Әкімбаев А.Ә. Барлық мамандықтар бойынша «Мәдениеттану және психология» пәнінен практикалық сабақты жүргізуге арналған Әдістемелік нұСҚаулық ш ымкент, 2023 ж


Сабақтың тақырыбы: Заманауи психологияның салалары



бет5/25
Дата05.10.2023
өлшемі1,23 Mb.
#183879
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
DOxTX8oA5NpcBDm04XaPeYQ4i99ycUxjbS1uiS0X

Сабақтың тақырыбы: Заманауи психологияның салалары
Сабақ мақсаты:Психология ғылымының қазіргі орны туралы, даму тарихы мен психологиялық құбылыстармен даму ерекшеліктерін де жан-жақты зерттеп, қарастыру. Студенттерге психологияның ғылым ретінде қалыптасуы мен заманауи психологияның салаларын таныстыру.
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы: Бұл практикалық сабақта студенттер психология ғылымының негізгі салаларына теориялық талдау жасайды. Психология ғылымының түп негізін түсіну келесі практикалық сабағының материалын меңгеруге негіз болады. 


Оқытушының сөзі: Психология ғылымы педагогика, философия, әлеуметтану, саясаттану, өзін-өзі тану, этика-эстетика, мәдениеттану, медицина ғылымдарымен байланысады. Математика, биология, кибернетика, этика, эстетика, социология т. б. ғылымдарының соңғы жаңалықтары психологияға кеңiнен енiп, оның жан-жақты дамуына игiлiктi әсер етiп отыр. Мәселен, автоматтык машиналар мен тiрi организмдердi басқару мәселесiн қарастыратын кибернетика ғылыми психикалық әрекеттiң заңдылықтарын зерттеп, оның модельдерiн (үлгiлерiн) қолдан жасап шығаруға мүмкiнд;к туғызады. Осының нәтижесiнде адамның ақыл-ой құбылыстарын табиғаттағы түрлi құбылыстармен салыстыра зерттеуге жағдай туды. Психология мен этиканың арасында да тығыз байланыс бар. Этика адамдардың мiнез-құлық нормаларын, адамгершiлiк принциптердiң заңдылықтарын зерттейтiн ғылым. Мораль мәселесiнiң кейбiр жақтарын да (адамның моральдық сезiмдерi, саналылық дәрежесi) психология ғылымы қарастырады. Бiрақ этикаға қарағанда психологияның зерттеу объектiсiнiң көлемi ықшам. Психология сана құбылыстарының пайда болу жолын, қалыптасу жағдайын зерттейдi, ал этика болса бүкiл адамгершiлiк қасиетке қатысты мәселелердiң бәрiн карастырады.
Психология сондай-ақ жаратылыстану (биология, физиология, неврология т.б.) педагогика, пән методикасы ғылымдарымен де тығыз байланысып жатады. Психология ғылымы нарық экономикасына көшу кезеңiндегi адамдардың көңiл-күй ерекшелiктерiн, егемендiк пен тәуелсiздiктiң адам психикасына қалайша әсер етiп отырғандығы; ұлттық оқу-тәрбие процесiнде болып жатқан түрлi жаңалықтарды психологиялық тұрғыдан зерттеу осы ғылымның басты мiндеттерi болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет