ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Ежелгі Греция өркениеті Орындаған: 2 курс студенті Нұртас Ж.А.
6B01511-География-Тарих
Жоспары:
1 Өркениеттік кезеңдер шекарасы.
2. Метрополия – «ана қаласы».
3. Грек қоғамдастығы – полистердің рөлі.
4. Өркениеттің екі орталығы – полистерді дамыту жолы.
5. Ежелгі грек полистерінің мәдениеті.
6. Өркениеттің соңғы кезеңі: эллинизм дәуірі.
Ежелгі Грекия немесе Эллада — б.з.б. III мыңжылдықтан б.з.б. I ғасырына дейін болған ежелгі грек мемлекеттері жерінің жалпы аты; Балкан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңіздегі аралдарды, Фракия жағалауын, Кіші Азияның батыс өңірін ала орналасқан.
Тарихшылардың көбісі Ежелгі Грекияны батыс өркениетінің негізін салушысы ретінде қарастырады. Ежелгі Грекия өркениетіәлемдік демократияның отаны ретінде, батыс философияның, архитектураның, мүсіндеменің, поэзияның, театрдың және ғылымдардың негізгі принциптерінің негіздеуші, Олимпиады ойындардың бастаушысы болып есептеледі. Грек мәдениеті Рим империясының мәдениетінің дамуына, яғни жалпы еуропалық мәдениетінің дамуына үлкен әсер еткен.
1. Крит–Микен немесе Эгей өркениеті кезеңі б.э.д. II мыңжылдықтар
2. Гомерлік кезең б.э.д. XI – VIII ғғ
3. Архаикалық кезең б.э.д.VIII ғ. ортасы мен VІ ғасырдың соңы
4. Классикалық Грекия кезеңі б.э.д. V – IVғғ
5. Эллиндік кезең б.э.д. III – Iғғ
Грек мәдениетінің кезеңдерге бөлінуі: Полис — қала-мемлекет, Ежелгі Грекия мен Римге тән қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ұйымдарының ерекше түрі. Полис жері қала аумағынан, оның айналасындағы халқы егіншілікпен шұғылданатын мекендерден құралды. Мемлекеттік аппараты халық жиналысынан, кеңестен және сайланып қойылатын түрлі қызмет адамдарынан (магистраттардан) тұрды. Халық жиналысы билеушінің мемлекетті басқару құқын қамтамасыз етіп отырды. Полистер олигарх. (мыс., Спарта) немесе демократиялық (мыс., Афины) түрінде болды. Спарта егіншілік Полиске, Коринф сауда-қолөнері Полисіне жатты. П. Грекияда б.з.б. 4 ғасырдың басында, Римде б.з.б. 3 — 1 ғасырларда дағдарысқа ұшырап, жойылды.
Б. з. б. VIII-VI ғасырларда жүзден астам полистер пайда болған. Әр полистің кұрамына қала мен оның айналасындағы елді мекендер, бай егіншілердің үй жайы, егін алқаптары, жайылым-шабындықтары, зәйтүн бақтары мен жүзімдіктері енді. Қала-мемлекеттердің өз өкіметі, әскері мен қазынасы және өз ақшасы да болған. Оларды шонжарлар басқарды.
Қала-мемлекеттердің ішінде Афины мен Спартаның күш-қуаты мол болды. Коринф бай қала-мемлекет болып есептелінді. Ал Милет ең әдемі және ең әсем қала деп саналды.
Афины Спарта Афины мемлекеті Аттикада орналасқан. Аттиканың батыс бөлігінде кең-байтақ жазық дала бар, жазықта күз жартасты төбелер кездеседі. Осы жазықта б. з. б. II мыңжылдықта Афины қаласы пайда болған.
Афины мемлекеті Төбенің биік басына берік тас қорғандары бар қамал салынған. Оны акрополь деп атаған. (Акрополь — грек сөзі, «үстіңгі қала» — қаланың орталық бөлігі). Оның айналасында афинылықтардың үйлері орналасқан. Афинының халқы жау шабуыл жасағанда берік қорған акропольге келіп паналаған. Аттиканың барлық тұрғындарын оның басты қаласының атына орай афинылықтар деп атаған.
Ежелгі Спарта. Спарта мемлекеті Балкан түбегінің оңтүстік бөлігіндегі Пелопоннес аймағында орналасқан. Б. з. б. XII ғасырда Оңтүстік Грекия жеріне дорийліктер басып кірген. Олар Лакониканы жаулап алып, Спарта мемлекетінің негізін қалаған. Спарталыктар бірте-бірте осы аймакты жаулай бастаған. Б. з. б. VII ғасырдың ортасыңда Мессения алкабын да басып алды.