2008-2010 жылдардағы қала бюджетінің меншікті кірістерінің түсімі
Меншікті кірістер түсімдерінің серпініне сәйкес 2010 жылғы меншікті кірістердің өсу қарқыны 120,9 %-ды құрады.
Меншікті кірістер үлесінде 98 % салықтық түсімдерге жатады.
Алайда, облыстың ірі кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметінің тұрақсыздығынан әлемдік қаржы дағдарысы мен 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің енгізілуіне байланысты 2008-2009 жылдары меншікті кірістер түсімдері қарқынының баяулауы байқалды.
Қалабюджетінің шығыстары соңғы үш жылда 1,4 есеге өсіп 8548,8 млн. теңгені құрады.
2008-2010 жылдардағы қала бюджеті шығыстарының өзгеру серпіні
Талдау жасалған кезеңде шығыс бөлігінің құрылымында көрсеткіштер арақатынасында өзгерістер болды. Қала бюджеті барынша әлеуметтік бағытталды, әлеуметтік саланы қаржыландыруға арналған бюджет қаражаты 55,7%-дан астамды құрайды (2008-2009 жылы үлесі 50%), қаржыландыру көлемі 2008 жылға қарағанда 2010 жылы 1,2 есеге ұлғайды.
2008 жылдан бастап аудандар мен қалалар бюджеттерін қалыптастыру шығындар деңгейіндегі айырмашылыққа: демографиялық құрамға, халықтың орналасу тығыздығына, климаттық жағдайларға, көліктік қолжетімдікке және басқаларға негізделген объективті факторларды ескере келе, формульды сұлба бойынша бюджет қызметтерін тұтыну санын назарға ала отырып, шығыстық қажеттіліктерді бағалау негізінде жүзеге асырылды.
Қала бюджетінің шығыстар бағыттары бойынша
млн. теңге
№
|
Көрсеткіш атауы
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2010 ж 2008 ж өсу%
|
Меншікті салмақ, %
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Қала бюджеті бойынша шығындардың барлығы
|
5878,9
|
8548,8
|
7283,9
|
23,9 %
|
100%
|
2
|
Әлеуметтік сала
|
2907,2
|
3958,7
|
4060,3
|
39,7%
|
55,7 %
|
3
|
-білім беру
|
2320,8
|
3186,3
|
3322,3
|
43,1%
|
45,6%
|
4
|
-Мәдениет,спорт және ақпарат
|
219,3
|
239,7
|
259,4
|
18,3%
|
3,5%
|
5
|
-денсаулық
|
0,1
|
0
|
0
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
6
|
-әлеуметтік қамту,әлеуметтік қорғау
|
367,0
|
532,7
|
478,6
|
30,4%
|
6,6%
|
7
|
-тұрғын коммуналдық шаруашылығы
|
507,4
|
1478,7
|
690,4
|
36%
|
9,5%
|
8
|
Көлік және коммуникация
|
320,8
|
853,9
|
343,5
|
7%
|
4,7%
|
9
|
Ауыл шаруашылығы
|
2,8
|
4,2
|
19,6
|
600%
|
0,4 %
|
10
|
Жер қатынастары
|
2,7
|
|
|
|
|
11
|
Әкімшілік шығындар
|
314,2
|
331,9
|
403,8
|
28,5%
|
5,5%
|
12
|
Басқалар (әскерикомат,бірыңғай талон,комм.меншік бағдарламалары,кәсіпкерлік қызметке көмек)
|
35,9
|
38,2
|
36,3
|
1,1%
|
0,5%
|
13
|
Дамыту бағдарламалары
|
1080,4
|
1231,7
|
1550,7
|
43,5%
|
21,3%
|
14
|
Заңды тұлғалардың жарғы капиталына ұлғайту және құрау
|
463,5
|
530,0
|
91,5
|
-80,3%
|
1,2%
|
15
|
Жергілікті атқарушы органнның резерві
|
4,9
|
4,7
|
2,4
|
-51%
|
0,03%
|
16
|
Бюджеттік алымдар
|
235,8
|
116,7
|
3,6
|
-89,8%
|
0,05%
|
15.
|
ОблТрансферттерді қайтару
|
3,3
|
0,1
|
81,8
|
147,8
|
1,12
|
Қаланың бюджеттік саясаты облыстың алған барлық міндеттемелерін толық және уақтылы жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын жұмылдыруға және шоғырландыруға бағытталды, бірінші кезекте бұл әлеуметтік міндеттемелер, сондай-ақ жұмыспен қамтуды қоса алғанда өңір халқын әлеуметтік қолдауға жанама әсер ететін іс-шаралар.
Осылайша, бюджеттің әлеуметтік бағытталуы сақталды және шығыстарды жоспарлаған кездегі негізгі басымдық әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, білім, сондай-ақ оөңір экономикасының дағдарыстан кейінгі сапалы өсуі үшін жағдайлар жасау болып табылады.
2.2.5.2 Мемлекеттік жергілікті басқару органдарының қызметі
Өңірдің жергілікті мемлекеттік басқаруын тиісті аумақтағы әлеуметтік істерге жауап беретін жергілікті өкілді және атқарушы органдар көрсетеді.
Павлодар облысының Екібастұз қаласы мемлекеттік қызметшілерінің жалпы штат саны 2011 жылғы 1 қаңтарға 223 бірлікті құрайды, соның ішінде 198 әкімшілік мемлекеттік лауазым, соның 207 бірлігі орнында, бос орындар - 6.
Саяси мемлекеттік қызметшілердің штат саны 15 бірлік, соның нақты орнында 15 лауазым.
Саяси мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі – 16 жыл, әкімшілік – 11 жыл.
Саяси мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 49 жасты құрайды, әкімшілік мемлекеттік қызметшілер - 40 жас.
Мемлекеттік қызметшілердің жалпы санынан 89%-ның жоғары білімі бар, орта кәсіптік білімі барлар – 10,1 %, орта білімді - 1 %.
Әйелдердің жалпы санынан басшы құрамдағы әйелдер 2,5 % немесе 6 бірлікті құрайды.
Өңірде мемлекеттік қызметте 23 ұлт өкілі жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік шеберлігін арттыруға бағытталған шаралардың ішінде біліктілікті арттыру сияқты қайта даярлауды да қамтитын мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесі маңызды орын алады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы” № 1457 Жарлығына сәйкес облыстың мемлекеттік қызметшілерін оқыту Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, салалық оқыту орталықтарында және Павлодар облысының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қаланың 3мемлекеттік қызметшісі оқыды, соның 3-і – біліктілікті арттыру тақырыптары бойынша және 15-і – қайта даярлауға бағытталды.
Павлодар облысының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында 60 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырды.
Барлық деңгейдегі жергілікті өкілдік органдардың (мәслихаттардың) қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасын-дағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңымен реттеледі.
Өткен кезеңде сайлау округтерінде депутаттардың халықпен барлығы 62 кездесуі, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларын түсіндіру бойынша және жеке мәселелер бойынша 108 қабылдау өтті. Сайлаушылар көтерген мәселелердің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына и әлеуметтік-мәдени салаға қатысты.
Қалалық мәслихат өз қызметінде қалалық бюджетті қалыптастыру, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының бағдарламалары, олардың орындалу барысын бақылау бөлігінде атқарушы органдармен тығыз өзара қарым-қатынас жасайды.
Қалалық мәслихаттың бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланысы қалыптасты. 2010 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында барлығы 25-тен астам материал жарияланды және айтылды.
2.2.5.3 Мұрағат ісі
2001 жылдан бастап Екібастұз қаласында 2 мұрахат:Павлодар облысының Екібастұздық мемлекеттік мұрағаты және «Екібастұз қалалық мұрахат жеке құрамы» ММ. Павлодар облысы әкімдігінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы №283/18 қаулысымен «Екібастұз қаласы мемлекеттік мұрахаты» ММ бұрынғы 2 мұрахатты біріктірген.
Екібастұз қаласы мемлекеттік мұрахаты 1920-2010 жылдардағы 83974 бірліктен астам мұрахаттық құжаттар сақталуда. Жыл сайынғы қоры тарихи және мәдени жағынан құнды 2500 астам әр түрлі құжаттармен толықтырылып отырады.
2007-2009 жылдары Екібастұз қаласы ұйымдары мен мекемелері тарихы бойынша 835 тақырыптық сұраныммен толықты, азаматтардың 8647 өтінішке жауап қайтарылды. Бұл ретте мұрағат ақпаратымен қанағаттанған сұранымдар үлесі жылдық көрсеткіштің 87,6% (республикалық көрсеткіш – 70%, облыстық -83%) құрайды.
Қаланың мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелеріне құжаттау және құжаттаманы басқару мәселелерінде әдістемелік көмек көрсетіледі. Қаланың мекемелері, ұйымдары, кәсіпорындары үшін 28 іс номенклатурасы әзірленді және келісілді.
Екібастұз қаласы мемлекеттік мұрағатының негізгі көрсеткіштері
Р/с
№
|
Көрсеткіш атауы
|
2007 жыл
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1.
|
Екібастұз қаласы мұрағат мекеме-лерінің саны
|
2
|
2
|
2
|
2.
|
Қорлар саны
|
198
|
211
|
213
|
3.
|
Сақталатын құжаттар саны, сақт. бірлігі
|
77028
|
79091
|
81701
|
4.
|
Мемлекеттік сақтауға арналған құжаттарды қабылдау, сақт. бірлігі
|
2905
|
2064
|
2615
|
5.
|
Басып шығарылған жинақтар, кітаптар
|
|
|
|
6.
|
Орындалған әлеуметтік-құқық-тық сипаттағы сұранымдар
|
3044
|
3024
|
2634
|
7.
|
Шетелдерден келген сұраным-дар
|
968
|
779
|
935
|
Мұрахат қорының сақталу бойынша негізгі мәселе ғимараттың жоқтығы, соңғы 10 жылда мұрахат 4 рет қоныс аударды.
Арнайы технологиялық жабдықтардың, орындарды жұмыс компьютерімен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі барлығы 46%-ды құрайды.
2.3 Орта мерзімді перспективада Екібастұз өңірінің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының бәсекелі басымдықтары мен мүмкіндіктері факторларын ұстанатын негізгі проблемалар, қауіп-қатерлердің кешенді сипаттамасы
Екібастұз өңірінің келтірілген соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық талдауынан өңірде инвестициялар салу үшін маңызды бәсекелестік басымдықтар бар деген қорытынды жасауға болады.
Өңірде минералды шикізаттың мол қоры жинақталған. Елдің көмірге, ферроқорытпаға, алюминий тотығына және алюминийге деген қажеттіліктердің басым бөлігін қамтамасыз ететін күшті кен-металлургия кешені құрылды. Барланған Кен орындары базасында ірі қала құраушы кәсіпорындар жұмыс істейді.
Өңірдің қолайлы географиялық орналасуы және дамыған өнеркәсіп көліктің барлық түрлері мен жол желісінің дамуына негіз болды.
Екібастұз қаласы Қазақстанның энергиямен барынша жарақтанған аумақтарының санына жатады. Қала электр станциялары Павлодар облысының шаруашылық кешені мен халқының электр энергиясын тұтынуын қамтамасыз етеді, электр энергиясының бір бөлігі экспортқа шығарылады.
Қазіргі уақытта дербес кредит мекемесі ретінде танылған, сондай-ақ қазақстандық банктердің көптеген филиалдары бар банктік жүйе дамыды, қазіргі заманғы банк жүйесінің толық спектрін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өңірлік және жетекші операторлар арқылы танылған дамыған телекоммуникация жүйесі сапалы және сенімді байланысты, Интернет, бейнетелефон және басқа қазіргі заманғы ақпараттар желісін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Теміржол және автомобиль көлігі қызметтерінің сапасы артуда. Осылайша, пайдалы жағдай, дамыған көлік коммуникациясының, ұлттық және әлемдік шаруашылық жүйесінде өңірдің дәстүрлі және жаңа шаруашылық байланысының өңір экономикасының тұрақты дамуы және халықтың өмір сүру сапасының артуы үшін қолайлы алғышарттар жасауда.
Дегенмен, өңірде бірқатар экономикалық және әлеуметтік проблемалар бар, осы Бағдарлама соларды шешуге бағытталған.
Өңірдің әлеуметтік саласындағы жағдайды бағалай келе нашар материалдық-техникалық база, оны дамытуға, жаңғыртуға және нығайтуға, жаңадан объектілер салуға арналған бюджеттік қаржыландыру көлемінің қысқаруы жалпы проблемалар болып табылатынын атап өткен жөн. Облыс қарттар мен мүгедектер үшін интернат-үйлермен нормативтерінің жартысынан аз көлемде қамтамасыз етілген, балаларға арналған әлеуметтік-сауықтыру мекемелері дамымаған. Мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығы да кемшіліктердің бірі болып табылады.
Өңір жұртшылығының мәдени және ақпараттық қажеттіліктер және оларды қанағаттандыру арасындағы айырмашылығы жыл сайын ұлғаюда. Мәдениет саласының индустриясы баяу дамуда. Ауыл клубтарының үштен бірінен астамы күрделі жөндеуді қажет етеді.
Өңірдің коммуналдық шаруашылығындағы проблемалар қиындауда. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ақысының өсуі халықтың есебінен саладағы құрылымдық өзгерістермен, көрсетілетін қызметтер сапасының артуымен және негізгі қорлардың барынша жаңалануымен сүйемелденген жоқ. Салада ресурсты тұтыну мен баға құраудың шығынды тетіктерінің қолданылуы жалғасуда, энергиялық тиімді және ресурс үнемдеу үлгілері тым баяу енгізілуде.
Тіркелген жұмыссыздар деңгейі Екібастұз қаласында (6,9%) ресми облыстық орташа көрсеткіштен жоғары. Әйелдер мен жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі орташа облыстық деңгейден жоғары.
Экономиканың соңғы өнімді шығаруға бағдарлануы нашар. Өңір экономикасы құрылымының әртараптануының жоғары болуына қарамастан өнеркәсіпте аралық өнім (көмір, алюминий тотығы, ферроқорытпа) шығаратын шикізат саласының рөлі жоғары. Электр энергетикасының рөлі жоғары, олардың өнімі шикізат пен тұтыну тауарлары арасында аралық жағдайды иеленген.
Шағын бизнес белсенділігінің жеткіліксіздігі және оның өңір экономикасы мен әлеуметтік саласының дамуына үлесі. Өңірдің әр түрлі қалалары мен ауылдық елді мекендерінде 1000 адамға арналған шағын кәсіпорындар саны және жергілікті бюджеттер кірістеріне шағын бизнестен түсетін салықтық түсімдердің үлесі бойынша саралану жоғары болуы сақталуда. Тарифтердің өсуі көлік қызметтеріне, электр энергиясына жерді және үй-жайды жалдауға кері әсер етуде. Банктердің кредиттік ресурстарына көптеген шағын кәсіпорындар қол жеткізе алмауда.
Өңірде жолдардың 44% жағдайы қанағаттанғысыз деңгейде. Үсті қатты автомобиль жолдары арқылы аудан орталықтарымен байланыс жасай алмайтын ауылдық елде мекендер бар.
Кадрларға деген құрылымдық тапшылық байқалуда. Жұмыспен қамтамасыз етудің барынша жоғары қамтамасыз етілуіне қарамастан техникалық мамандықтар мен ауыл шаруашылығы жұмысының мамандарына деген қажеттілік сезіледі.
Өңірдің оқу орындарында жекелеген кәсіптер бойынша кадрлар даярлаудың жеткіліксіздігінен немесе мүлдем болмауына байланысты проблема орын алуда, нарықта оларға сұраныс бар. Негізінен бұл ауыл шаруашылығы мамандықтары.
Шаруашылық қызмет көптеген жылдар бойы өңірдің экологиялық жүйесін маңызды, кейде тіпті орны толмас салдарлар мен бұзылуларға, ауқымды үйінділер мен шығарындылар көлемінің жинақталуына, едәуір аймақтың ластануына алып келді.
Ауаға шығарындылар көп құрамды химиялық құрамымен сипатталады, оларда диоксид қышқылы басым. Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының негізгі стационарлық көздері энергетика және Кен-металлургия кешендері кәсіпорындары болып табылады. Осы және басқа күрделі экологиялық проблемалар өңірдің қоршаған ортасына антропогендік престі азайту жөніндегі шаралар кешенін атқарушы органдар мен шаруашылық қызметі субъектілерінің бірлескен және барыншы тиімді іс-қимылдарды жүзеге асыруын талап етеді.
Өңірді дамытудың әлеуметтік-экономикалық нәтижелерінің кешенді сипаттамасы өңірдің дамуының күшті және нашар жақтарын, оны дамытуды шектеуді және мүмкіндіктерін анықтаған SWOT-талдауда көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |