Әкімбаев А.Ә. Барлық мамандықтар бойынша «Мәдениеттану және психология» пәнінен практикалық сабақты жүргізуге арналған Әдістемелік нұСҚаулық ш ымкент, 2023 ж



бет12/25
Дата05.10.2023
өлшемі1,23 Mb.
#183879
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Байланысты:
DOxTX8oA5NpcBDm04XaPeYQ4i99ycUxjbS1uiS0X

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақ ұлтының бірегейлігі

  2. Ұлт табиғаты

  3. Қазақ ұлтына тән тұлғаның дүниетанымы қандай?

Әдебиеттер:
1.Шульц Д.П., Щульц С.Э. Қазіргі психология тарихы 11-басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры. 2018-448 б.
2.Буркитбаева Д. «Психология» пәнінен гуманитарлық мамандық студенттеріне арналған дәріс жинағы Шымкент : ОҚМУ, 2018ж.
3.Алдамұратов Ә. Жалпы психология : оқулық жоғары оку орындарына арналған / Ә. Алдамұратов. - Алматы : "Эверо", 2013.


7-практикалық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тұлғалық және кәсіби жетістікке жету психологиясы
Сабақ мақсаты:Тұлғаның психологиялық, мотивациялық-қажеттілік сфера жайлы білімдермен қамтамасыз ету. Мотивациялық процесстердің заңдылықтарына шолу жасау
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы: Жетістікке жету мотивациясына толық талдау жасау
Оқытушының сөзі: Адам баласы тұлға болып қалыптаса бастағаннан оның өмірінде маңызы күшті, мағынасы терең жайттар болып жатады, ол адамның өмір сүру барысында, жасерекшелігіне де байланысты болып келеді.
Адам тек өз өмірінің мағынасын тауып қана қоймай, оны ары қарай жүзеге асыруы керек. Адам өз өмірінің мағынасының алдында жауапты, мағынаның орындалуы қарапайым процесс емес. Өз өмірінің мағынасын ұйымдастыруда тұлғаның мағынасы қайталанбас болады. Тұлғаның мағынасы əрқашан қоғаммен тығыз байланыста болып келеді, индивид өзінің бағдарында қоғамға байланысты икемделеді жəне керісінше, қоғам мағынасы өз кезегінде индивидтің тіршілік етуіне негізделеді.
Адамның жан дүниесін терең зерттеген психолог ғалымдар мынадай анық ақиқатты байқаған. Жас адам саналы ғұмырын бастамай жатып ауыр трагедияға ұрынып, оның бағалы тағдыры қайғы мен қасіретке айналғанда түпкі себебі біреу деген. Жап-жас өрімдей жігіт немесе қыз баласы өзінің өмірге не үшін келіп, не үшін өмір сүру керек екенін ұмытып, ақылы шатасқанда оның тағдыры қайғы мен мұңға тола бастайды. Сондықтан кез келген қоғамдық дерттен жас ұрпақты аман алып қалу үшін оларға өмірдің мәні мен тіршіліктің ақиқат тірегі туралы шындықтарды анықтап беру ең маңызды шаруа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет