Ежелгі әлем өркениеті Ежелгі Египет өркениеті Ежелгі Месопотамия өркениеті



бет5/7
Дата26.12.2021
өлшемі34,09 Kb.
#105949
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4 тапсырма
Горманизация Сапақ Ақерке, Горманизация Сапақ Ақерке, 5-сабак «Қараой», МФНСУРОВ НAНО негіздері
Ежелгі Үндістан өркениеті.Үндістан - таң ғажайып ел, тіпті мыңдаған жылдарға ұласқан мәдениет, дәстүрлерін қазіргі таңға дейін өзгеріссіз ұрпағына жеткізе білген бірде-бір ел десекте артық болмайды. Индия, оның тарихы және мәдениеті   қазіргі бар мәдениеттерге мағыналы түрде ықпалын тигізуде.

Үндістан - Оңтүстік Азияда орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Ол – “барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі.

Ежелгі Үндістан – адамзат  өркениетінің жоғары деңгейдегі мәдениетінің ежелгі ошақтарының бірі.

Үнді мәдениеті мен  ғылымы б.з. дейінгі IV –IIғ.ғ. – б.з. VІІІ  ғ. өркендеді. Осы кезеңде есептеудің ондық жүйесі, цифрлерді жазу түрі (кейінірек өзгертілген түрде  араб цифрі деп аталған) жасалды. Квадрат және куб түбірлерді шығару, “р” санын есептеу (3.1416…), арифметикалық  және геометриялық прогрессиялар, тригонометрия  мен алгебра негіздері белгілі  болған. Астрономдар жылды 12 айға бөлген, әр айда 30 күннен болған, жылдар 6 маусымға бөлінді. Әр бес жыл сайын 13-інші ай қосылып отырды. Жер шарының  әр алуан ендіктерінде күн мен  түн ұзақтығының айырмашылығы белгілі  болды. Ежелгі үнді астрономдары Жердің шар тәрізді екендігін білді, оның өз осінің бойымен айналатындығын болжады. Химияны білу қышқылдар, бояулар, дәрілер, иіс су, цемент, тұздар жасауға, металдарды білу сынаптан күрделі аппараттар дайындауға мүмкіндік берді.

Б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықтың аяғы - І мыңжылдықтың басынан бізге  ежелгі үнді діни әдебиеті –Веда ескерткіштері  жеткен. Шамамен б.з. дейінгі 800 жылы пайда болған упанишадтар индоарийцтердің  діни түсініктерінің дамуында келесі қадам болып табылады. Эпикалық әдебиеттің негізгі ескерткіштері “Махабхарата”  мен “Рамаяна” болды, олар б.з. бірінші  ғасырларында санскритте жазылған, бірақ  олар б.з. дейінгі IV ғасырда пайда  болған.

Үндістанның ежелгі тарихының  көптеген құпиясы ашылмаған. Алайда б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықта шыққан ескі әдебиет көздерінде құл иелену қатынастарының дамуы туралы айтылады. Үндістанның б.з. дейінгі VI ғасырдағы  қоғамдық-мемлекеттік құрылысын  бейнелейтін «Ману заңдарында»  қоғамдық еңбек бөлінісі, билеу мен  бағынышты болу қатынастары жазылған.

Әлеуметтік шығу тегімен  және сипатымен ескерілген ежелгі үнді қоғамын қатты дифференциация тұйық  қоғамдық топтарды қалыптастырумен  аяқталды: сословиелер бойынша –  варналар (брахмандар, кшатрийлер, вайшьилер, шудралар), кәсіптік қызметі бойынша  – касталар (олар 3,5 мың). Брахмандар атақты абыздар руының өкілдері болды, олар құдайлармен байланыс жасап, мемлекетті басқарды. Кшатрийлер деп әскери ақсүйектердің  өкілдерін атаған. Қос варна қоғамның пұрсатты тобын құрады. Еңбекші халық  вайшьилер мен шудралар варнасына  кірді. Вайшьилер шаруашылық қызметпен  шұғылданды: егіншілікпен, қолөнермен, саудамен. Шудралардың үлесі –  басқа касталардың мүшелеріне қалтықсыз  қызмет ету. Олар құқықсыз болды және жеке меншігі болған жоқ.

Дін қоғамдық теңсіздікті ақтау үшін пайдаланылды. Құдайлар иерархиясы қаланды. Олардың ішінде жоғарғылары – Брахма (Ғаламды жасаушы), Вишну (оны сақтаушы), Шива (оны бұзушы).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет