Ежелгі Грек философиясы — Ежелгі грекияда б.з.д. VI-ғ-дан басталып, негізінен ІV-ғ. дейін (Рим Империясында) мың жылдан артық жалғасқан антикалық философия дәстүрі.
Ежелгі грек философиясы Кіші Азияның батыс жағалауында, Ионияда, Оңтүстік Италияның грек қалаларында, Сицилия аралдарының қала-мемлекеттерінде сондай-ақ әсіресе Афина қала-мемлекетінде дамыды.
Ерекшеліктері
Грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды.
Грек философиясы өзінің рухани бай мазмұнымен, жүйелі дамуымен антикалық өмірдің басқа салаларынан әлдеқайда асып түсті.
Грек философиясының пайда болуына және дамуына сол кездегі грек қоғамының саяси, экономикалық, географиялық ерекшеліктері және грек халқының ұлттық ерекшеліктері айқындаушы әсер етті.
Толыққанды өмір адамдардың бойында еркін ойлау дәстүрін қалып-тастырды, демократияның отаны болған Грекияда аса жарқын филосо-фиялық ойлар дамыды, философиялық пайымдау жүргізушілер саны да өте көп боды.