндiк туғызады. Əл-Фараби өзінің «Бақытқа жол сілтеу» деген еңбегінде тірі адамның бақыты, өлгенен кейінгі түсініксіз бақыттан артық екенін көрсетеді. Адам бақытқа, көптеген қиындықтарға тап болып, жақсы мен жамандықты түсіну арқылы жетеді. Адамның жетілуі – мінез- құлқықтың жоғарғы дəрежесіне байланысты болады. Ал, көздеген мақсатқа жету ─ өзіңе байланысты дейді. «Азаматтық саясат» деген еңбегінде ол отбасының қоғам өмірінің бастауы болу мəнін түсіндіреді. Феодалдық қоғамдағы саясат пен мораль мəселелеріне жəне əлеуметтік қайшылықтарға теориялық тұрғыда түсінік береді. «Музыканың үлкен кітабы» («Китаб əл музык аль кабар») еңбегінде ол дыбыстың тарау табиғатын, резонанс қозғалысын матиматикалық əдістерді қолданып, алғаш рет нотаның нұсқасын жасады. Сол кездегі түркілердің музыкалық аспабы ─ тоғыз ішекті домбыраның құрылысын сипаттады. «Ақыл туралы» деген еңбегінде ақылдың құдіретіне сенеді, адам ақылы жаратушының бір көрінісі деп ─ құдайды жоққа шығармайды, ал ғылым ─ ақылдың нəтижесі екенін көрсетеді. Ғылымды ─ теориялық, практикалық деп екіге бөледі. Теориялық ─ логика, жаратылыстану, метафизика; практикалық ─ этика, саясат. Əл-Фараби дүниенің материалдық екенін жəне оның заңдылықтарын мойындайды. Аристотель секілді материя мен форманы анықтауда, форма үздіксіз өзгерісте, ал материя – мəңгі деп қорытты. [18, 3] Əл-Фараби дүниежүзіне белгілі тарихи тұлға. Оның ілімі көптеген философиялық идеялар мен концепциялардың қалыптасуына ықпал жасады. Орта ғасырдағы шығыс философы əл-Фараби: «Бақыт – əр адамның көздейтін мақсаты, үлкен игілік. Адамда сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін үш түрлі тамаша
25
табиғи қабілет болады, ол: ерекше жасалған дене құрылысы, жан құмарлықтары, ой-парасаты»,– деген. Əл-Фараби адамның жан дүниесін жетілдіру мəселесін философиялық тұрғыдан зор білгірлікпен жан-жақты да терең зерттеп, талдау жасайды. Ал қайта өрлеу (ренессанс) дəуірінде Адам өзін-өзі билеу еркі, мақсаты бар тіршілік иесі ретінде қабылданды. Ол өзінің көптеген эстетикалық қасиеттеріне байланысты сезімтал дене иесі.

26



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет