«Ежелгі дәуір әдебиеті» пәнінен студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) мен студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстарын (­СОӨЖ) жүргізудің әдістемелік нұсқауы. Шымкент, 2020 ж



бет2/15
Дата16.01.2023
өлшемі50,06 Kb.
#165619
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
sozh,obsozh nusk.(kka)
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, работа
Алғы сөз
Білім беру жүйесіндегі бакалавр бағдарламасы сапалы жоғары білім берудегі және білікті мамандар даярлап оқытудың түрлі деңгейіндегі алғашқы баспалдақ болып саналады. Оқу үрдісін кредиттік жүйе бойынша жүргізу дүниежүзілік білім беру жүйесіне енуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күннің еңбек нарқы сұранысына сай маман кадрларды дайындауда кредиттік жүйе бойынша білім беру – заман талабы. Бұл жүйе – білім алушыны өз бетінше білім алу бейімділігін дамытып, шығармашылық негізде білім алуды өз мүмкіндігіне қарай икемдеп оқытатын технология.
Кредиттік технология шарты бойынша оқытудың оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде оқу пәнінің көлемі 3 кредиттен кем болмайтын өлшеммен бағаланып жатқандықтан, оқу бағдарламасына сәйкес әрбір тақырыптық блоктағы пәннің оқу материалдарын, студенттің өз бетінше жұмысы (СӨЖ) берілген тапсырма бойынша оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс және (СОӨЖ) белгіленген кесте бойынша аудиторияда оқытушының қатысуымен орындалатын өзіндік жұмысы арқылы сабақ түрлерін жаңаша ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Бүгінгі оқытушы білім алушының тану-ойлау қызметін ұйымдастырушы, білім алушы өз бетінше белсенді түрде жұмыс жасаушы, оның өзіндік даярлығына тиесілі уақыт аудиториялық сағатқа қарағанда екі есеге артық не 70 пайыздан кем болмауы керек, өйткені әрқайсысының білім деңгейі, қабілеті бірдей емес.
Өзіндік жұмыс оқу жұмыс жоспарының әрбір пәні бойынша ұйымдастырылады.
Қазіргі таңда заманауи білім алушының білімді өз бетінше толықтыруы мен жаңартуы, мамандығына қажетті материалдар бойынша ана тілінде және шетел тілінде өзіндік ізденіс жүргізуі, шығармашыл тұлға болып қалыптасу жолында өзіндік қабілеттеріне деген талап қою - өзекті мәселе болып табылады.
Әдістемелік нұсқау жұмыс бағдарламасына сәйкестендіріліп жасалып шығарылды. Бұған келесідей бөлімдер енгізілген (силлабуста жоспарланған апта бойынша өткізілетін жұмыстар):
1.Тақырып бойынша тапсырмалар
2.Бақылау сұрақтары.
3.Есептер.
4. Тесттер
5.Әдебиеттер тізімі.


Ескерту: бұл әдістемелік нұсқау үлгі болғандықтан пәнді және студенттің өзіндік жұмысын жүргізуші оқытушы өзгерістер, толықтырулар ендіруіне болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет