Ежелгі грек қоғамының және Рим империясының кезеңдердегі дамуы.
Ежелгі Грекия немесе Эллада гр. Ελλάδα) — б.з.б. III м.ж. - б.з.б. I ғасырына дейін болған ежелгі грек мемлекеттері жерінің жалпы аты; Балкан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңіздегі аралдарды, Фракия жағалауын, Кіші Азияның батыс өңірін ала орналасқан.
Ежелгі Грекия картасы
Дінтану көне грек мифологиясының дамуын үш кезеңге бөледі. Олар хтон немесе олимпке дейінгі кезең, классикалық немесе олимп кезеңі және бертмді немесе героикалық кезең.
Дінтану көне грек мифологиясының дамуын үш кезеңге бөледі. Олар хтон немесе олимпке дейінгі кезең, классикалық немесе олимп кезеңі және бертмді немесе героикалық кезең.
Бірінші хтон кезеңіндегі мифтік ұғым бойынша бүкіл әлемнің, барлық тіршіліктерінің негізгі, әрі арнасы –асыраушы ұлы Жер ана. Мифология бойынша жер тіршілік белгілері бар. Олар қоршаған ортадан, адамның өзінің қимыл-әрекеттерінен, мінез-құлықтарынан көрініс береді. Бұл кезеңдегі мифологияның басты кейіпкерлері-Медуза, Химера, Гидрад.