ілмектің көмегімен алу// Кезекші медбике кезекші дәрігерді шұғыл түрде клиниканың дәлізіне шақырды. Ол жақында көмей стенозының компенсация сатысында түскен, коридорда жатқан ауруды көрді. Тері жамылғысы көгерген, тыныс алуы толықтай тоқтаған, қол-аяқтары без-берекет қозғалыста. Мына жағдайда шұғыл тамақ кесудің қай түрі тиімді?//
коникотомия// Науқас 40 жаста төбелес кезінде көмей тұсынан, қатты заттық тиюінен жарақат алған. Келесі күні науқас ЛОР дәрігеріне қаралды. Науқаста инспираторлы ентігу, қозу, тахикардия анықталады. Қарағанда: көмей кіреберісінде дауыс санылауын жауып тұрған кілегей астылық гематома анықталды.Қандай диагноз қоюға болады?//
көмейдің гематомасы// Науқас 20 жаста самолетпен ұшу кезінде оң жақ құлақ бітеліп, ызың пайда болады және ауырсынуы күшейіп самайға, төбесіне және тісіне қарай таралған. Отоскопияда: дабыл жарғағы гиперемияланған, сыртқы есту жолына қарай томпайған, жарық конусы жоқ. Диагноз: жедел ортаңғы отит.Дәрігердің әрекеті қандай?//
жергілікті ем (отипакс)// Науқас 12 жаста балық сорпасын ішу кезінде,жұтқыншақтың төменгі аймағында кенеттен шаншу пайда болған. Нанның қатты қабығын жеген, ауырсынуы үдей түскен. 4 сағаттан соң ЛОР бөлімшесіне жеткізілген.Фарингоскопияда:жұтқыншақтың кілегей қабаты қызғылт.Таңдай бадамшалары болбыр,лакуналары кең,патологиялық бөлініс жоқ. Клегеймен пен көпіршікті сілекейдің жиналуы анықталады. Дәрігердің тактикасы қандай?//
Өңештің рентгенографиясы// ***
Үш жасар қыз клиникаға жеткізілді. Ата-анасының айтуы бойынша, екі сағат бұрын ойнап жүрген кезде мұрыннын оң жақ жартысына түйме салып жіберген. Бөгде денені алуға әрекет жасалған, түйме бірақ мұрыннын артқы бөлігіне ығысып кеткен.Объективті: оң жақ мұрын қуысының кілегей қабаты гиперемияланған, инфильтрацияланған, тереңде бөгде дене анықталады. Дәрігердің әрекеті қандай?//