Ежелгі үнділерде алғашқы қауымдық дін түрлері кең таралған. Оны бізге жеткен Веда кітаптарынан білеміз. Күнге сиынды. Күнді Сурия құдай деп атады. Аспанды - Веруна, отты - Агни, күннің күркіреуін - Индра атты құдайлар деп сенді. Әсіресе тотемдік түсініктер кеңірек таралды. Сиырды, маймылды қасиетті жануарлар деп есептеді. Оларды қастерлеп, құдай текті деп санады. Бұл түсінік Үндістанда бүгінге дейін сақталып келеді. Ежелгі үнділіктер тіпті кейбір өсімдіктер мен гүлдерді де қасиеттеп, құрметтеді.
Индра
Агни
Веруна
Индуизм
Индуизмнің негізі б.з.б. I мыңжылдықтың басында Үнді өзені бойында қаланған. Б.з.б. I мыңжылдықтың ортасында жаңа діни түсініктер шықты. Бұл кезеңде әлеуметтік жіктеліс те тереңдей түсті. Әлеуметтік топтар айқындала бастады. Олар индуизмнің әлеуметтік негізіне айналды.Соның барысында бір құдайға табыну басталды. Ол индуизм діні болып шықты. Индуизм - құдай әртүрлі бейнеде болады деп есептейтін діни түсінік. Адам өзіне қайсысы жақын, сол бейнеге сиына беруіне болады. Бірақ құдайдың басқа бейнелеріне сиынуға құрметпен қарауы қажет деп санайды.
Сондықтан да болар индуизмде Шива құдайға және Вишна құдайға табыну кең таралған. Бұлар индуизмнің екі бағыты деп те саналады. Бұлармен қатар Брахма қудайға да табыну сақталған. Сол себепті де Үндістанда индуизмдегі осы басты үш құдай бірге бейнеленген мүсіндер жиі кездеседі. Оны индуизмдік үштік – Тримурти деп те атайды.ІV-VI ғасырларда Гупталар әулеті билігі тұсында индуизм елдегі басым дінге айналды.