Әкімбаев А.Ә. Барлық мамандықтар бойынша «Мәдениеттану және психология» пәнінен практикалық сабақты жүргізуге арналған Әдістемелік нұСҚаулық ш ымкент, 2023 ж



бет3/25
Дата05.10.2023
өлшемі1,23 Mb.
#183879
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
DOxTX8oA5NpcBDm04XaPeYQ4i99ycUxjbS1uiS0X

«Мәдениеттану және психология» пәнінен практикалық сабаққа әдістемелік нұсқаулығы оқу үрдісін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастырып отырған жоғарғы кәсіби білім беру жүйесіне арналған.


«Мәдениеттану және психология» пәнінен практикалық сабаққа әдістемелік нұсқаулығы осы ғылым туралы, оның теориясы мен методологиясы, әдісі, технологиясы, ерекшелігі мен тәжірибелік мақсатарды шешу тәсілі туралы қажетті білімдерді ендірген.
«Мәдениеттану және психология» курсымен танысу барысында білім алушылар психологиялық білім, білік, дағдыны меңгереді.
Мақсаты: «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мәнмәтінінде (контекстінде) білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
-негізгі әлеуметтанулық, саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру;
-қазіргі қоғамның және оның әлеуметтік институттарының жұмыс істеуінің негізгі принциптері туралы идеяларды қалыптастыру;
-заманауи қоғамның әлеуметтік мәселелерін сипаттау және талдау дағдыларын дамыту, әлеуметтік процестер мен механизмдердің мәнін өзара байланысын қалыптастыру;
-студенттердің әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игеру;
-әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық білімді кәсіптік қызметте пайдалану дағдыларын үйрету;
-сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану мүмкіндігі.
Соның нәтижесінде білім алушылар білуі керек:
• оқу мен тәрбие проблемасында жалпы психологияның негізгі түсініктерін;
• әртүрлі психологиялық бағыттар мен теориялардың мазмұнын;
• психикалық процестер, бүгінгі жағдайлар мен тұлға ерекшеліктері туралы теориялық және қолданбалы ерекшеліктерді;
• педагогикалық процесте адам мен ұжымды зерттеуде қолданылатын психологиялық ғылымның негізгі әдістерін;
• адамды оқыту мен жан-жақты дамытуға байланысты кәсіби педагогикалық іс-әрекеттегі өзекті психологиялық феномендер мен заңдылықтардың мәнін;
• психикалық ақпаратты, жалпы психологияның негізгі категориялары мен психологиялық заңдылықтарын ғылыми тұрғыда дәлелді талдауды;
• психикалық құбылыстардың мәні туралы теориялық көзқарасты кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің практикалық салаларымен бірегей сәйкестендіруді;
• психикалық процестердің, ерекшеліктер мен жағдайлардың адамның өзін-өзі дамытумен деңгейін көтеруі және кәсіби педагогикалық жетістігі мақсатында зерттеуде психологиялық әдістерді практикалық тұрғыда пайдалануды;
• практикаға бағдарланған психологиялық білім негізінде өзінің бүкіл кешенді жалпы және арнайы педагогикалық қабілеттерін дамыту мен жетілдіруді білуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет