Әкімбаев А.Ә. Барлық мамандықтар бойынша «Мәдениеттану және психология» пәнінен практикалық сабақты жүргізуге арналған Әдістемелік нұСҚаулық ш ымкент, 2023 ж



бет9/25
Дата05.10.2023
өлшемі1,23 Mb.
#183879
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
DOxTX8oA5NpcBDm04XaPeYQ4i99ycUxjbS1uiS0X

Бақылау сұрақтары:
1.Эмоция дегеніміз не?
2.Эмоция көрінісіне сипаттама бер
3.Эмоция мен сезімнің байланысы
Әдебиеттер:
1.Шульц Д.П., Щульц С.Э. Қазіргі психология тарихы 11-басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры. 2018-448 б.
2. Аронсон Эллиот. Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе 11-басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры. 2018-408 б.
3. Әлеуметтік психология 12-басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры. 2018-648 б.
4.Буркитбаева Д. «Психология» пәнінен гуманитарлық мамандық студенттеріне арналған дәріс жинағы Шымкент : ОҚМУ, 2018ж.


4-практикалық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз қоғамдағы тұлғаның «ерік бостандығы» тұжырымдамасы
Сабақ мақсаты:Қазіргі тәуелсіз қоғамдағы тұлғаның ерік бостандығы туралы түсінік беру
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы:
Бұл практикалық сабақта студенттер Тұлға құрылымына кластер жасайды. Кластерді құрастыру ережелері: Ойыңызға келгеннің барлығын жазыңыз. Идеялардың сапасына мән бермеңіз: жай ғана жаза беріңіз. Сөздер мен сөйлемдердің жазылуына және басқа факторларға көңіл бөлмеңіз. Берілген уақыт аяқталмағанша дейін жазуды тоқтатпаңыз, егер идеялар ойға келмесе, бетке сурет сала тұрыңыз. Көп байланыс құруға тырысыңыз. Идеялар санын шектемеңіз және олардың арасындағы байланысты сақтауға тырысыңыз. 
Оқытушының сөзі: Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бiр түрткi болатындығы, мұны психологияда мотив (себеп) деп атайтындығы өткен тарауларда айтылды. Кез келген түрткi сан - қилы қажеттермен тiкелей не жанама түрде байланысып жатады.
Адамды әрекетке итермелейтiн негiзгi мотив — оның түрлi қажеттерi. Адам өз қажетiне байланысты алдына түрлi мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшiн түрлi әдiс-амалдар қарастырады. Өйткенi, адам сыртқы дүниенiң заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзiнiң қатынасын бiлдiрiп қана қоймайды, сонымен бiрге, оны қажетiне орай өзгерткiсi келедi. Бұл үшiн ол қимыл-қозғалысқа, iс-әрекетке түсiп отырады. Адамда қимыл-қозғалыстар есепсiз көп. Бұларды үлкен екi топқа бөлуге болады. Оның бiрiн ерiксiз қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: көздiң жұмылуы, жөтелу шашалу, түшкiру т. б.), екiншiсiн - ерiктi қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге түсiп кеткен нәрсенi көтерiп алу қозғалыстың соңғы түрiне жатады. Кез келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды. Бұл үшiн мақсатқа бағытталған қимыл-қозғалыстар жасау қажет. Ойланып iстелетiн, алға мақсат қоюды қажет ететiн, түрлi кедергiлердi жеңе бiлуден көрiнетiн қимыл-қозғалыстарды психологияда ерiк амалдары немесе ерiк деп атайды. Сонымен ерiк дегенiмiз адамның өз мiнез-құлқын меңгере алу қабiлетi. “Қайрат дегенiмiз өмiр жолында кездесетiн екi талай кездерде белдi бекем буып, қайыспай, кiдiрмей амал етуге ұмтылу” (Ж. Аймауытов). Адамның осындай психикалық әрекетi алдына қойған мақсатын орындауға байланысты түрлi iшкi-сыртқы кедергiлердi жеңе бiлуiнен жақсы байқалады. Мәселен, ұйқы басып төсектен тұрғымыз келмейдi, бiрақ сабаққа кешiкпеу үшiн тұру керек. Бұл жағдайда iшкi кедергiлердi (тесектен тұрғымыз келмеу сияқты, ерiншектiк т. б.) жеңу керек болады. Егер бiздiң мақсатқа жетуiмiзге сырт нәрселер кедергi жасаса (басқа адамдардың кедергiсi, түрлi жағдай болмаушылық т. б.), бұларды да жеңiп отыруымыз қажет.
Ерiк қоғамдық еңбек процесiнде пайда болып, қалыптасқан. Тек еңбек ету арқылы ғана адам өзiнiң әр түрлi амалдарын, қимылдарын көрсетiп, түрлi қажеттерiн өтей алады. Адамның ерiктiк қимылдары оның өмiр сүрiп отырған ортасының, яғни сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының әсер етуiне байланысты көрiнедi. Адам бiр түрлi жағдайда әр қилы, әр түрлi жағдайда бiр қилы әрекет жасайтыны мәлiм. Бiз көп адамдардан “не тiлесем, соны iстеймiи” деген сөздi жиi естимiз. Кейбiр философия мен психология ғылымдарының өкiлдерi осындай жеке пiкiрлерге тас кенедей жабысып: “адам не iстеймiн десе де ерiктi, өз қылығына өзi қожа” дейдi. Барлық тiршiлiк ерiкке байланысты, ал ерiк ешбiр себеп дегендi бiлмейдi, ешбiр материалдық жағдайлармен байланысы жоқ, өзiнше пайда болған күш”,— деп адамның барлық әрекетi, мұның iшiнде еркi де, нақтылы айналасын қоршап тұрған дүниеге, жағдайларға байланысты болатындығына жете мән бермейдi.
Сөйтiп, ерiк қимылдарын өзiнен-өзi пайда болмайтын, керiсiнше, адамның өмiр сүрген ортасына байланысты дамып отыратын, ми қызметi продуктысының бiрi болып есептелiнетiн психикалық процесс деп түсiнуiмiз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет