Бақылау сұрақтар:
Ерік деніміз не?
Тұлға бостандығын қалай түсінесің?
Тұлғаны ерік сапалары
Әдебиеттер:
1.Үсембаева Р.Б. «Тұлға психологиясы» пәнінен «Білім» тобындағы мамандық студенттері үшін оқу құралы- Шымкент, 2016ж.
2.Шульц Д.П., Щульц С.Э. Қазіргі психология тарихы 11-басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры. 2018-448 б.
5-практикалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тұлғалық ресурстар ұлттық сананы сақтау мен дамытудың факторы ретінде
Сабақ мақсаты:Студенттерге тұлға ерекшелігін құрылымын таныстыру. Тұлғаның мақсаты, жоспарлы, жүйелі процесс екендігін түсіндіру
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы: Іс –әрекет түрлеріне психологиялық талдама жасау
«Қайта байланыс» жаттығуы
Студенттер шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тақырып бойынша сұрақтар қояды.
Оқытушының сөзі: Әр адам сыртқы дүниенiң сансыз тiтiркендiргiштерiне өз әлiнше түрлiше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, бiртiндеп беки келе, сол адамның үйреншiктi әдетiне, мiнез-құлқының мәнерiне айналады. Сөйтiп, әр адамда әр түрлi мiнез бiтiстерiнiң болуы оның сыртқы ортамен түрлiше қарым-қатынас жасауының нәтижесi болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшiн жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мiнезiн құрайды.
Адамның үйреншiктi әдетi болып қалыптасқан мiнез бiтiстерiнiң кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негiзгi қатынастарына сәйкес келмейтiн кездерi де болады. Мәселен, бiреудiң қатал, не тымыр болуының негiзiнде адамды менсiнбеу, тәкаппарсыну сияқты мiнез қатынастарының тұрақты жүйесi жатпай, оның темпераментiнiң жүйке жүйесiнiң тума қасиеттерiне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерiнiң жатуы ықтимал.
Мiнез — адамның негiзгi өмiрлiк бет алысын және оның өзiндiк әрекетiнiң айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелiк. Ол — көп қасиеттiң бiрлiгi, түрлi өзгешелiктердiң қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан көрсететiн қасиет. Мiнез бiтiстерi көп. Олардың бәрi де жеке адамның қасиеттерi болып табылғанмен, мұның кез келгенi мiнездiң бiтiстерi болып саналмайды.
Мiнездi даралық өзгешелiктiң өзегi, адамның негiзгi тiршiлiк бағытының өрнегi деуге болады. Мiнезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленедi. Мiнез — кең мағыналы ұғым. Онда түрлi сапалар тоғысып жатады. Мiнездiң моральдық жағынан тәрбиелiлiгi, бiрқалыптылығы, толықтылығы, күшi мен айқындығы, салмақтылығы — оның негiзгi сапалары болып есептелiнедi.
Достарыңызбен бөлісу: |