Әкімбаев А.Ә. Барлық мамандықтар бойынша «Мәдениеттану және психология» пәнінен практикалық сабақты жүргізуге арналған Әдістемелік нұСҚаулық ш ымкент, 2023 ж



бет11/25
Дата05.10.2023
өлшемі1,23 Mb.
#183879
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Байланысты:
DOxTX8oA5NpcBDm04XaPeYQ4i99ycUxjbS1uiS0X

Бақылау сұрақтары:
1. Тұлға психологиясы.
2. Тұлға құрылымын қалыптастыру жолдары.
3. Жеке адам бағыттары
Әдебиеттер:
1.Шульц Д.П., Щульц С.Э. Қазіргі психология тарихы 11-басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры. 2018-448 б.
2.Буркитбаева Д. «Психология» пәнінен гуманитарлық мамандық студенттеріне арналған дәріс жинағы Шымкент : ОҚМУ, 2018ж.
3.Алдамұратов Ә. Жалпы психология : оқулық жоғары оку орындарына арналған / Ә. Алдамұратов. - Алматы : "Эверо", 2013.


6 –практикалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тұлғаның дүниетанымы және ұлттық бірегейлігі
Сабақ мақсаты:Ұлттық бірігейлік «ұлт, этнос» және т.б. ұғымдардың мәнін және мазмұнын ашып анықтау
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы:
Адамның құрылымы суретін сала отырып, түрлеріне сипаттама беру
Оқытушының сөзі: Адам өмірге келген сәттен бастап өзінің іргетасын қалыптастырып, өмірдің ағы мен қарасын ажыратуды үйреніп, жеке тұлғалық қасиеттерге ие бола бастайды. Өзін қоршаған адамдарымен араласу жағдайында өзара қарым-қатынасқа түсуді үйренеді. Өзінің менін қалыптастырады.
Адамның өзінің менінің бейнесі әр түрлі жағдайларда, әр түрлі адамдармен көп түрге ие болуы мүмкін. Жапондардың көзқарастары бойынша, адамдардың үш бет-бейнесі болады екен. Бірі - жай ғана адамдармен араласқанда қолданатын бейнең, екіншісі - жаныңа жақын адамдарыңмен араласқандаға бейнең, және үшіншісі - өзіңмен араласқанда, дәлірек айтқанда, өз-өзіңмен оңаша қалғандағы бейнең. Осы аталғандардың ішіндегі соңғысы адамның шын бет бейнесі. Расында да, адам оңашада қалғанда өзін еркін ұстап, қалаған нәрсесін санаға байланысты ерікті түрде жасайды. Не нәрселерді де ойлауы мүмкін. Жеке қалған жағдайда жағымды ойлар ойлап, болашағын елестеткен адамның ойлары жүзеге асатынына сенемін. Бұл жөнінде көптеген кітаптар жазылып, видео туындылар да шығарылған болатын. Үшінші бейнеңді таза ұстаған жағдайда ғана, біріншіден, өзіңмен қарым-қатынаста шынайы боласың, екіншіден, адамдармен қарым-қатынаста көп жүзділіктен арыласың. Психология ғылымы бойынша мен концепциясын екіге бөліп қарастырады: идеалды мен және реалды мен. Идеалды мен өзін қандай деп санайтын бейнесі немесе сол бейнеге ұмтылуы. Тағы да екі мағына... Адам бір бейнеге ұмтылып, өзінің қарапайымдылыған сақтауы мүмкін немесе өзін әу бастан биік санап, жоғары көрінуі мүмкін. Қазіргі таңда, адам өзін-өзі жақсы көруі қажет, сол жағдайда ғана басқаларды жақсы көре алады деген пікірлер көбейіп кетті. Бір жағынан дұрыс та болар. Дегенмен, әр нәрсенің екі жағы бар... Адам өзіне-өзі ғашық болып, тамсану дәрежесіне дейін өтіп кеткен жағдайда қоршаған адамдарын жақсы көру функциясынан айырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет