Екі бөлімді драма Қатынасушылар



Дата15.09.2017
өлшемі203,04 Kb.
#33780
Дулат Исабеков

Әпке


Екі бөлімді драма
Қатынасушылар:

Қамажай – Оспанова Камила

Омар(інісі) – Сұлтанов Қаныш

Темірбек(інісі)- Досжан Әсет

Нәзила(сіңлісі) - Қанат Ақбота

Гауһар(Нәзиланың құрбысы)-Өмірханова Әйгерім

Сұлтан(Тимурдың досы)- Аханов Данияр

Кәмилә - Абдраман Татти

Светлана –Әбдіғамит Жаңагүл

Көрші әйел-Ораза Әлия

Ермек-
Бірінші бөлім

(Үстел басында Қамажай, сіңлісі,сіңлісінің құрбысы тамақ ішіп отыр)

Нәзила. Илансаң бар ғой, әпке, таңертеңнен Гауһар екеуміз дым сызған жоқпыз.

Қамажай. Немен, ақшаларың болмай қалды ма?

Нәзила. Жоқ, өзің берген ақшам да болды, Гауһар да құр алақан емес. Ательеге барып едік, қырғын, адам көп екен, шаршап өле жаздадық. Так что, әкешка, бүгін алдымызға күнжара қойсаң да, жей береміз.

Қамажай. Ақшаларың болмаса, ательеге неге барып жүрсіңдер?

Нәзила. Бұрынғы ақшалы кездерім еске түсіп...

Ательеге ақшалы адамның баруы жаңалық емес. Қолыңнан келсе, ақшалы адамның баруы жаңалық емес. Қолыңнан келсе,ақшасыз барып көр.(күліп) Жай айтқаным ғой. Әпке деймін, ательеге маркизет түсіпті. Гауһарда азын-аулақ ақша бар екен, мен одан қарыз ала тұрмақ едім. Жете алмадық.. жете алмағанымыз да дұрыс болды. әйтпесе, кейін қайдан тауып берер едік?



Қамажай. Неге?.. тауып береміз... тимур ертен айлық алады.

Нәзила. Оның айлығы өзінен артылмайтын болды ғой. өткен жолы мен оны паркте бір қызбен көргем. Меніңше, финанс жағын сол кісі басқаратын болуы керек. Ал енді іске кіріселік.

Екі құрбы сықылықтай күліп, тамақтан қарбытып жеуге кіріседі.



Қамажай. Ойбай-ау... сендердің қарындарынның аш екенін білмей қалдым ғой, тамақты мол жасайтын едім. Әлгі Темірбек бір жолдасымды ерітіп келем деп еді. Сол екеуінің... Жарайды, сол екеуінің сыбағасын салып берейін.

Гауһар. Жо-жоқ, апа, керек емес. Бізге осы да жетеді.

Қамажай. Азаннан бері дым сызбасаңдар қайдан жетесін?! Оларға... котлет қуырып бере салармын. Әкеліңдер ыдыстарынды.

Нәзила. Біздің әпкешка бала сияқты. Не айтсаң, соған сене береді.

Үйге Темірбек және гитара көтерген бір жігіт пен екі қыз сау етіп кіріп келеді. Бәрі көңілді. Қамажай тамақ қамын ойлап, аңырып тұрып қалады.



Нәзила. Әпкешка, котлетті көбірек қуыр.

Темірбек. О-о, біздің үйде той боп датқан-ау, шамасы. Мамуля, мен білмейтін бұл қандай той?

Қамажай. Ә-ә... той емес... Жай өзіміз. Жігіттер, қыздар, жоғары шығындар. Ермекжан, сен өз бөлмеңе бара ғой, кәне. (Ол кетеді.) Ал, төрлетіңдер.

Темірбек. Мамуля, біздің үйде той жоқ дейсің, неге той жоқ? Той бар. Енді болады. Бүгін екі жылдан бері бір заводта істеп келе жатқан менің ең жақсы досым Сұлтанның туған куні. Және ол біздің босағаны бірінші рет аттап отыр. Демек, біздің үйде бір емес, екі той өтіуі тиіс. Ал, Кәмила, шығар сумкадағыларыңды.

Кәмила. Құп болады.

Қамажай. Темірбек-ау мынауың... Күні бұрын неге айтпадың? Ұят боп қалды-ау, ә? Ылғи да асығыс. Тым болмаса, телефонмен бір ауыз айта салсаң етті.

Темірбек. Ничего, ничего, мамуля. Қуаныш атаулының ойда жоқтв болғаны жықсы. Күні бұрын білген қуаныш- қуаныш емес. Эффектісі аз болады. Ал, Сұлтан, бұл кісі- менің әпкем, өзім мамуля деп атап кеткем. Мына қыз- қарындасым, оның қасындағысы-подружкасы. Екеуі институтта бірге оқиды. Ал, мына екі қыз- Кәмила және Светлана. Қазақша аты- Сұлухан. Аты- не очень удачный ат. Сондықтан Светлана деп кеткенбіз. Все мы уже знакомы, моя миссия окончена, теперь прошу за стол.

Бәрі үстелге отырады.

Қамажай. Ал, туған күнің құтты болсын, інішек. Қуаныштымыз. Темірбекжанның досы болсаң, менің де туған інімсің. Ал, өздерің отыра тұрындар, мен барып котлет... імм... тамақ дайындап жіберейін.

Шығып кетеді.



Темірбек. Наз, сен де осы үйдің қонағымысың? Мамуляға көмек бермейсің бе?

Нәзила. Мынау экстра ма?

Темірбек. Болса қайтейін деп ең?

Нәзила. Сағат жетіден кейін арақ сатылмаушы еді ғой?

Кәмила (жеңілтек үнмен). Біз оны рестораннан алдық.

Нәзила. У-у, неткен байлық! Ал біз Гауһар екеуіміз ақшаның жоқтығынан күні бойы тамақ та іше алмадық.

Темірбек. Байлық еш уақытта жұртқа бірдей бөлінбейді.

Нәзила. Таба алмай жүрген асыңның

Ит жегенін көресің...

Оетсіз бөлген дүниенің

Айтшы, Құдай төресін...



Темірбек. Тоқтат! Тіліңді кесіп,язык отварной жасаймын.

Нәзила. Таптырмайтын деликатес. Менің тілім, міне. (Тілін көрсетеді.) Кішкентай-ақ. Төртеуіңе жете қояр ма екен? Жарайды. өзім закуска болғанша, ас үйге барып бірдеңе әзірлесейін, жоғары мәртебелі тақсыр... (Иіліп тағзым етеді).

Темірбек. Жоғалт көзіңді!

Лып етіп шыға жөнеледі.



Темірбек. Сендер оның сөзін көңілдерге алмай- ақ қойыңдар. Ол былай...аздап...ненормальныйлау.

Светлана. Дегенмен, бізді ұнатпай қалғаны анық. Тілінің уы бар қыз екен.

Кәмила. Қазіргі заманда жұрттың бәріне бірдей ұнай беру шарт емес. ЧЧ ғасыр- ғылыми-техникалық прогроестің ғасыры. Біреуге ұнау үшін әрекет жасау бекершілік ( Сигарет тұтатпады).

Сұлтан. Біреуге ұнамауды мақсат ету де адамды рухани тұйықтыққа итермей ме?

Кәмила. Сен мені түсінбей қалыпсың. Біреудің қас-қабағы қарап, соның ақылымен өмір сүру, қайткен күнде де оған өзің жайлы жаман пікір қалдырмауға тырысу- адамды ой бостандығынан айырады. Ал, ой бостандығы болмаған жерде.. айталық, сен қолыңа гитара ұстап, туғанкүніңді думандатып, маған қарсы дау айтып отырғаныңа қарамастан, тіпті он екі мүшесі сау, қаланың ортасынан алған үш бөлмелі пәтеріңе жергілікті комитеттің мүшесі екеніңе де қарамастан, мына сен..сыртын терімен қаптай салған тұлып болар едің.

Сұлтан. І-імм. Солай де. Ашулануға тұрарлық сөз екен. Бірақ жақын досымның үйіне алғаш рет келіп отырғандықтан, шаңырақтың шырқын бұзғым келмей отыр. Дегенмен, айта қойшы, жұрттың бәріне бірдей ұнамауды мақсат еткен адам ғана ой бостандығының иесі санала ма? Обьективтікпікір деген бар ғой.

Светлана. Жоқ.

Сұлтан. Қалайша? Обьективті пікірді жоққа шығарғың келе ме?

Светлана. Жоққа шығарғым келмейді. Өйткені ол болған емес. Обьективті пікір деген – субьективті пікірлердің жиынтығы.

Сұлтан. Ал, әйтпесе, жиырмасыншы ғасырдың жойқын нигилисі арамызда жүр екен ғой. (Гауһарға қарап) Бұған сіз қалай қарайсыз, қарындас?

Гауһар. Мен бейтаныс адамдардың алдында пікір айтпаймын.

Сұлтан. Бұл да өзінще жаңалық екен. Қалыс қалудың сәті табыла кеткен түрі ғой.

Темірбек.Жолдастар, айтысты тоқтатуларынды өтінемін.

Светлана. Жо-жоқ, жалғастыра берсін. Мен үшін өте қызық. Меніңше , дастарқан басындағы адамдардың сөзінен-ақ бүтін бір қоғам мәдениетінің дамудеңгейі көрінеді. Білімді жастардың айтысы да,тартысы да әлеуметтік биіктен басталуы керек. Обьективті және субьективті пікір дегенді мен күнде естіп, сол сөзді өзім қолданып жүрсем де, анығына жете алмаймын. Сұлтан, ол жөнінде сенің ойың қалай?

Сұлтан. Сен өз сұрағыңа өзің жауап беріп отырсың ғой. Мен өз пікірім, ал көпшілікке ұнайтын ойымды айтсам, ол – обьективті пікір.

Кәмила. Бұл – слишком арифматикалық жауап. Екіні екіге қосқанда , төрт болады деген сияқты. Бұлай бастауыш мектептің оқушысына ғана түсіндіру керек. Айтпақшы, жақында біо бала мұғалімнің: « Екі алмаға үш өрікті қосқанда, қанша болады?» - деген сұрағына ойланбастан : «Компот болады!, - деп жауап беріпті. Мен сенің жауабыңа толық қанағаттана алмадым.Әлгі баланың жауабы сияқты жаңа мотивировка жоқ.

Сұлтан. (гитарасын қағып-қағып жіберіп). Мен үшін бұл соншалық маңызды мәселе емес.

Кәмила. Неге? Біздің әрбәр құбылысқа деген өз пікірміз болуы керек. Онсыз адам болудан қаламыз. Өз пікірі, өз ойы болмаған адам алдына ешқашан мақсат қоя алмайды. Демек, ол өз бақыты үшін қалай күресуді, өз ғұмырын қалай құруды да білмейді.

Нәзила келіп, үстелге ыдыс-аяқтар қояды.

Сұлтан. Ал, Сен өзің, сен өзің білесің бе?

Кәмила. Бәлемін. О-о , мен жақсы білемін. Мен өз бақытым үшін күресе аламын.

Сұлтан. Ал, сен ол «бақыт» дегеннің не екенін білемісің?

Кәмила. Оны да білем. Бақыт деген..бақытдеген мына сендер түсінетіндей ылғи қуаныш, ылғи сәтілік емес. Бақыт дегене- азап.

Темірбек. Аза-ап.. (Күледі).

Кәмила. Ия. Азп. Бірақ, ол – бос сергелдең, күйбең тіршіліктің азабы емес, үлкен мақсатқа барар жолдағы азап. Циолковский, Достоевский, Королев...

Қалай ойлайсыңдар, солардың бәрі рақат тұрмыс кешті дейсіңдер ме? Олардың бүкіл ғұмыры азаппен өтті. Адам зат үшін, ғылым үшін азап шекті. Міне, бақыт деген – сол.



Сұлтан. Дұрыс-ыс . олардың бәрі ұлы жаңалық ашты. Ал, сен ше? Сен қандай жаңалық ашасың:

Кәмила. Мен ешқандай жаңалық ашпаймын.

Сұлтан. Сондағы сенің айтпағың не? Жаңалық ашпайсың, диссертация қорғамайсың, демек, азаптанбайсың. Сөйте тұрып, өз бақытым үшін күресе алам дейсің?

Ол қандай бақыт, ол қагдай күрес?



Кәмила. Ол- өз дегенімізше өмір сүру. Адам адам болып жаралғалы. Сол үшін күресіп келеді. Олар не үшін күресті, не үшін құрбан болды: сол күрес атаулыны – қарулысы бар, қарусызы бар – бәрін жиып- теріп, келесі ұрпаққа қалдыру үшін ғана ма? Жо-жоқ. Сол күресті мен жеңіс атаулының жемісі – мына бізбіз. Алдыңғы ұрпақ соңғы ұрпақтың бақыты үшін мәңгі күресіп келеді ғой, солардың тыныш ұйқысы үшін, солардың бейбіт тіршілігі үшін, керек болса, солардың бейғам өмірі үшін де күресті ғой. Сол бақатты ұрпақ мына біздерміз. Біз қалауымызша өмір сүреуге тиіспіз.

Сұлтан. Тырнақтап жиғанда етектеп төгіп алмаймыз ба ?

Кәмила. Төкпеспіз.

Нәзила. Өмір көрсетер оны. Жалпы, жалында сөйлеген адамнан күдіктенемін. Өйткені, олар көп ретте жалған айтады. Меніңше, бақыт деген- сөз бен істің бірлігі, демек, жалған сөйлемеу. Біз дастарқан басында ғана ақылдымыз, дастарқан басында сұлу сөйлеуді әбден меңгергенбіз. Ал өмірде сол айтқанымыздың бірде-біреуін орындай алмаймыз. Сөзіміз бен ісіміз алшақ. Бұл – бақыт емес, сор.

Светлана. Бұл сіздің өмірден түйген философияңыздан гөрі бізге деген күдігіңізге көбірек ққсайтын сияқты. Кама дұрыс айтады. Әңгіме жаңалық ашуда емес. Менің атам 1918 жылы Ақтөбеде ақтармен шайқаста қаза тауыпты. Баламның бақыты үшін депті. Баласы, яғни менің әкем, Отан соғысында Сталинград түбінде белгісіз төмпешік болды. Балаларымның бақыты үшін деп мерт бопты. Енді... енді біз неге бақытты тұрмыс құрмаймыз. Бүгін бір, екі ұрппақ ғұмырым қиғанда келмейтін ол не деген бақыт? (Осы кезде Қамажай тамақ әкеп үстелге қояды.) Келіңдер, жолдастар, бәріміздің бақытымыз үшін бокалдар шарапқа толсын.

Бәрі. Міне , ғажап сөз.

-Ал , құйыңдар.

Сұлтан. Кәне, апа», қарындастар, сіздер де бокалдарыңызды толтырыңыздар. ( Құя бастайды).

Қамажай. Жо-жоқ, мен мұңдайды аузыма алған емеспін. Болмайды, болмайды.

Светлана. Болды, болды. Осы уақытта дейін аузыма алмадым дегенге өз басым иланбаймын. Қазір үйренбесеңіз , кейін кеш болады. Мына ініө қарындастарыңыздың бақыты үшін алмауыңыз – күнә...

Қамажай. бокалды аузына апарады.

Бәрі. Міне, міне, солай

-Тағы, тағы.

-Аяғына дейін, бәреклді-і !



Қамажай. Уфф!

Темірбек. Ал, енді ауыр артиллерияға сөз берейік. ( Қолына арақты алып, қарындастарына қарайды). Сен де қылғытып салғансың ба?

Нәзила. Ім-ім. Ауыр артиллериядан маған да құй. Қазір үйренбесем, кеін кеш болады.

Кама. Жоқ. Бұл қыздың тәртібінің маған ұнайтын түрі жоқ.



Нәзила. Қазіргі. Заманда жұтттың бәріне бірдей ұнай беру мүмкін емес.

Тимур. На-аз! Доғар енді !

Нәзила. Мен басы артық сөз айтып қойдым ба ?

Кешірім өтінемін.



Светлана. Ал, жігіттер, қыздар! Мына тосты жігіттің сқлтаны – Сұлтанның бақыты үшін алғым келеді. Бәрекелді! Түгел алыңдар. (Қамажай бәйек боп, бәріне тамақ салып беріп жатыр.) Алыңдар, алыңдар. . Ұялмаңдар. (Кәмила Темірбектің иығына басын қояды.) С тобой Как Хорошо. !

Қамажай. Сіңлім, шай ішші. Басың ауырып отыр ма?

Кәмила. Жо-жоқ, я так хочу.

Темірбек. Котнеок мой, маленький. (Иығынан құшақтайды.)

Нәзила. Ағамыз ақырында мысық алып танатын болды.

Қамажай. ә...Мейлің, мейлің.. Ауырмасаң.. ауырмасаң бопты.

Кәмила. Тим, с тобой как хорошо...

Нәзила. әпке, сіз тепмературасы көтерілген адамды ғана ауру санайсыз ба? Махаббат та ауру. Одан да адамның қызуы көтеріліп, қаг қысымы жоғарылады.

ТемірбекНа-аз. Не болған саған? Тоқтат енгді!

Нәзила. Жоқ , тоқтатпаймын. Әпкемнен, мына өз үйіңнің шаңырағынан, қарындастарыңнан ұялсаң етті. Өз туыстарыңның алдында бұл – күні.

Қамажай. Қой, қой деймін , Нәзила . Теміржанның достарының көңіліне тиме.

Нәзила. Олар бізді неге сыламайды?

Светлана. Сіңілім, сен қонақжай емес екенсің.

Нәзила. Солай ма? Онда кешіріңіз. Сіздерге барлық жағдайды жасап, жапырақты сөндіріп шығып кетсек қайтеді? Көршілерге барып, қонып, таңертең бір-ақ келсек, сонан соң сүт қосып шай берсек. Сонда қонақжай қыз болам ба?

Кәмила. Тимур , сен сау бол. Мен кеттім . Сенің туыстарыңа ұнамайды екем.

Темірбек. Кама, тоқта.

Үйден бәрі шығады. Гитарасын қосақана дарылдатып, Сұлтан шайқала басып, есікке беттейді.



Темірбек. Тоқтаңдар, тоқтаңдар деймін, Сұлтан, Светлана.

Үйде өздері ғана қалады. Төртеуі төрт бұрышта сілейіп тұр. Есік алдында Тимур.



Қамажай. Не боп кетті, Құдай-ау . Өң мен түстнй. Теміржан қарындасыңның балалығын кешір. Япырым-аай , әуре боп жасаған тамақты да іші алмадыңдар ғой.

Тимур. Мұндай боларын білгенде, мен жолдастырмды үйге ертіп келмей-ақ, кафеге апарып сыйлайтын едім. Енді олардың бетіне қалай қарамақпын? (Киімін киеді.)

Қамажай. Қайда бармақсың?

Тимур. Кеттім. Әлгілерді қуып жетуәм керек.

Есікті тарс жауып кетеді. Ішкі үйден Нәзила шығады.



Нәзила. Гауһар, кешірші. Сен әбден жалғызсырап қалдың ғой.

Қамажай. Нәзила-ау, мұның қалай? Өз ағаң ғой. Сонша қарсыласпасаң нетті.

Нәзила. Білмеймін. Менн дұрыс жасамаған да шығармын. Бірақ, әлгі қыздың тым еркінсіп, ұят-аяттан естен шығарып бара жатқаны жыныма тиді. «Я так хочу», - деп, Тимур құшақтап апты. «Котенок мой» , - деп, бұл да өліп бара жатыр.

Қамажай. Әйткенмен, ренжіп кеттті-ау. Қазіргі жастарға ескерту жасасаң да жалықпайсың.

Ыдыстарын алып, ас үйге кіріп кетті.

Гауһар. Біраз уақыт боп қалды. Мен қайтайын

Нәзила. Қона кетсеңші.

Гауһар. Басқа бір уақытта.. Қызық юолды-ау, өзі. Осының бәріне мен кінәлі сияқты сезіндім де отырдым.

Нәзила. Бөлмелеріңде бәрібір ешкім жоқ қой. Екеуміз әңгімелесейік.

Гауһар. Бүгін жалғыз жатқым кеп тұр.

Қамажайдың інісі, аспирант Омар кіреді. Гауһармен бас изеп амандасып, портфелін қояды.



Қамажай. Туу, Омар-ау, таңертең кеткеннен енді келдің бе? Әбден қарның ащқан шығар. Жуған матадай боп-боз боп кетіпсің ғой.

Омар. Дұрыс айтасыз. Таңертең бері дым сызған жоқпын. Кітапханадан шығуға мұршам болмады.

Қамажай. Денсаулығыңды бұзып алмасаң жарар еді. Тамақ ысытайын.

Омар. Жо-жоқ , сіз олай әуре болмаңыз. Байқауымша, бұл үйде қонақтар боп кеткен сияқты. Демек, сіз менсіз шаршаған болуыңыз керек. Маған екі стакан.. тіпті, бір стакан ыстық сүт болса жетеді. Қалғаны осы жерден де табылатын сияқты.

Қамажай шығып кетеді.



Нәзила . Қалай, диссертация бітуге жақын ба:

Омар. Ім-мм , жақын , жақын. Тіпті, дайын деуге де болады. Бірақ өзге ғалымдарға ұнағанымен, өз көңілім қанағакеттанбай сияқты.

Нәзила. Осы уақытқа дейін қанағаттанбайтын не деген көңіл ол?

Омар. (ашуланып, көзілдірігін тұзеп). Есіңде болсын, сен менің жұмысыма араласпа. Бес жыл ма , он жыл ма, тіпті өмір бойы ма, ойлаған мақсатыңа жете алмасаң, көңілім қанағаттанбайды. Және мне ғылыми атақ үшін ғана тіршілік етіп жүргенім жоқ.

Нәзила.Ом, айтшы, бақыт деген не? Біз әлгінде осы тақырыпта дискуссия өткізіп,

Көп таластық.



Омар. Айтайын. Бақыт дегенді әр адам әр түрлі түсінемін. Диалектикалық материализм тұрғысынан келетін болсақ, бақыт деген..

Нәзила. Ом! Біз мұны институтта да оқып жүрміз. Сенің өз топшылауың қалай?

Омар. Әр адамның жеке топшылауы дегенге мен түсіне алмаймын. Өйткені , белгілі бір қорытындыға келу үшін адамдардың жалпы тіршілігін, санасын ойша таразылап, оны диалектикалық зандылық арқылы топшылауға тиіс. Және оны жалаң ұғымға емес. Ғылыми ұғымға негіздеген жөн..

Нәзила. Ия, сонымен. Тоқ етерін айтшы.

Омар. Сонымен, тоқ етерін айтсам, бақыт дегеннің өзін бірнеше салааға бөлуге болады. Семьяндағы, қызметтегі махаббат,. Тағы-тағылар саласында. Осының бәрін синтездеп келген соң, сол жеке адамның өмірі мен қоғам мүддесіне , оның ішкі- сыртқы саясатына, халқааралық арендағы беделіне көз жіберу ккерек. Қоғамсыз адам жолқ. Демек, әрбір адамның қуанышы, күйшісі, мүддесі өзі өмір сүріп отырған қоғам мүддесімен сәйкес келіп, өз тіршілігінде іздеген мақсатын жетесе немесе соған жету жолында аянбай күрес жүргізше, оның өмірі- немесе жеңіске апарар күрес.

Қамажай кіреді. Үш стаакан сүті бар подносты Омардың алдына қояды.

Қамажай. Бос сөзбен Омардын миын қатыра бермеші. Оңсыз да ол қалжырап келеді.

Нәзира. Жарайды екуіңізбен де келістім. Бірақ Ом-ға қоятын тағы бір сұрағым бар айтшы, көп ізденетін жас ғалым . Әрі жас, әрі көрікті қызды үйіне жалғыс қайтарғанда өзін қалай сезінеді?

Гауһар. Нәзила , сенің мұның не, мен өзім-ақ қайтамын ғой. Троллейбустың аялдамасы үйдің дәл іргесінде емес пе? Тура жатаханаға апарады.

Омар. І-мм (Даусын қырнап) Ім-мм , әрине , ол ешқандай ілімде көрсетілг\меген., бұл жүйке адамның ішкі тіршілігі. Қыз баланың түнде жалғыс қайтаруға болмайды. (Киіне бастайды)

Гауһар. Қойыңыз , әуре болманыз .Туу , Нәзилай , сен де қайдағына шығарасын . Мұндай боларын білгенде мен бағана кетіп қалатын едім ғой сіз тамағыңызды ішіп алсаңызшы.



Омар. Мен сіздің қайтқалы тұрғаныңызды байқамаппын. Аңғырттық дегеннің өзі адам өміріне көп кесірін тигізеді. Жүріңіз. (Сөзін жалғастырып, сыртқа беттейді,) Ал байқа маған нәрсеңді еске түсірген адамға осындай сәтте шын риза екеніңді жасырмауың керек. Бұл ретте мен өз қарындасыма рахметімді айтамын.( Есіктен шығады. Есік жабылған соң да , Омардың даусы естіліп тұрады.)

Үйден Омар, Нәзила,Гауһар Қамажай кіріп келгенде Нәзила орнынан ұшып тұрады.

Нәзила. Жолдастар ( Қамажай аңырып тұрып қалады.) Біздің әпкейдің жеке мәселесін қарауға арналған үй жиналсын ашық деп жариялаймын. Түрлі себептермен жиналысқа екі адамымыз қатыса алмай отыр. Тимур қызбен кездесуге ккетті. Ермек, Түнгі сағат он бір болғандықтан , жиналысқа қатыса алмайтынынмәлімдеп ұйықтауға кетті. Жиналыс ашық дегендеріңіз қол көтеріңіздер» (Өзі бастап, бәрі қол көтерді.)

Қамажай. Ойбай-ау, сендердің.. бұлардың не? Мен.. сәл.. кешігіп қалғаным..

Нәзила. Жолдас Оспанова, отырыңыз.

Қамажай. Мыналардың дені сау ма-ей? «Оспановасы» несі ? Әпке, немесе әлгі мамуля демеуші ме едіңдер?

Нәзила. Сіз бұл жайында өзіңізге сөз берілгенде айтасыз. Сонымен іске кіріселік. Осы шаңырақтың белді мүшесі, әрі басшысы Оспанова Қамажайдың өзге семья мүшелерімне ақылдаспай, өз бетінше жұмысқа орналасқаны бәріміздің ашумызды қоздырғаны белгіілі. Бұл мәселе жөнінде кімнің қандай оый бар?

Гауһар. Мен Қамажай апайдың ертеңгі жұмыс күнінмен құттықтаймын. Бірақ, бізге айтпағанына өкпелімін.

Омар. Ғылыми тұрғыда қарағанда әрбі р адам өз қоғамына қай жағынан болса да , пайдалы болуға тиіс. Өйткені қоғам – адам ойының жемісі . Қол еңбегі мен ой еңбегінің арасында айырмашылық жойылып , еңбекті творчество деп қарауға қалыптасып келе жатқан жаңа психологияның тұсында ...

Нәзила. Сіз халық университетінде лекция оқып тұрған жоқсыз, сондықтан нақты сөйлеңіз.

Омар. Ғылымға негізделмеген дәлел әлсіз болады, сондықтан сіздерге түсініктірек болсын деп...

Нәзила. Ия, әйтеуір, тез айтып болшы .

Омар. Бұл кісінің жұмысқа орналасу заңды , бірақ біз үшін тым күтпеген жай.

Демек біздің семьяда шығын көп те, кіріс аз деген сөз. Бұл кісі финанс тапшылығңын ескеріп, ұлттық табысқа өз үлесін қосуды ойлаған. Өзіміздің әлсіздігімізді, финанас тапшылығын сезіну – бізге рухани соққы. Ал бұл кісінің әйтеуір бір кезде қоғам өміріне араласуы тиіс екенін ескеріп , кәсіп таңдау жағына өз басым қарсы екенімді білдіремін. Бұл мәселені өз қабырғамызбен кейіңірек ойласып жеген шешім қарастыру керек.



Нәзила. Болдың ба?

Омар. Болдым.

Нәзила. Онда тезірек отырыңыз.

Қамажай. Е-е, міне, гәп қандай? Сендер менің жұмысқа орналасуымды намыс көріп отыр екенсндер ғой. Бұларың дұрыс емес . Сонда , мен үйде қол қусырып отыра берпекпін бе?

Нәзила. Жоқ сіздің кондуктор боламын дегеіңіз ұнамайды.

Гауһар. Ия, ия.

Омар. Ия, ия.

Қамажай. Бұлардың дұрыс емес. Жұмыстың жаманы жоқ. Омардың үстіне, әжәптәуір жалақы алып тұрсам, біз үшін тым артық бола ма? Ермекжан есейді. Үйде өзі қала тұрады. Кейде өзіммен бірге алып кетермім. Биыл мектепте барады. Ұзартылған күн деген бар екен ғой, соған берерміз.

Үйге Тимур мен Сұлтан кіреді.

Сұлтан. Сәләметсіздер ме?Ю

Бәрі. Сәләметсіз бе?

Қамажай. Түн жарымда қайдан жүрсіңденр? Түрлерің қату ғой, тыныштық па?

Сұлтан. Тыныштық. Өткен жолы ұятты боп қаппыз. Сіздерден кешірім өтінемін.

Қамажай. Ия, айып бізде де бар. Үйге келген қонақты қуып шыққандай болдық. Қарындасың балалық жасаса кешірерсің. Отырыңдар, неге состиып қалғансыңдар? Қазір шай қоямыз.

Нәзила. Сіздің ерте тұрып жұмысқа баруыңыз керек қой. Ұйықтамайсыз ба?

Қамажай. Жұмыссыз-ақ ерте тұруға үйренгенмін ғой.

Тимур. Жұмыс? Ол не жұмыс?

Нәзила. Сіздің мамуляңыз, құрметті тақсыр, ертеңнен бастап жұмысқа шығады. Автобустың кондукторы. Айлығы әжептәуір. Тоқсан сайын қосымша төленетін сыйлық ақшасы тағы бар.

Тимур. Мамуля , рас па?

Қамажай. Рас, рас.

Тимур. Ал, бз ше?

Қамажай. Бізі несі? Онда не болушы еді?

Тимур. Біз дегенім..ім..ім-м.

Қамажай. Әй, сендерге не болған? Сөздеріңде береке жоқ қой. Бір нәрсені бүлдіргеннен саусыңдар ма?

Тимур. Мамуля..біз .. мен үйленгенмін.

Қамажай. Үйленгенмін?

Сұлтан. Ия, үйленді.

Нәзила. Осыған жетіп тынедым де..»Прощай оружие».

Қамажай. Кімге?

Тимур. Қамаға.

Пауза.

Нәзила. «Котенок, мой хороший. Котенок, мой курящий».

Тимур. Наз! Дәл қазір қалжыңдайтын ретің жоқ. Қойсаңшы.

Қамажай. Мен.. мен не дейін. Бақытты болыңдар! Бірақ...

Тимур. Мамуля. Ом. Наз. Гауһар – сен де. Сендер, немене, менің үйленгеніме қуанбайсыңдар ма? Бәрі құшақтап..былай..бетімнен сүйіп, құттықтайтын шығар деп алып ұшып келсем..Қайғылы хабар естігендей тұжырадыңдар ла қалыңдар. Мен сендерге бөтенмін бе? (Білегіне маңдайын қойып, қабырғаға сүйенеді.)

Қамажай. (көзіне жас алып). Теміржан, қой, қарағым. (Келіп оны құшақтап, маңдайын сүйеді). Сен... сені бөтен деп...Тойды жасаймыз, дүрілдетіп тұрып жасаймыз. тАқша деген табылады...

Тимур(басын көтермей). Мен Госстрахта ақшам бар...

Қамажай. Госстрах?

Нәзила. Вот страховщик. Зәлімін қарашы-ей өзінің.

Қамажай. Теміржан, көтер басыңды. Ия, жөнделіп тұр. Тоқатаыңдар күлкіні. Енді, ағаңның алдына бар. Ең әуелі соның рұқсатын алуың керек.

Тимур. Мен өзім де...солай етейін деп едім. Батылыым жетпейді.(Омарға жақындайды) Ом, рұқсат бересің бе?

Омар. (галустыгын түзеп) !м...мм..Семья - кішігірім мемлекет. Оны басқару үшін жалғыз махаббат жеткіліксіз. Семья басшысының бойында ұстамдылық, көргендік, кешірімділік, мейірбандық сияқты көптеген компоненттер жинақталуы тиіс. Оған қосымша , семья басшысы нәзік дипеломат болғаны да жөн. Егер осы қаситтер...

Тимур. Ом, бұл сенің рұқсат бермеймін деген сөзің енмес пе?

Омар. Егер осы қаситтер адам бойында қалыптасқан болса...

Тимур. Қалыптасқан.

Сұлтан О-о, қалыптасқан, қалыптасқан. Үш інімнің үйленуіне рұқсатымды беремін.

Сұлтан. Ура, жолдастар!

Гип-гип Ұра!



Қамажай. Сұлтан-ау, сонда, той қашан болмақшы? Асығыс емес-пе, әйтеуір?

Сұлтан. Жоқ, асығыс емес. Дайындалуға уақытарыңыз бар. Үш күннен соң?...Ойбай-ау, асығыс болғанда қандай болмақшы сонда? Енді қайттім? Дайындалу керек, оны-мұны сатып алу керек... Ертең жұмысқа шығатын едім...

Нәзила. Бір күнге сұранасыз да.

Қамажай.Шықпай жатып па? Қызық болды-ау, өзі. Телефон соғып ескертейін десем, әлі ешқайсысын да танымаймын. Ертең ерте тұрып барып айтармын енді.

Сұлтан. Сонымен ертең автобустар кондуктырсыз жұмыс істейді.

Үйге Қамажай кіреді. Түрінен шаршағаны білініп тұр.Қолында сеткаға салынған кострюлі бар.

Қамажай.(үстелге отырады) Жаңа заводқа бардым.

Нәзила. Жай ма?

Қамажай. Теміржанға ет пісіріп апардым.

Нәзила. Немене, ол ауруханада жатыр ма еді соншалықты. Әйелі бар, үйінен ішсін.

Қамажай. Ішеді ғой... Қайда барады. Бірақ уақыттары жоқ, асханадан тамақтанып жүр екен. Үйдің тамағын сағынып қалыппын деп қарбытып жеді. Көзі шүңірейіп кетіпті... Ауырып қалмаса жарар еді.

Нәзила. Бізді қайтесз. Демалыңызшы, әбден шаршапсыз ғой.( Есікті айқара ашып,Омар кіреді. Қолында жеделхаты бар.)



Омар. Әпке! Сүйінші!

Қамажай. Ойбай, қалағаныңды ал. Ол не қуаныш?

Омар. Міне, жеделхат. Нәзила оқып жіберші.

Нәзила.Кәне, әкелші бері.

Қамажай.Иә, оқышы тез.(термелей оқи жөнелді) Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10-үй, 17-пәтер, Оспановқа. Қымбатты Омар Ысқсақұлы! О-о, Ысқақұлы дейді. Кіші ғылыми кеңес сіздің жұмысыңызбен танысып шыққан соң, оны «қанағаттарлық» деп тауып, философия ғылымдарының кандитаты деген атақ алу үшін, диссертация қорғауға шешім қабылдады. Диссертация осы жылдың 16 таиызында.



Нәзила. Омар-ар! Вот молдочина! (Жүгіріп кеп, оның мойнына асыла кетеді.) Әпке, сіз неғып отырып қалғансыз, құттықтамайсыз ба? (Қамажай жылап отыр.)

Омар. Әпке-ау, сізге не болған? Жылағаныңыз не бұл?

Қамажай. Жеттік-ау осы күнге, әйтеуір. Жолың болсын, жолың болсын!

Ақырын басып келіп, Омардың бетінен сүйеді.



Нәзила. Гауһа-ар. Сен не, қуаңбайсың ба?

Гауһар. Мен...мен...

Нәзила. Менді қоя тұр. Бұлай сәті түсе бермейді. Бол.

Гауһар.(сасқылып. Омарға жетіп келіп, оның қолын қысады). Құттықтаймын.

Тимур кіреді. Гауһар жинала бастайды.

Тимур. Сәлеметсіз бе? Бұл не жиын?

Нәзила. (кетпе дегендей, Гауһардың қолынан ұстап).

Костюмнің құтты болсын-ей. Өзің таңдап аалдың ба , әлде «мысығың» әперді ме? Әпкем жаңа ғана: (Көзі шүңірейіп, азып-тозып кетіпті», - деп еді, жүдеген дәнеңесі жоқ, қайта толып келе жатыр екен ғой.



Қамажай. Нәзила, сарнай бермей, қойшы енді. Теміржан , кел, шешініп үстелге отыр. Қарындасыңның мұндай сөзіне үйренетің кезің болды ғой. Омар диссертациясын қорғауға барады. Қорғауға.

Тимур. Ом, рас па?



Омар. Рас.

Тимур. Құттықтаймын. (Келіп құшақтайды.)

Сәтті болуын тілеймін. Әттең, банкетінде бола алмайтыныма өкініштімін.

.Неге?

Қамажай.Бола алмайтыны несі?

Омар.Не, 15 тәулікке түсетін болдың ба?

үй ішінде әрлі-бері жүреді. Әлденеге толқып, батылы жетпейтін сияқты.



Нәзила.Айтсаңшы,жайшылық па?

Тимур..Мамуля, мен.. біз... кететін болық.Заводта жиырма жігіт осылай деп шештік.

Қамажай.Қайда?

Тимур.КамАЗ-ға. Ертең жолға шығамыз. Бір аптадан бері айтуға батылым жетпей келді.

Қамажай..Не дейді? КамАЗ? Сонау жердің түбіне... Теміржан-ау, мұның қалай?Бізге ерегісіп әдейі жасағанйң ба бұл?

Нәзила.Өстім, ер жеттім, енді ешкімнің керегі жоқ. Мен өз басымды аулаққа алып қашамын, қалғандарың маған десе, бірің өліп, бірің қал. Солай ма?

Тимур.Наз, бұл игі сапар ғой...

Омар.Тимур жолың болсын! Саған өз басым ренжімеймін, қайта ризамын. Бәлкім, сенің шын мәніндегі өмірлік мақсатың сол жақтан күтіп тұрған шығар. Алаңдамай жүре бер.

Тимур.Сен... сен шын айтып тұрсың ба?

Омар.Мен ешқашан жалған сөйлемеймін.

Тимур.(жүгіріп кеп, оны сүйіп-сүйіп алады.) Рахмет, бауырым. Ал,мамуля, сен мені кешір. Көп қуантудың орнына көп ренжіткен сияқтымын. Кешір.

. (қолын жайып, оған ұмтылады).Япыр-ай, өң мен түстей...Енді қашан көрісер екенбіз?



Тимур.Демалыс алған сайын келіп тұрамын, мамуля. Бізге қонаққа келесіңдер. А,Наз...(Ол Нәзилаға жақындап, мүдіріп тұрып қалды)Сенімен қалай қоштассам екен.

Нәзила. Терезеден лақтырып жібер.

Тимур. Осы сөздеріңді де сағынатын шығармын.Ал, сау бол. Хат жазып тұр. Гауһар сіз де сау болыңыз.

Нәзила. Салют. Ертерек аттан. Сол жаққа неғұрлым ертерек жетсең, сенің парасатты болуың соғұрлым жеделдемек.

Қамажай. Жылы киімдерін чемоданға салайын. Япыр-ай, табан астында...(Заттарын жинастыра бастайды). Теміржан, тентекті ана көтерсе де, дала көтермейді. Сырт көз- сыншы. Байқағайсың. Менің де ақылым асып-тасып бара жатқан жоқ, сендерден бір мысқал көп, бір мысқал аз.Әйтеуір, қайда жүрсең де аман бол.

Тимур. Түсіндім, мамуля. Бәрін де түсіндім.

Қамажай. Түсінсең бопты. Ақылың бар ғой.

Тимур. Мамуля.(Бетінен сүйеді) Жылама мен соғысқа бара жатқан жоқпын ғой. Енді жыласаң тек қуаныштан ғана жылайтын боласың.

Қамажай. Вокзалға дейіе шығарып салайық (Бәрі шығып кетеді)

Екінші бөлім



Үйде той. Ұзын үсел лық толы. Қарсы беттегі қабырғада АНА портреті. Оның астында «60жас» деген жазу көрініп тұр. Көрші әйел кіреді. Қолындағы гүлін үстел үстіндегі вазаға қояды.

Әйел. Бақыт деген осы-ау деймін, Қамажай. Аналарыңның тойы құтты болсын! Бәрін жеткіздің, бәрін өсірдің. Азамат деген сендей-ақ болсын.

Қамажай. Көңіліңізге рахмет. Темір мен Омардың келетін уақыты болды.Кешігіп жатыр.

Әйел.Келеді ғой. Қара шаңырақ оларды қайда жіберер дейсің. Әй, Қамажай, өз дегеніңді орындап, бәрін жеткіздің. Омарың-ғалым, Тимурың –бригадир, Нәзилаң-мұғалім. Енді...өзіңді де ұмытпасаңшы. Саған ешкім ренжи қоймас.

Қамажай. Қайдам осылардың анасын жоқтатпаймын деп деп жүріп, шын ана болып кеткен сияқтымын. Бәрі жас баладай көрінеді де тұрады.

Әйел. Туу, Қамажай-ай. Қызықсың-ау. Сенің орныңда, басқаны білмеймін, мына мен төзе аламын ба, жоқ па, білсем де қолымнан келмес-ау деп қорқамын.

Қамажай. Менікі қайбір жүректіліктен дейсің, осыларға деген мейірімнің шарпуы шығар.

Әйел. А-а, айтпақшы, үйге шал да келіп қалған шығар. Әлгінде жиналыста отырмын деп телефон шалып еді. Келсе ертіп келейін. Қазір қайтіп келемін.

Шығып кетеді. Ермек кіреді. Қолында жеделхат. Өзінше күбірлеп оқып келеді.



Қамажай. Не болды, тыныштық па?Бұл не? Жеделхат? Япыр-ай, жүргім бір нәрсені сезген сияқты еді, әкелші бермен.(Оқиды,репродуктор.) «Мамуля! Бригаданың жылдық жоспарының орындалуы жайлы өндірістік басқарма алдында ертең есеп беруіме байланысты бара алмайтын болдым. Ол үшін бәріңнен мың мәрте кешірім сұраймын. Тимур».

«Мамуля. Кешір. Шетелде өтетін халықаралық жиынға шұғыл аттанып бара жатырмын. Қайтар жолда міндетті түрде соғамын. Өзіңді құшақтап сүюші-Омар».



Қамажай. Сөйтіп... бұлар... келмейтін болды де.

Ермек. Әпке, олар келмей ме?

Қамажай. Иә келмейтін болды. Жұмыстан..жұмыстан қолдары босамай жатыр екен. Кешірім сұрапты.

Ермек жеделхаттарды қолына алып. Орындық арқалығына сүйеніп. Үнсіз тұрады.

Ермек. Бұрын мына жерде Ом, Мына жерде Тим отыратын. Енді бәрі жоқ. Олар бізді сағынбайды.

Қамажай. Неге?Олар келеді. Жұмыстан қолдары босаған бойы келеді. Бар, жуына ғой, тамақ ішеміз.(Ермек басқа бөлмеге кетеді.).-Олар әлә жоқ... Қайтеміз, тойды өзіміз өткіземіз де. Бүгін көңілденетін күн еді. Амал бар ма? Нәзила да кешігіп жатыр, қазір барамдеп телефон соғып еді. Мейлі бастай берейік.

Әйел. Ойбай-ау, саған не болған. Қазір бәрі жиналады.

Қамажай. Келсе келе жатар. Ашшы ана шампанды.

Көрші әйел шампанды ашады.

Қамажай. Құй. Өзіңе де. Маған да.

Ол құяды. Қамажай стақандағы шампанды түгел ішіп салады.

Әйел оған таңдана қарап қалған. Сол кезде барып жыртылып бара жатқан жеделхаттарды көріп, оны қолына ала береді.

Қамажай. Өзіміз-ақ өткіземіз. Өзіміз-ақ. Олардың қолдары тимейді. Өзіміз-ақ... Өзіміз-ақ...


шымылдық

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет