Екі диэлектрлік орталардың шекарасындағы шағылу және сыну заңдарын зерттеу



бет17/17
Дата17.04.2020
өлшемі2,54 Mb.
#62929
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
lab kz

Елестер


Ортанаың сыну көрсеткіші тығыздыққа байланысты төмен қарай өсетін болғандықтан сәуле h биіктіне жеткеннен соң төмен Жердің бетіне қарай майысуы мүмкін. Аталған биіктікте толық ішкі шағылуға ұқсас құбылыс болады(4 сурет). Бұл құбылыс биіктік бойынша ауа тығыздығының аномал үлестірілуіне байланысты болады және атмосферада байқалатын әртүрлі елестердің себебі болады.





4 сурет.

Кәдімгіде жоғарғы және төменгі елестер байқалады. Жоғарғы елес пайда болғанда заттың өзінен басқа оның жоғарғы жағында орналасқан кескіні де көрінеді; төменгі елес пайда болғанда заттың кескіні заттан төмен орналасқан болады. Төменгі елестер жылдың уақытында шөл мен далада байқалады. Ол кезде Жердің бетіне жақын орналасқан ауа қабаттының температурасы өте жоғары болады, ал тығыздығы мен сыну көрсеткіші биіктік өскен сайын өседі. Заттың әр нүктесінен адамның көзіне түзу сәулелер түседі, б.а. ауада шағылмаған сәулелер, оларға кәдімгіде заттың тура кескіні сәйкес болады. Бірақ сыну көрсеткішінің үлкен градиенттерінде толық шағылған сәулелер де түсуі мүмкін. Олар айнадағыдай заттың кері кескінің береді (5 сурет). Заттың үстіңгі жағындағы аспанның бөліктерінен келетін сәулелер шағылатын болғандықтан.судың бетіне ұқсас елес пайда болады және онда айнадағыдай аспанның кескіні болады.






5 сурет. Төменгі еллестің пайда болуы (сәулелер жолы).
Сол сияқты жоғарғы елестіде түсіндіруге болады (6 сурет). Егер салқын ауаның жоғарғы жағында жылы және сиретілген ауа қабаты болса, онда жарық сәулелері доға сызып жарық көзінен оншақты километрден ары төмен түседі. Мысалы Франциядағы Лазурный берег деп аталатын жерден 200 километрден астам жерде орналасқан Корсиканы көруге болады. 1815 ж. Белгияда Вервье қаласының тұрғындары аспаннан әскерді көрген. Осы қаладан жүз километр жерде сол күннің таңында Ватерлоо шайқасы болған.




6 сурет .Жоғарғы елестің пайда болуы (сәулелер жолы).
2. Жұмыстың орындалу реті

2.1. Сыну көрсеткіші тереңдікке қарай nо-ден nmax-ға дейін бірқалыпты өзгеретін ортасы бар ыдысты оптикалық орындыққа орналастырыңыз.

2.2. Маустың сол кнопкасын екі рет қатарынан басып қондырғыны іске қосыңыз.

2.3. Сәулің горизонтал бағытын белгілеп алып, сәулені бастапқы бағытына параллель төменнен жоғары қарай ығыстырады және ортадағы сәуле трассасының өзгеруін байқайды.

2.4. 2.3 п. көк сәуле үшін қайталаңыз.

2.5. Сәуле траекториясының ыдыстың жоғарғы жағымен төменгі жағындағы майысуын түсіндіріңіз. Қызыл және көк сәулелердің траекторияларының өзгеруін түсіндіріңіз.

2.6. Сәулені ыдыстың бірінші қабырғасының ортасына орналастырып қызыл сәуленің ортадағы бағытының бұрышын өзгертіп сәуле трассасының ортадағы және ыдыстан шыққандағы өзгеруін байқаңыз.

2.7. Қызыл және көк сәулесі бар лазерден жоғарғы елестің пайда болуының шекті бұрышын анықтау.

2.8. Лазердің үш түрлі сәулелерін кезегімен қосып, 2.7. п. қызыл сәуле үшін анықталған жоғарғы елестің шекті бұрышына қойыңыз. Сәулені бастапқы бағытына параллель жылжытып ыдыстан шыққан кезде қызыл, жасыл және көк сәулелердің жоғалып кететін орнын анықтаңыздар.

3. Бақылау сұрақтары

3.1. Төменгі елестің пайда болу механизмін түсіндіріңіз.



3.2. Сәулелердің рефракциясының нәтижесіндегі жарық күн ұзаруының механизмін түсіндіріңіз.

3.3. Күннің батысы мен шығысындағы “жасыл сәуле” құбылысын түсіндіріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет