- Киниктер-ежелгі грек философиясының Сократтық кезеңіндегі (б.д.д 4 ғ) мектептердің бірі.
- Негізгі өкілдері: Антисфен, Синоптық («бөшкедегі») Диоген, Кратет
- Мектептің атының шығу тегі екі түрлі:
- 1.Антисфеннің Афинадағы Киносар қыратында орналасқан философиялық мектебінің орны.
- 2.Диогеннің лақап атының бірі(«кинос»- «ит»)
Киниктер өмір салты мен философиясының жалпы сипаты - Шексіз, асоциалды-қоғамнан тыс бостандықты дәріптеу, сыртқы дүниеге(қоғам, мемлекет, отбасы, үй-жай,дүние-байлық т.б) тәуелсіздікті мақтаныш тұту
- Әлеуметтік байланыстардан шектеу, ерікті жалғыздық: «Қауымсыз! Үйсіз! Отансыз!» қағидасы бойынша тіршілік кешу(Синоптық Диоген)
- Шектен шыққан аскетизм: тәндік жұтандықты, рухани жарлылықты уағыздау
- Бедел атаулыны мойындамау
- Патриотизнің болмауы, кез-келген қоғамда сол қоғамның заңдарымен емес әрбір адамның тек өз қағидаларымен өмір сүруі
- «Әлем азаматы » болу(Космопотилизм)
- Табиғат заңынан басқа ешбір заңды мойындамау
- Радикализм, парадоксалдылық
Стоялық мектеп - Киниктер идеясының дамуына жауап ретінде стоя философиялық мектебі (б.з.д 300 жыл) қалыптасты және дамыды.
- «Стоя» - Афинада осы мектептің идеялары насихатталатын орынның – портиктің (үй алдында тіреуімен көтерілген, төбесі жабық, қабырғасыз қалқа) аты.
Стоиктер ғылымды жұмытқамен немесе бақшамен салыстыра отырып, барлық ғылымдарды үшке: логикаға, физикаға(натурфилософияға) және этикаға бөледі. - Стоиктер ғылымды жұмытқамен немесе бақшамен салыстыра отырып, барлық ғылымдарды үшке: логикаға, физикаға(натурфилософияға) және этикаға бөледі.
- Стоицизм философиясындағы ғылымдар классификациясы:
- Логика- бақшаның қақпасы, ал оның ағашы- физика, ағаштардағы жеміс – этика. Немесе, жұмыртқаның қабығы- локика, жұмыртқаның ағы-физика, сарысы-этика
- Логика адасушылыққа жол бермей, философқа лайық білім беріп, ойлауға үйретеді, сондықтан логиканы білу қажет. Ал табиғатқа сәйкес өмір сүру үшін физиканы білу қажет. Этика бізді адамға лайықты тәртіпке үйретеді, сондықтан ол жоғарғы ғылым.
- Космология және космогония
- Дүниенің өзіндік дамуы циклді түрде іске асады. Әрбір цикл Әлемдік Өртпен аяқталады-бүкіл тіршілік өртеніп, дүние өртке айналады. Жаңа циклдің басында творчестволық от (барлық заттардың ұрығы бар логос) өзінің боынан төрт стихияны, ал ол төртеуінен- дүниедегі барлық денелерді жаратады.
Достарыңызбен бөлісу: |