Ежелгі Үндістан: Буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің салтанат құруы



бет2/3
Дата16.10.2022
өлшемі49,71 Mb.
#153336
1   2   3
Байланысты:
СОӨЖ Буддизм және Индуизм

Брахманизм

  • Үндістанда алғаш әртүрлі құдайларға сену кең таралды. Солардың ішінде аса дәріптеліп, кең таралғаны Брахма атты құдайға сену болды. Бұл брахманизм діні деп аталды. Ол дінді уағыздаушылар мен таратушылар брахмандар еді. Олар қоғамды жабық топтарға бөлді. Өздерін басқалардан жоғары қойды. Бұл патшаларға да, төменгі топ өкілдеріне де ұнамады. Олар жаңа діндерді ойлап шығарды.

Буддизмнің қалыптасуы

  • Халық арасында кең қолдау тапқаны Буддаға табыну болды. Оны негіздеген Сиддхарда атты патшазада деп есептеледі. Ол жас кезінен бастап-ақ адамдардың қайғы-қасіреті туралы көп ойланыпты. Ақыры патшалық биліктен бас тартып, ел кезіп кетеді. Адамдар жақсылық пен еркін өмірге қалай қол жеткізе алады деген мәселені көп ойлайды. Өзінің ой-пікірлерін ел арасында жүріп таратып, түсіндіреді. Аса білгірлігі үшін оны халық «Будда» - «жарық сәулелі» деп атап кеткен екен.

СИДДХАРТХА ГАУТАМА
«Будда» ілімі мен оның өмірі туралы пікірлер мен көзқарастар жиналып, үлкен дінге айналды. Бұл жаңа дін - буддизм деп аталды.

Буддизм, ең алдымен, брахмандардың өктемдігіне қарсы болды. Жабық топтар - варналар туралы көзқарастарды дұрыс емес деп есептеді. Варналық жіктелуді мойындамады. Бұл брахмандардың өктемдігін жүргізетін іліміне соққы болып тиді.

  • Буддизм, ең алдымен, брахмандардың өктемдігіне қарсы болды. Жабық топтар - варналар туралы көзқарастарды дұрыс емес деп есептеді. Варналық жіктелуді мойындамады. Бұл брахмандардың өктемдігін жүргізетін іліміне соққы болып тиді.

Нирвана түсінігі

  • Адамдардың бақытсыздығы олардың тілегінен туады. Адамның жүрегі тілектерге, мақсаттарға толы. Оларға жету оңай емес. Сондықтан да адамдар қасірет шегеді, қиындыққа кездеседі. Құмарлық пен тілектерден бас тартқан адам «нағыз рақат» өмірге ие болады. Сондай адамдар өлгеннен кейін басқаша түрге еніп қайта тіріледі. Бұл адамдар жаңа өмірінде азап шекпейтін болады дейді. Буддалық монахтар тек діни ілімді уағыздаумен ғана өмір сүрді. Өмірдегі басқа барлық дүниеден бас тарта отырып, «нағыз рақат» өмірге - нирванаға жетеміз деп есептеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет