Оқытудың дидактикалық принциптері:
білімді игеру беріктігінің, ғылымилық пен жүйеліліктің, дағдылар мен біліктіліктердің, тәрбие мен дамудың, оқудың бірлігі
Мақсат дегеніміз:
оқытудың межелік нәтижесі
Әдістемелік зерттеудің негізгі екі әдісі:
бақылау және эксперимент
Педагогикалық үрдісті қайта құруға негізделген ғылыми тәжірибе:
эксперимент жасау
Белгілі бір құбылысты баяндау немесе белгілі бір іс-әрекеттегі басқарушы идея:
білім стандарты
Базистік оқыту жоспары:
мектеп үшін нормативтік құжат
МЖБС-бұл:
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
Қазақстан Республикасының Білім беру министрлігі Қазақстан тарихының жеке курсының бағдарламасын бекітті:
1992 жылы
«Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы» қабылданды:
1994 жылы
«Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастырудың
тұжырымдамасы» қабылданды:
1995 жылы
«Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасы» қабылданды:
1996 жылы
1995 жылы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңесте бекітілді:
«ҚР тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы»
«Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасының» мақсаты:
Мемлекеттік саясаттың тарихи сананы қалыптастырудағы негізгі басымдықтарын айқындау
Жаңартылған білім беру бағдарламасының мәні:
оқушының функционалды сауаттылығын қалыптастыру, алған білімін өмірде қолдана білуге баулу
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу бағдарламасының білім мазмұны:
хронологиялық реттілікпен берілген (көне дәуірден бүгінгі күнге дейін) және әлеуметтік қатынастардың дамуы, мәдениеттің дамуы, мемлекеттің дамуы, экономикалық даму бөлімдерін қамтиды
Жаңартылған білім мазмұны бойынша «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндерін оқыту ұсынылады:
тарихи түсініктер негізінде
Жаңартылған білім мазмұны бойынша «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндерін оқыту келесі түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:
өзгеріс және сабақтастық себеп-салдар мен дәйек; ұқсастық пен айырмашылық; маңыздылық; интерпретация
Негізгі орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында 5-6 сыныптардағы «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері мазмұнының жаңа құрылымы (сыныптар бойынша тарихи кезеңдерді бөлу) ұсынылады:
шамамен 2 млн жыл бұрын–V ғасыр; V-XVII ғасырлар
Негізгі орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында 7 сыныптағы «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері мазмұнының жаңа құрылымы (сыныптар бойынша тарихи кезеңдерді бөлу) ұсынылады:
XVIII-XIX ғасырлар
Негізгі орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында 8-9 сыныптардағы «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері мазмұнының жаңа құрылымы (сыныптар бойынша тарихи кезеңдерді бөлу) ұсынылады:
XX ғасырдың бірінші жартысы; XX ғасырдың екінші жартысы– бүгінгі күнге дейін
Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшелігі:
спиральді қағидатпен берілуі
Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» атты еңбегінде қарастырылған:
Спиральді қағидат бойынша құрылған білім беру бағдарламасы
Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының ерекше сипаттары:
оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды, әрбір қайталап оқыған сайын оның күрделілігі арта түседі, жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады
Спиральді білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктерінің бірі:
Блум таксономиясының оқу мақсаттарының иерархиясы
Сыныптық-сабақ:
Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы
Сабақтың дамытушылық мақсаты:
тарихи материалдармен жұмысқа қажетті іскерлік пен дағдыны анықтау
Сабақтың тәрбиелік мақсаты дегеніміз-бұл:
оқылып отырған фактіге байланысты көзқарас, сезімдер
Білім алушының білім сапасын бағалау, олардың оқу пәнін меңгерудегі жетістіктері:
пәннің мазмұны
Тарихты мектепте оқытудағы негізгі зерттеу әдісі болып табылады:
бақылау
Негізгі материалға жатады:
Теориялық
«Критериалды бағалау» терминін алғаш рет қолданған:
Роберт Юджин Глейзер
Білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс:
Критериалдық бағалау
Мектеп оқулығының негізгі құрылымдық компоненттері:
мәтіндік және мәтіннен тыс компоненттер
Оқулық болып табылады:
оқытудың басты құралдарының бірі
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы:
Жалпы білім беру және кәсіптік білім беру
Білім мазмұнын белгілейтін мемлекеттік құжаттар:
ЖОМББС, оқу бағдарламасы
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламалары қолданылды:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «26» шілдедегі № 334 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
«Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасының» міндеттері:
Тарихи ілім-білімнің негізгі нысаналарын анықтау; Тарих ғылымының өтпелі кезеңдегі басты проблемалары мен оны шешудің ықтимал бағдарларын айқындау
Критерийлер дегеніміз:
оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі
«Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасының» басты бағыттары:
«Тарихи білімнің негізгі басымдықтары»; «Тарих ғылымының проблемалары»; «Тарихи білім беру мен ағарту ісінің келешегі»
2020-2025 жылдарға арналған Білім мен ғылымды дамытудыңмемлекеттік бағдарламасында белгіленген басым бағыттар:
Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Негізгі орта білім беру деңгейінде тарихты оқыту бағытталады:
Білім алушыларда тарихи сананы, толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсетуге; ойлау, коммуникативтік және зерттеу дағдыларын дамытуға; қазақ халқының мәдени және тарихи мұрасының құндылығы мен ерекшелігін түсіну
ҚР мектептерінде тарих пәні окушының келесі құндылықтарды меңгеруіне көмектеседі:
Этномәдени, адамзаттық, жалпыұлттық
Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартына сәйкес «Адам және қоғам» білім беру саласының мазмұнын құрайды:
Өзін-өзі тану; Жалпытарих; Қазақстан тарихы
Қазіргі мектептік тарихи білім мазмұнын өзгертудің негізгі бғыттары:
Тарихи процесті оқып үйренуге фомациялық және өркениеттік тұрғыдан қарауды оңтайлы ұштастыратын тарихты оқып үйренудің негізгі әдіснамалық тұжырымдамасын жсау; Қазақстан тарихын жне дүниежүзілік тарихты оқытудың қатар жүруі және сабақтастығы
Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты:
Білім мазмұнының жаңаруы; критериалды бағалау жүйесін енгізу; оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
Мектепте оқыту сапасын жоғарлату; өзін-өзі бағалауға баса назар аудару; мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру
Критериалды бағалаудың міндеттері:
Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтау; бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті; жеке оқушының даму жетістігін бақылау
Критериалды бағалаудың практикалық маңызы:
Тек қана оқушы жұмысы бағаланады және орындалған жұмыс алдын ала белгілі үлгімен (эталонмен) салыстырылады
Критерий арқылы бағалау мүмкіндік береді (мұғалімдер үшін):
сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құруға, өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға, оқу үрдісінің сапасын жақсартуға, әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың траекториясын құруға мүмкіндік береді
Критерий арқылы бағалау мүмкіндік береді (оқушылар үшін):
Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға; өзінің білімін көрсетуге; табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге, өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге
Критерий арқылы бағалау мүмкіндік береді (ата-аналар үшін):
Оқушының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға, оның оқуындағы табыстылықты бақылауға, оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады
Жоғары сыныпта Қазақстан тарихы бойынша өңірлік компонент келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
Туған жер тарихын Қазақстан тарихы материалдарымен өзара байланысын ескере отырып тұтас қабылдауын қалыптастыру; қазақстандық бірегейлікті, дүниетанымдық ұстанымдарды тәрбиелеу; өлке тарихын зерделеу, өлкетанулық зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту
Жаңаша білім беру бағдарламасы маңызды құжаттардан тұрады:
бағдарлама, ұзақ мерзімді жоспар, орта және қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар:
оқу бағдарламасының жалғасы, негізгі оқу мазмұнын қамтиды, білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды
Пәннің негізгі мазмұны нақтыланады:
Ұзақ мерзімді жоспарда
Орта мерзімді жоспар көздейді:
Бағдарламаның барлық жеті модулін кіріктіріп, сыныптағы оқыту тәжірибесінде оқу бағдарламасын тізбектелген сабақтар топтамасы арқылы меңгертуді
Орта мерзімді жоспарлауда болуы тиіс:
тақырып, мақсаты, оқытудың нәтижесі және тізбектелген сабақтар соңында мұғалімнің рефлексиясы
Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарының тақырыбы сай болуы тиіс:
пән бойынша оқу бағдарламасының бөлімдеріне
Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарының мақсаты:
пән аясында, пәндік, шынайы жүзеге асыра алатындай оқу бағдарламасына сай оқушылардың жүйелі іс-әрекеттері мен тұлғалық нәтижелеріне сай, оқытудың барлық кезеңдерінде мақсатқа сай оң динамиканы қамтамасыз ету болып табылады
Тізбектелген сабақтардың орта мерзімдік жоспарындағы жеке сабақтың оқыту мақсаттары анықтайды:
мұғалімнің оқушыларға нені үйретуге ұмтылатынын
Сабақ берудің және оқытудың мақсаттарында мынадай сұрақтар қамтылуы тиіс:
Сіздің көзқарасыңыз бойынша оқушылар қандай білімді меңгеріп, қандай түйінді идеяларды түсінулері тиіс?
Сабақ мақсаты:
оқу мақсаттарының негізінде жасалады, оқушылардың сабақ нәтижесінде (40 минуттан кейін) үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі
Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттері:
сабақтың тақырыбын анықтау; әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу, түрлі әдіс-тәсілдер қолдану; түрлі жұмыс түрлерін дайындау
Оқушылардың әрекеттері белгіленеді:
Блум таксономиясының деңгейлері бойынша
Білім алушының жауабын мұғалім сараптай алады:
материал күрделі, мұғалім уақытты үнемдейді
Білім берудің түпкі нәтижесі:
нәтиже, білім
Сабаққа дайындық басталады:
бағдарламаны оқудан, сабақ жоспарын жасаудан
Сабақты тақырыптық жоспарластыру:
сабақтарды тарихи және қисынды байланыстарына, оқу типі мен түрлеріне қарай жүйеге топтастыру; пәннің бағдарламасындағы тақырыптардың мазмұнын мұғалімнің бірнеше сабақтарға бөлуі
Оқылған материалды бекіту әдістері:
әңгіме, оқулықпен жұмыс
Оқу пәнін меңгерудегі білім алушының білім сапасын бағалау, олардың оқу пәнін меңгерудегі жетістіктері:
тексерудің негізгі міндеті; тексеру барысындағы бағалар
Оқушы мен мұғалімнің оқудың жекелеген міндеттерін шешуге бағытталған алдын-ала келісілген әдіспен атқарылатын нақты іс-әрекеттер:
оқу тәсілі; білім алушының іс-әрекеті
Тарихи білім құрылымының бірінші құрамдас бөлігі:
тарихи түсініктер; тарихи ұғымдар
Оқушының танымдық іс-әрекеттері екі негізгі түрге бөлінеді:
еске түсіру және шығармашылық
Жүйелі-әрекеттік жолмен сабақ өткізудің тиімділігі келесідей критерийлермен бағаланбайды:
сабақта оқудың көрнекілік әдісін пайдалану; сабақтарда оқушылардың белгілі бір біліктері мен дағдыларын дамыту мақсатында ғылыми жобаны қолдану
Оқыту әдістері:
Оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының өзара іс-әрекеті; оқу материалын ұйымдастыру тәсілі
Оқу үрдісіндегі тарихи білім категорияларына жатады:
Оқиға, құбылыс, факт
Тарихты оқытуда көрнекі құралдарды мазмұны және тарихи бейнелік сипаты бойынша топтау:
Бейнелеу, шартты-графикалық, заттық
Тарихи білім категориясы ретінде құбылыс:
Нақты фактіге қатынасы жоқ; орны мен уақыты көрсетілмейді, шектелген; жалпы түсінік
Сабақтың пысықтау және жаңа материалды саналылықпен меңгеру кезеңі:
Жоғары сыныптарда хрестоматияда берілген құжатттар бойынша сұраққа жауап әзірлейді
Сыни ойлау технологиясының міндеттері:
Қызығушылықты ояту; жаңа ақпарат кездескенде оған сыни түрде қарай білу; жаңа идеяларды әр түрлі көзқарастардан көре білу
Қазақстанда білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін зерттеушілер:
Ш.Т.Таубаева, К.Бұзаубақова, Ж.А.Қараев
Педагогикалық технологияға қатысты «Инновация» терминінің мағынасы:
«Реформалау», «Жаңалық ендіру», «Жаңалық»
Инновациялық педагогикалық технологияның негізін құрайды:
Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту; әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білуі; өз бетінше жүмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту
Қазақстан тарихының оқыту әдiстемесiнiң пәнi:
тарихты оқыту процессi
Қазақстан тарихы мектеп курсының негiзгi ұғымдары:
тарихи
Кейс-әдіс (Саse study) әдісі:
Экономикалық, элеуметтік, тұрмыстық немесе басқа да күрделі жағдайлардың сипаттамаларында қолданылатын білім берудің техникасы; құрамына жүйелік талдау, күрделі әдіс, ой тәжірибесі, сипаттау, пікірталас әдістері кіреді
Проблемалық оқыту технологиясы:
Логикалық ой-өрісі дамиды; ақыл-ой қызметінің тәсілдері дамиды; қорытынды жасай білуі қалыптасады
Оқыту құралдары құрылымына байланысты екіге бөлінеді:
Материалдық құралдар; оқытудың идеалдық құралдары
Жалпы көрнекіліктер мазмұнына қарай бөлінеді:
Пәндік, бейнелеуші және шартты-графикалық
Ынтымақтастық технологиясы:
Тұлғаралық қатынастарды байланыстыра отырып, оқушылардың өз пікірлерін негіздей алуға, басқалардың ойларын сыни тұрғыдан қабылдауға үйрету; жалпы қарым-қатынас мәдениетіне үйрету
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы негізделеді:
Оқушының өз білімін өзі бағалай білуіне; баға әділдігіне; білім көрсетудің әділ сайысына
Проблемалық оқытудың жалпы міндеттері:
Оқушылардың білім жүйелері мен ақыл-ой және практикалық қызмет тәсілдерін меңгеруі; танымдық дербестігі мен шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту
Тірек белгілері (сызба, сигналы) арқылы оқыту технологиясының ерекшелігі:
үнемі қайталау; ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал; ізгілік