Әкімшілік құқықтың әдісі



Дата08.02.2022
өлшемі13,41 Kb.
#118579
Байланысты:
әк. құқық


Әкімшілік құқықтың әдісі Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің, яғни әкімшілік құқықтың әдісі болып әкімшілік- құқықтық қатынастарға ықпал етуге көмектесетін әдіс-тәсілдер, шаралар жиынтығы саналады. Бұл жиынтықты құрайтындар: а) құқық беру – тұлғаларға өздерінің жеке белсенді әрекеттеріне құқық беру; ә) тыйым салу – белгілі бір әрекеттерді жасаудан тартынуды талап ету; б) позитивті міндеттеу – тұлғаларға өздерін дұрыс ұстау міндетін жүктеу. Мемлекеттік билік әдістері – басқару органдарының, олардың лауазымды тұлғаларының басқарылатындардың еріктері мен саналарына тікелей ықпал етудің әртүрлі тәсілдері. Мемлекеттік билік әдістерін келесі белгілер сипаттайды: барлық мемлекеттік билік әдістері мемлекеттің еркімен құрылады және одан туынды; әдетте олар мемлекеттік қызметті орындау процесінде жүзеге асырылады; Әкімшілік-құқықтың ғылым ретінде бастысы – тек қана әкімшілік-құқықтық қатынастарды зертеу емес, сонымен қатар әкімшілік құқықтың даму перспективасын белгілеу, адам мен азаматтың абсолютті және бөлінбес құқықтарын конституциялық бекіту, биліктің бөлінуі және ҚР Конституциясындағы басқа да тенденцияларды белгілеу болып табылады.
Осы аталған әдістерді дұрыс қолдану мемлекеттік билікті жақсартады, сондықтан бұл әдістерді әрі қарай қолдану және жетілдіру мемлекеттік билікті жақсарту болып саналады. Мемлекеттік басқару әдістері мемлекеттік сипаттағы қызметті жүзеге асыру үшін қолданылады. Осыған байланысты олар көбінесе басқарушылық қызметтің құқықтық нысандарында көрінеді.Басқарушы ықпал ету сипатына қарай бөледі: моральды-саяси әдістер (тәрбие, агитация, пропаганда және т.б.), ұйымдастыру әдістері (координация, келісім, бақылау, инспекциялау, нұсқауландыру, алқалылық және т.б.), әлеуметтік әдістер (сұхбаттау, анкеталау, эксперимент және т.б.), психологиялық әдістер (психологиялық сендіру, мотивация, авторитет және т.б.), әкімшілік және экономикалық әдістер.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет