Сабақтың тақырыбы: 60 метрге жүгіру Пәні: Дене шынықтыру Сабақтың тақырыбы: 60 метрге жүгіру



Дата16.05.2022
өлшемі48,79 Kb.
#143480
түріСабақ
Байланысты:
60метрге жүгіру


Бекітемін: Келісемін:
Мектеп директорының м.у.а: Директордың ОІЖО
______________ С. Наурызбай ____________________
Білім беру ұйымының атауы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу
ауданы бойынша білім бөлімінің «Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ
Сабақтың тақырыбы: 60 метрге жүгіру

Пәні: Дене шынықтыру

Сабақтың тақырыбы: 60 метрге жүгіру

Күні: 22.04

Мұғалімнің аты-жөні: Нурумбетова З.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Білімділігі:

Оқушыларға жеңіл атлетика жаттығуларының адам өміріне қажеттілігін түсіндіру



Дамытушылық:

оқушылардың жылдамдық, күш, икемділік т.б. қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік : 

адалдық, батылдық, ұжымшылдық сапаларын тәрбиелеу



Сабаққа қажетті

жалауша,уақыт өлшеуіш, ысқырық



Оқулықтар/әдебиеттер:

Дене шынықтыру пәнінің оқыту әдістемесі

Сабақтың түрі:

машықтану сабағы

Өтілетін орны:

Спорт алаңы

Сабақ/оқу барысы

Реттік №

Сабақ/оқу кезеңі

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі

1.Сапқа тұру. Рапорт беру, Журналға белгі соғу. Назарларын сабаққа аудару. 2 мин

2

Үй тапсырмасы

Қысқа қашықтыққа жүгірту

3

Дайындық бөлім
10 мин

2.Саптағы жаттығулар.
«Оңға» «солға» «Артқа» бұрылу командаларын орындау.
3.Жүру. а) қолды жоғары созып,аяқтың ұшымен жүру.
б) Қолды белге қойып өкшемен жүру.
4. Жүгіру түрлері:
а) Жай жүгіру;
б) Сол қапталмен жүгіру;
в) Оң қапталмен жүгіру;
г) Арқамен жүгіру
д) Қатты жүгіру
Шеңбер жасап тұрып жан – жақты денені дамытатын жаттығулар жасау.
Б.Қ. – қолымыз белімізде.
1-2 басты оңға қарай айналдырамыз.
3-4 басты солға қарай айналдырамыз.
Б.Қ. – қол иықта .
1-2 қолды алға айналдырамыз.
3-4 артқа айналдырамыз
Б.Қ. негізгі тұрыс.
1-2 оң қолды жоғары көтеріп артқа сермейміз.
3-4 сол қолды жоғары көтеріп артқа сермейміз.
Б.Қ.негізгі тұрыс.
Қолды белге қоямыз,
1 – 2 белді оңға айналдырамыз
3 – 4 белді солға айналдырамыз
Б.Қ. негізгі тұрыс.
1- қолды белге қоямыз
2- отырып қолды созамыз
3- тұрамыз.
Б.Қ. – екі қолды белге қоямыз.
5 рет оң аяқпен, 5 рет сол аяқпен секіреміз.
Жаттығу аяқталды
Сапқа тұру 10 мин

4

Негізгі бөлім

60 м қашықтықты уақыт бойынша жоғары шапшаңдықпен жүгіру төменгі сөрелік қалыптан орындалады. Сөреде тұру, одан жүгіріп шығу, сөрелік екпін алу тәсілдері жоғарыда айтылғандай, қашықтықтың бастапқы кезіндегі, алғашқы 15-25 м жерді аяқты жерге қатты тірей басып жүгіру арқылы орындалады. Серпілу қуатын арттыру үшін санды шапшаң жоғары әрі ілгері көтеру маңызды рөл атқарады. Алғашқы жаттығудан бастап қысқа қашықтыққа жүгіргенде өкшені жерге тигізбей, табанның ұшымен басып жүгіруге тырысу керек. Өзге қашықтықтарға қарағанда, Қысқа қашықтықта адым кеңірек болады.
60 м жүгірудің соңында шапшаңдықты төмендетпестен мәреден өту керек. Бұл сәтте жылдамдықты бәсеңдету үлкен қателік болып табылады. Қашықтықтың ең соңғы адымдарында мәре кермесіне барынша қатты ұмтылып жеткен дұрыс. Жүгіруді тек мәреден өткеннен кейін ғана баяулату керек.
Жүгірудің жеңіл, дұрыс орындалуы: аяқты жерге жұмсақ тіреу, жүгірген кезде денені шылқайтпай ұстау тез жүгіру мен төзімділіктің кепілі.

5

Өтілген сабақты
(материалды) бекіту

Оқушыларды үйретілген әдістермен жүгірту

6

Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау Үйге тапсырма

Сапқа тұру
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма беру
Спорт залдан саппен шығу 3 мин


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет