Әкімбаев А.Ә. Барлық мамандықтар бойынша «Мәдениеттану және психология» пәнінен практикалық сабақты жүргізуге арналған Әдістемелік нұСҚаулық ш ымкент, 2023 ж


Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы



бет7/25
Дата05.10.2023
өлшемі1,23 Mb.
#183879
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Байланысты:
DOxTX8oA5NpcBDm04XaPeYQ4i99ycUxjbS1uiS0X

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы:


«Автопортрет» жаттығуы.
Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді.
Рефлексия Білім алушылар жеке-жеке өзінің іс-әрекет мотивтерін қағаз бетіне түсіріп, болашақтағы еңбек іс-әрекетінің мотивациясын дамыта отырып, жеке тұлға болып қалыптасудың мотивациясын түсіндіреді.
Бақылау сұрақтары:

  1. Психология ғылымының мотивация түсінігі

  2. Іс-әрекеттің түрлері қандай?

Әдебиеттер:
1.Шульц Д.П., Щульц С.Э. Қазіргі психология тарихы 11-басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры. 2018-448 б.
2.Буркитбаева Д. «Психология» пәнінен гуманитарлық мамандық студенттеріне арналған дәріс жинағы Шымкент : ОҚМУ, 2018ж.
3.Алдамұратов Ә. Жалпы психология : оқулық жоғары оку орындарына арналған / Ә. Алдамұратов. - Алматы : "Эверо", 2013.


3-практикалық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Эмоцияның әр түрлі мәдениеттерде көрінуі мен сезілуі

Сабақ мақсаты:Психологиядағы эмоциялық жағдайға, эмоцияның сезілуіне тоқталу
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы:Бұл практикалық сабақта студенттер психология ғылымының зерттеу әдістерінің кластерін жасайды. Кластерді құрастыру ережелері: Ойыңызға келгеннің барлығын жазыңыз. Идеялардың сапасына мән бермеңіз: жай ғана жаза беріңіз.Сөздер мен сөйлемдердің жазылуына және басқа факторларға көңіл бөлмеңіз.Берілген уақыт аяқталмағанша дейін жазуды тоқтатпаңыз, егер идеялар ойға келмесе, бетке сурет сала тұрыңыз.Көп байланыс құруға тырысыңыз. Идеялар санын шектемеңіз және олардың арасындағы байланысты сақтауға тырысыңыз. 
Оқытушының сөзі: Эмоцияларды бiрнеше топқа жiктеуге болады. Олардың бiр тобы жағымды не ұнамды эмоциялардеп аталады. Бұлар адамның тiршiлiк қажетiне орайлас, оның iшкi өмiрiнiң шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бiрi болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйiспеншiлiк, көңiл қоштық т. б.- осындай эмоциялардың ендi бiр тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делiнедi. Бұлар — белсендi әрекетке азды-көптi нұқсан келтiретiн қораш сезiмдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмiтсiздену т. б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделi эмоциялар болып та бөлiнедi. қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерiнiң өтелу-өтелмеуiне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделi түрлерiне: көңiл, аффект, құмарлық эмоциялары кiредi.
Адамдардың сана-сезiмi өскен сайын оның қимыл-қозғалыстары да мәдениеттене түседi. Эмоциялық жағдайлар адамның дем алу, қан айналу органдарына өзгерiстер түсiретiнiн, бет әлпетi мен (мимика) бүкiл дене қимылдарына (пантомимика), сөздiң интонациясы мен тембрiне, дикциясы мен паузасына да өзгерiстер енгiзетiндiгiн дәлелдейтiн мысалдар көп. Қорқу эмоциясы кезiнде адамда байқалатын мәнерлi қозғалыстарды алайық. Қорыққан адамның қасы тартылып, түсi бозарады, қозғалыстары баяулап не мүлде тоқтайды, денесi дiрiлдеп қалшылдайды, шашы үрпиiп, көзi шарасынаи шығып, даусы қарлығып, үнi кiбiртiктейдi, аузы кебiрсiп, тынысы өзгередi, бетi шiмiркенiп, бүкiл денесi қалтырап, салқын тер шып-шып шығады. Тiптi орнынан қозғала, сөйлей алмай, дауысы шықпай қалатын кездерi болады. Қорқыныштың жеңiл түрi тынышсыздану, ауыры — үрейi ұшу т. б. Эмоциялық жағдай кезiнде адамның денесiнен байқалатын әр түрлi мәнерлi қозғалыстарды Абай өлеңдерiнен көптеп кездестiруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет