Даму кезеңдері
Ежелгі Грек философиясының дамуы салыстырмалы түрде үш кезеңге бөлінеді:
Сократқа дейінгі философия кезеңі (б.з.д. VI-б.з.д.IV ғғ), Бұл кезеңде табиғат философиясы (натурфилософия) көзқарастары басым болды. Милет мектебі, Элей мектебі, Пифагоршылдар, Софистер, атомистер қатарлылар бұл дәуірдегі басты мектептер болды, олар дүниенің алғашқы бастауы мәселесін, тұрақтылық пен өзгерістің, бір мен көптің байланысын көбірек талқылады.
Классикалық грек философиясы кезеңі (б.з.д. IVғ). Бұл кезеңде Сократ, Платон, Аристотель үшеуі ежелгі Грек философиясын аса биік деңгейге көтеріп, зерттеу өрісін кенейтті, ғылымның негізі қалады. Онда адам мәселесі, физика, метафизика, этика, логика, саясат, табиғат эстетикасы мәселелері терең зерттелді.
Римдік-эллиндік кезең, яғни Эллинизм философиясы және ежелгі Рим философиясы кезеңі (б.з.д. ІІІғ соңы мен ІІІғ басы). Грекияның ыдырауы, грек демократиясының құлдырауы, грек қала-мемлекеттерінің саяси тәуелсіздігін жоғалтуы бүкіл грек қоғамының рухани өмірінде, және философия мен сын мәдениетінде дағдарыс туғызды. Осы кезеңде философияда өмірдің мәні, өмір және өлім мәселелері көбірек зерттеліп, киниктер, скептицизм, эпикуреизм, стоицизм бағыттары дүниеге келді.
Грек философиясы мен мәдениетінің өркендеген жері грек жері емес, Жерорта теңізі жағалауындағы елдер. Бұл елдерді бір кезде гректер жаулап алған болатын. Милет, Самос, Абдер сияқты қалалар Жерорта теңізіне жақын болып, оларда сауда-саттық және экономикалық қатынастар кеңінен өркендеді. Сондықтан бұл қалаларда ірі мәдениет ошағы, философиялық орта пайда болып, дами бастады. Алғашқы грек философиялық мектебі Милет қаласында пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |