Әкімбаев А.Ә. Барлық мамандықтар бойынша «Мәдениеттану және психология» пәнінен практикалық сабақты жүргізуге арналған Әдістемелік нұСҚаулық ш ымкент, 2023 ж


Практикалық сабақты жүргізу түрлері мен әдістері



бет4/25
Дата05.10.2023
өлшемі1,23 Mb.
#183879
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
DOxTX8oA5NpcBDm04XaPeYQ4i99ycUxjbS1uiS0X

Практикалық сабақты жүргізу түрлері мен әдістері

Практикалық сабақтар, негізінен, жоғары мектепте гуманитарлық пәндерді оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі болып табылады.


Практикалық сабақтар - студенттердің шығармашылық іс-әрекетін дамытудың бірден-бір жолы болып табылады. Мұнда студент практикалық сабаққа дайындалу барысында өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеп, тұлғалық сапасын дамытуға мүмкіндік алады (талдау жасау, рефераттар жазу, баяндамаларға дайындалу, т.с.с).
Практикалық сабақтарның болашақ мамандарды даярлауда маңызы зор, себебі мұнда студенттер үшін әртүрлі, күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады, студенттердің шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамытады. Практикалық сабақта студенттер ғылыми ақпаратты меңгереді, ғылыми жұмыстарды жазу, өндеу дағдысы мен іскерлігін дамытады, материалды ауызша немесе жазбаша түрде айтып, жазып беру өнерін игереді.
Практикалық сабақ - студенттердің теориялық білім дағдысы, біліктілігін меңгеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін сабақтың негізгі түрінің бірі.
Практикалық сабақ міндеттері:

  • шығармашылықты кәсіби ойлауын дамыту;

  • танымдық мотивациясын қалыптастыру;

  • пәнге қатысты ғылым тілін меңгеру;

  • пәнге қатысты белгілі ұғымдарды, түсініктері, анықтамаларды қолдану дағдысын қалыптастыру;

  • интеллектуальдық проблема мен тапсырмаларды қоя білу мен шешу білігімен дағдысын меңгерту.

Практикалық сабақ мақсаты: практикалық сабақтың бірден-бір мақсаты лекцияда алған білімді терең ұғыну, проблемаларды шешу, проблемалық ситуациялар мен оны шешудің ойластырып, талдау, өз позицияларын айқындап, анықтау. Білімді қайталау мен бекіту, бақылау тақырып аясында педагогикалық қарым – қатынас құру.
Практикалық сабақтың әдістері мен түрлері: белгіленген жоспар бойынша кең көлемді жүргізіледі. Олардың қатарына әңгімелесу, студенттердің тақырып бойынша қысқаша докладтары, пікір алмасулар, тақырыпты кәсіби даярлықпен көрсететін талқылаулар, меңгеруге қиын тақырыптарды, сұрақтарды талдау, кейстер, рольдік ойындар жүргізу, тестілер, кроссвордтар шешу, сөздіктер, реферат қорғау, жаттығулар орындау, тапсырмалар шешу, жеке және топтық жоба әзірлеу бағы басқада әдістер бар. Бұл көрсетілген интерактивті әдістердің ішінен студенттің белгілі бір дағдысы мен біліктілігін арттыратын дамытушылығын қарастыратын түрлері тақырыпқа сай іріктеліп алынады. Мысалы, белгілі бір тақырыпқа сай тапсырманы шешу немесе жаттығуды орындау сияқты әдіс түрлері теорияның меңгеруін жеңілдетіп, оның тәжірибесімен байланыстыра түседі. Сондай-ақ сабақ кезінде уақытты тиімді пайдалануына, олардың сабақта белсенді танымдық-ойланғыштық процеске тартылуына, қарастырып отырған тақырыпқа қызығушылығының арта түсуіне көмектеседі.
Практикалық сабақтың бағалану белгілері:
Мақсаттылық:
Проблеманы қою;
Теория мен тәжірибені байланыстыру да болашақ кәсіби іс-әрекетке сай материалды қолдана білу;
Пәнге қатысты негізгі сұрақтарды айыру;
Ұйымдастырушылық:
Пікір-таласты тудыру мен қуаттай білу;
Барлық жауап пен пікірлерді констуктивті талдау;
Жүргізу стилі:
Өткір сұрақтарды қоя білу;
Оқытушы-студент қатынасы;
Силастық, талапкерлік, немқұрайлық;
Практикалық сабаққа дайындықтың бастау — әдебиетпен жұмыс істеу, талқыланатын мәселелер мен сұрақтарға дайындалу. Практикалық сабағы өзінің әдістемесі мен ерекшеленеді, яғни әдістемесінің әртүрлі, көп қырлығымен ерекшеленеді практикалық сабаққа даярлықта сол ерекшелік ескерілуі керек.
Практикалық сабақтың жоспары, қарастырылатын сұрақтар алдын-ала белгілі болады, онымен студенттер алдына-ала танысады. Сол бойынша барлығы дайындалады. Келесі бір әдісі — белгілі бір тақырыптарға, белгілі бір студенттер арнайы дайындалады. Бұл жағдайда оқытушы студент баяндамасының өз бетінше шығармашылықпен, жауапкершілікпен жұмыс істеу деңгейін бағалайды. Қалған студенттер тек тыңдаушылық ғана рөлін орындамау үшін топтың белсенділігін (сабақ үстіндегі) арттыру үшін оқытушы тақырыпқа байланысты, мүмкіндігінше, көптеген қосымша сұрақтар дайындауы керек. Практикалық сабақ барысында бұл аталғандардан басқа да әдістер қолданылады соның бірі іскерлік ойындар. Мұнда студенттер берілген тақырыпқа сәйкес даярлану керек. Бұл әдіс бойынша студентке шынайы өмірмен барабар жағдаяттар тапсырылып, белгілі бір шиеленісті жол тауып шығу тапсырылады және студент үшін арнайы шарттар мен ережелер беріледі.
Оқытудың кредиттік жүйесі - өзіндік білім көтеруде өзгерісте болып, шығармашылық сипатқа ие болатын білім беру жүйесі. Оқытушы бұл жүйе бойынша студенттің жұмысын курс бағдарламасы бойынша ұйымдастырушы. Қазіргі студенттің тұлғалық даму деңгейін көтеру үшін студент нақты білік пен дағдыны игеруі тиіс. Бұл жүйе бойынша оқытушы студентті өзіндік пікір мен белсенділікке үйретуі тиіс. Оқытушы оқытудың интерактивті әдісін пайдалану арқылы студенттің тұлғалық, кәсіби динамикалық өсуін қамтамасыз етеді.
Практикалық сабақтарының тақырыптары модулі бойынша бөлініп беріліп, студенттің алдын-ала дайындалуына мүмкіндік жасайды.

1-практикалық сабақ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет