Ежелгі әлем өркениеті Ежелгі Египет өркениеті Ежелгі Месопотамия өркениеті



бет2/7
Дата26.12.2021
өлшемі34,09 Kb.
#105949
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4 тапсырма

Пирамидалар.Пирамиданың аумағы мен зәулім кұрылысына тең келер тас құрылыс бүкіл әлемде жоқтың қасы. Оның биіктігі 147 метрге жетсе, ал қырларының ұзындығы 235 метрге жетеді. Ғаламат тас кесектерден әдемілеп өрілген сәулет ескерткіші бес мың жыл бойы әлі мызғымай сол күйі сақталғаны мәлім. Осындай алып кұрылысты басқарған сәулетші X е м и у н еңбегі орасан зор болды. Мысыр елі кейінгі ғасырларда да дүниежүзілік мәдениет пән өнерге өлмес мұра қалдырды. Сондай сәулет өнерінің бірі — б.з. д. XX—XIII ғасырларда салынған Қарнақ гибадатханасы. Оны сол кездегі ел басқарған ұлы перғауын III Аменхотеп салдырды. Патша сәулетшілерден бұл ғибадатхананың ешбір құрылысқа теңдеусіз ерекше болуын талап етті. Шынында да, ғибадатхана бұрын-сонды жер бетінде болмаған ауқымды құрылыс болды. Амон — Күн Құдайына арнап тұрғызылған храм — бірнеше ғасырлар бойы салынды. Адам сенгісіз, биіктігі 20 м, диаметрі 4 м болатын тас бағаналардан тұрғызылған гипостиль — колонналы залдан тұратын ғибадатхананы тіршіліктен тыс бір күш тұрғызғандай әсер береді. Оның сұстылығы мен керемет зәулімділігі, бағаналар мен керегесіндегі, маңдайшаларындағы шымшытырық көптеген жазу мен бедерлеме суреттері көрген адамдарды таңдандырып, тұңғиық қиял-ойға батырып, өзіне табындырып, құдіреттілігіне бас игізеді. Ғибадатхананың негізгі сарайының ұзындығы — 103 м, ені — 53 м, барлығы 140 бағаналардан тұрғызылған. Қарнақ құрылысы өзінен кейінгі әлемдегі сәулет өнерінің тарихына үлкен бетбұрыс әкелді, бағаналы кұрылыстардың дамуына жол ашып, үлгі болды. Кейінгі дәуірлерде тұрғызылған сәулет өнерінің қайталанбас маржандары саналатын Афины акрополі, Парфенон, Гера храмдары соныңайғағы.Мысыр тарихына көз жүгіртер болсақ, қай дәуірде болмасын ондағы сәулет ғимараттары мен мүсін өнері бір-бірімен сабақтасып, бірге дамып отырған. Гизе пирамидаларын, оның корғаушысы сиякты айбынды да асқақ Хефрен сфинксінсіз, Қарнак, Луксор алдындағы Құдай бейнелі мүсіндерсіз елестету ешбір мүмкін емес. Олар бірін-бірі толыктырып, жарасым тауып тұрған ғажап дүниелер.Мүсін өнерінің ішінде өзінің көнелігімен де, асқақтаған ауқымдылығымен де Хефрен сфинксі ерекше көзге түседі. Денесі арыстан бейнесінде салынып, бас жағы перғауын Хефрен кейпін елестететін асыл ескерткіштің негізі табиғи гранит тастан қашалып жасалған. Осынау Хефрен мүсінінен бастау алған Мысырдың монументальді ескерткіш белгілері жан-жақты дамып, жайдақ бедерлеме өнерде де, керегелік-росписьтік өнерде де өзінің канондық ерекшелік өлшемділігін қатаң сақтап отырған. Әсіресе бедерлеме, келбеттік өнер туындыларында бейнелеу ағымы ерекше жетістіктерге жеткен. Оны біздің заманымызға дейінгі III мыңжылдықта жасалған сәулетшіХесирдің бейнесінен байқауға болады. Онда Мысыр өнеріне тән қасиет, нақты ережелер толық сакталған.Бұл бейнелеу тәсілінің өміршендіғі сондай, бірнеше ғасырлар бойы жан-жаққа тарап, әр ел өнерінің дамуының тарихына игі ьщпалын тигізді.Ежелгі Мысыр тарихы бірнеше кезеңдерден тұрады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет