-Тұрақтары: Орталық Қазақстанда – Семізбұғы, Батпақ, Қарабас,
Ангренсор; Шығыс Қазақстанда – Бұқтырма мен Шүлбі; Оңтүстік
Қазақстанда – Ащысай; Жетісуда – Майбұлақ;
Тұрақтар ішінен ең көрнектісі – Батпақ, мәдени қабаты жер бетінен 6
метрдей
тереңдіктен табылған, жас мөлшері б.з.б.30-25 мыңжылдықтар,
барлығы 300-ге жуық тас құрал шықты.
-Кейінгі палеолитте адам баласы дамуының жаңа кезеңі болды, ұжымдасып
еңбек етуі барысындағы қарым-қатынас тілдің дамуына ықпал етті, ойлау
мен тіл арасында тығыз байланыс орнап, мидың дамуын күшейтті. Осыдан
40-30 мың жыл бұрын «саналы адам» қалыптасты.
Оның қаңқасы
Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылған. Ол тік жүрді, анық сөйледі.
-Бұл кезеңде адамдар тобы бірте-бір туысқан ұжымдар – рулық қауымға
айналды. Әр руда бірнеше ондаған рулас адам болды.
Алғашында рулық
қауымда аналардың ұжымдағы жұмыстардың көпшілігін атқаруына
байланысты, аналардың үстемдігі жоғары болды.
Рулық қауым өз
аумағында мекен етті, барлық мүшелері
өзара тең болды, жер, баспана,
еңбек құралдарына бәріне ортақ саналды.
Ру ішіндегі мәселелерді – жалпы жиналыста шешті. Жалпы жиналысқа
барлық ересек адамдар қатысты. Өз пікірін білдірді.
Жалпы жиналыс
ақсақалдарды сайлады. Ақсақалдар даулы мәселелерді шешті,
аң аулайтын,
мал жаятын жерлерді бөліп берді.
-Кейінгі тас дәуірінің соңына қарай, осыдан 13 мың жыл бұрын мұздықтар
ери бастады. Ауа райы жылына бастады. Ірі аңдар жойыла бастады.
SUMMARY