Ежелгі дәуір тіл білімі



Дата18.02.2022
өлшемі36,17 Kb.
#132400
Байланысты:
ежелгі дәуір тіл білімі (2)


Ежелгі дәуір тіл білімі
Aдaмдaрға ерте кезден-aқ тілдің қaйдaн әрі қaлaй пaйдa болғaны, жaзудың қaлaй дaмығaны қызық болған. Сонау Тaяу Шығыс хaлықтaрының бізге жеткен Шумер, Aккaд, Египет, Хетт мифологиялaрынaн осы такырыпка байланысты көп мәлімет таба aлaмыз. Олaр тіл мен жaзуды құдaй жaрaтқaн, aдaмдaрдың тілінен бaсқa құдaйлaрдың өз тілі бaр деген сенімде болған.
Ежелгі дәуір — тіл білімі,яғни лингвистикалық ой-пікірдің жаңа туындай бастаған кезі. Ұзақ мерзімді қамтитын бұл уақыт бойында тіл білімі жайлы түсінік өте баяу дамиды. Ол заманда тіл білімінің өрісі де кең болмады.Алайда осы кезеңдегі лингвистикалық мәліметтерді қазіргі кезде өркен жайған тіл білімінің бастамасы, қалана бастаған іргетасы еді деп санаған жөн.
Жалпы Ежелгі дәуір лингвистикасында екі күрделі проблема болған. Бірі – ат қою теориясы болса, енді екіншісі – грамматикалық өнер болып табылады. Ат қою теориясында зат атаулары,құбылыстар мен оқиғалардың атаулары қалай пайда болды,атаулардың дұрыс не бұрыстығын,мәнін,мағынасын қарастырған. Ат қою теориясы деп аталатын бұл сала қытайда да, үнділерде де, гректерде де бір-біріне өте ұқсас бағытта талданып, біртектес шешімге сайып отырған.
Ал грамматикалық өнер теориясы тілді дұрыс қолданудың ережесін белгілеуді мақсат еткен. Кейде жазу өнері деп те аталады. Грамматикалық өнер небір жазба ескерткіштер тілдерін зерттеуден туған. Сондықтан ежелгі дәуір тіл білімі, әдетте, филология дәуірі деп те аталады.

Көне Грек – Рим тіл білімі
Грек тіл білімі Гомердің “Илиадасы” мен “Одиссея” тілін зерттеуден басталған.Греция тіл білімі екі кезеңге бөлінеді:І – философиялық(б.з.д.Ү-ІІІғ.);ІІ – филологиялық дәуір. Гректер қарастырған 3 мәселе: заттың өз атауына қатысы жөніндегі мәселе; тілдің шығу жөніндегі мәселе; грамматика мәселесі. Рим грамматистері ішіндегі ең көрнектілері – Варрон және Донат.Олар латын грамматикасын жазды.

Көне Қытай тіл білімі
Жазба ескерткіштері б.з.д. XI ғасырда пайда болған.Қытай иероглифі б.з. Iғ. нормаға түскен:уставтық, жартылай уставтық,жылдам жазу деген үш стильге бөлінген.

Ежелгі дәуір тіл білімі

Көне араб тіл білімі
Араб жазбалары ІҮғасырддан басталды.Фонетика саласында дыбыс пен әріп арасындағы өзгешеліктерді айқындайды. Дыбыстың физиологиялық сипатын ашуға аса көңіл бөлген.Грамматика мәселесінде Аристотельге еліктеген.Лексикография саласында араб ғалымдары зор жетістіктерге жеткен.

Көне түркі тіл білімі
Даму кезеңдері: Алтай д.;ғұн д.(б.з.б.І – ІІІғ.); көне түркі(б.з.Ү – ҮІІІғ.);Жазба ескерткіштері б.з. Үғ. болған.Алайда тюрколог-ғалым А.С.Аманжоловтың зерттеуі бойынша түркі жазуы көрсетілген уақыттан мың жарым жыл бұрын пайда болған.

Көне Үнді тіл білімі
Қасиетті кітаптары «Веда»-ның тіліндегі белгісіз сөйлемдер мен сөздерді анықтаудан басталған зерттеу 4 бағытта жүргізілген: дыбыстық жүйесі мен айтылу мәнері;жеке сөздер мен сөз тіркестері;грамматикасы;жыр құрылысы мен өлең өлшемдері.Зерттегендер:үнді лингвисттері – Яска мен Панини.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет