Негізін қалаушы: Плотин немесе оның ұстазы Аммоний деп саналады.
Көрнекті өкілдері; Аммоний Саккас 175-242ж.ж
Плотин 205-270ж.ж
Порфирий 232-301ж.ж
Ямвлих 28/0-330ж.ж
Прокл 410-485ж.ж
Неоплатизмде Платонның тәндік-сезімдік дүние мен сезімнен жоғары әлемді қарсы қоюы шегіне жеткізіле дамытылды. Басты назар ақылдан және болмыстан жоғары түпнегіз туралы дүниеге бөлінеді. Платон сияқты неоплатинестер де бастапқы түпнегіз.
Философиялық көзқарастары
Біртұтас-Игілік деп санады. Ол ақылмен танылмайды ақылдан жоғары жоғары экстаз күйінде. Оның қандай екені туралы айту мүмкін емес – оның қандай еместігі туралы айтып терістеуші анықтамалар арқылы сипаттауға ғана болады.
Біртұтастың – (Игіліктің), Плотин сөзімен айтқанда ешқандай кемшілік жоқ ештеңені қажет етпейді. Біртұтас уақыттан тысқары, ол ештенеге ұмтылмайды, әрдайым мәңгі тыныштық күйді. Ол өзін өзі таным процесінсіз-ақ таниды. Өйткені ол үшін білімсіздіктен білімге көшу деген жоқ.
Біртұтас – Игілікті Плотин Күнмен салыстырады. Күннен сәуле тарағаны сияқты, біртұтас- Игіліктен эмоция арқылы идеялары (ұғымдары) бар Болмыс – Ақыл (Нус) туады. Осылайша бір жағынан, Ақыл – көптеген идеялары бар жиынтық болса, екінші жағынан, Ақыл біреу-ақ. Ақыл уақыттан тыс тіршілік етеді, өзін-өзі таниды және өз мазмұнын – идеяларды ойлай отырып, оларды жаратады. Бұл процесс ең жалпы идеялардан (болмыс, қозғалыс пен тыныштық, тепе-теңдік пен айырмашылық) басталып, олардан барлық басқа нәрселер туып жатады.