Ежелгі грек философиялыќ мектептері мен баѓыттары



бет3/5
Дата01.10.2024
өлшемі19,04 Mb.
#205441
1   2   3   4   5

Софистік мектеп

  • Олар шындық,ақиқат шешімге ұмтылуды емес, жеңіске жетуді ғана мақсат тұтты, пікір сайыстарда «кімге болмасын, ненің болмасын дұрыстығын» дәлелдеу тәсілі ретінде арнайы оқытылды. Сондықтан «софист» сөзі жағымсыз мағынаға ие болды. Соған қарамастан софистер риторика (шешендік өнер) мен тіл ғылымдары (лингвистика) дамуында маңызды рөл атқарды:олар ашқан софизмдер (парадокстер) логиканың қалыптасуына түрткі болды. Софистерді мынадай топтарға жіктеу қабылданған:
  • 1.Аға софистер (б.з.д V ғ. ) – Протогор, Горгий, Антифонт, Критий, Гипий, Продик.
  • 2.Кіші софистер – Ликофрон, Алкидамант, Трассимах.

Софистерге тән сипат

  • Қоршаған дүниеге сыни қатынас;
  • Барлық нәрсені, процесті іс жүзінде тексеруге ұмтылыс, қандайда болмасын ойдың дұрыс не бұрыс тығын логикалық тұрғыда дәлелдеуге ұмтылыс;
  • Ескірген дәстүрді мәдениет негіздерін қабылдамау;
  • Сүйетінін негізі жеткіліксіз көне дәстүрлерді, дағдыларды ережелерді терістемеу;
  • Мемлекет пен құқықтың шарттылығын, олардың жетілмегендігін дәлелдеуге ұмтылыс,
  • Моральдық нормаларды абсолютті деп емес, сынау, жетілдіру объектісі ретінде қабылдау;
  • Пікірлер мен баға берудегі субъективизм;
  • Объективті болмысты терістеу және барлық нәрсенің тек адам ойында тіршілік етуге талпыныс.

Аристотель немесе Ликей мектебі

  • Александр таққа отырған 335 ж 50жастағы Аристотель Афинаға қайта оралып, өзінің философиялық мектебін – Ликейді(лицейді) ашады. Мектеп Ликейлік Апполонға арналған шағын орманда орналасқандықтан Ликей атанды. Ликейдегі дәрістер серуендей жүріп өтілетін болғандықтан Аристотель шәкірттері және оның жолын қуушылыр «перипатетиктер» (серуендеушілер ) атанады.

Эпикурлік мектеп

  • Эпикуреизмді, тұтас алғанда, эллиндік дәуірдің атомизмі деп атауға болады.(Алайда Эпикурдің өзі Демокрит ықпалын ешқашан мойындамаған). Негізін қалаушы – Эпикур(б.д.д 342/341-270/271).
  • Философияның басты мақсаты бақытқа жету.
  • Эпикур ілімі-ежелгі Гректердің соңғы ілімі де, стоицизм- Ежелгі римдіктердің басты ілімі. Эпикур ілімінің басты ерекшелігі – оның бұл дүниелік игіліктерге қатынасында:Эпикур оларды қажетсінбейді емес және, сонымен қатар, оларды алдыңғы орынға қоймайды да. «Бір сәттік рахат», «қазір болса болды, кейінгісін көре жатармыз» қағидасы емес Эпикурдің қлайтыны –тұрақты, біркелкі таусылмас ләззат. «Ол оның ішкі жан дүниесінде қатты қайраңға ұрған тынық теңіздей толқиды». Мұндай ләззат – тән саулығы мен жан тыныштығынан тұрады. Сондықтан Эпикур түсінігіндегі бақыт-түкке тұрғысыз наным-сенім мен үрей-қорқыныштан азат болу.
  • Ғылымдарды классификациялау.
  • Эпикур ғылымдарды физикаға, гносеологияға және этикаға бөледі. «Жаратылыстанусыз мамыражай рахат –ләззат алу мүмкін емес» деп тұжырымдайды Эпикур, «табиғатты зерттеудің қажеттілігі осыдан туындайды»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет