Римдіктердің басты құдайы Юпитер еді. Ол Оптимус Максимус, яғни ең жақсы да ең ұлы деп аталатын және жел, жауын, найзағайдың құдайы саналатын. Юпитердің қарындасы әрі жұбайы Юнона әйелдердің өмірінің барлық саласын қадағалайтын ай құдайы болып есептелетін. Ал қызы Минерва болса, қол өнері, кәсіп, бейнелеу өнері жәнесоғыс құдайы саналатын.