Тренинг «Жүректен - жүрекке». Бәріміз қол ұстасайық. «Мәдениеттану және психология» пәні бойынша бұл соңғы сабағымыз. Олай болса, сабағымызды бір-бірімізге деген ізгі тілектермен аяқтайық. Ол тілектер жүректен – жүрекке жетеді деп сенейік!
Қорытындылау. «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап» - деп Абай атамыз айтқандай, сіздердің өте еңбекқор болып, қай нәрсеге де сабырмен, ақылмен қарай алатындықтарыңызға сенім арта отырып, сіздердің өмір жолдарыңызға сәттілік, қуаныш пен бақыт тілеймін!
Бақылау сұрақтары:
1.Коммуникация түрлері
2.Тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі
Әдебиеттер:
1.Шульц Д.П., Щульц С.Э. Қазіргі психология тарихы 11-басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры. 2018-448 б.
2.Буркитбаева Д. «Психология» пәнінен гуманитарлық мамандық студенттеріне арналған дәріс жинағы Шымкент : ОҚМУ, 2018ж.
3.Алдамұратов Ә. Жалпы психология : оқулық жоғары оку орындарына арналған / Ә. Алдамұратов. - Алматы : "Эверо", 2013.
Практикалық сабақтағы тапсырмаларды орындауға қойылатын бағалау критерилері
Баға
|
Бағалау критериі
|
«Өте жақсы»
|
- білім алушы практикалық сабақ тапсырмасын дұрыс орындады;
- негіздемелерге заңдарға не басқада ақпарат көздеріне сілтеме жасау арқылы дәлелдейді;
- жауаптарды іс – тәжірибеде ұқсас жағдайлар арқылы дәлелдейді;
- практикалық сабақ тапсырмасын орындауды еппен, логикалық үйлесімділікпен жүзеге асырады;
|
«Жақсы»
|
- білім алушы практикалық сабақ тапсырмасын дұрыс орындады;
- практикалық сабақ тапсырмасын орындау барысында жұмыстың қорытындысына кері әсері жоқ қателік жіберді;
- шешімді табу үшін заңдық не басқада дерек көздерді пайдаланғанына сілтеме жасай алады;
- жауаптарды іс – тәжірибеде ұқсас жағдайлар арқылы дәлелдей алады;
- қойылған практикалық сабақ талаптарын алға тарта отырып шешімін ұсынады.
|
«Қанағаттанарлық»
|
- білім алушы оқытушының тексеріп түзеткенінен соң барып тапсырманың дұрыс түрін ұсынды;
- практикалық сабақ тапсырмасының соңғы нәтижесіне кері әсер ететін қателіктер жіберілді;
- жауаптарды іс – тәжірибеде ұқсас жағдайлар арқылы дәлелдей алады, бірақ заңдық құжаттардан не басқада дерек көздерден сілтеме жасай алмайды;
- практикалық сабақ тапсырмасын өңдеп ұсынуда елеулі қателіктер жіберген;
|
«Қанағаттанарлықсыз»
|
-практикалық сабақ тапсырмасы орындалмаған, мәселені шешуде елеулі қателіктер жіберілген;
- жұмыс ұсынылмаған.
|
Достарыңызбен бөлісу: |