Жоспар Заңдылықтың түсінігі мен қағидалары Құқықтық тәртіптің түсінігі



Дата10.06.2020
өлшемі0,74 Mb.
#72938
Байланысты:
зандылык жане кукыктык тартип

  • Заңдылық және
  • құқықтық тәртіп
  • Жоспар
  • Заңдылықтың түсінігі
  • мен қағидалары
  • Құқықтық тәртіптің түсінігі.
  • Заңдылық пен құқықтық
  • тәртіптің арақатынасы.

1. Заңдылықтың түсінігі

  • Қоғам тәртіпке, заңдылыққа негізделіп, соған арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың әсерімен орнатылады. Қоғамдағы барлық қарым-қатынасты құқықтық реттеу өте күрделі; ол көп салалы, көп жүйелі процесс. Құқықтық басқарудың екі күрделі бағыты: құқықтың қоғамдағы қатынастарға тигізетін әсері, ыкдалы және құқықтық реттеудің, басқарудың рөлі. Бұл екі процесті қосып айтқанда - қатынасты құқықтық реттеудің, басқарудың механизмі дейді.

1). Құқықтық норма

  • 1). Құқықтық норма
  • арқылы қоғамдағы заңдылықтың, тәртіптің талабы, мазмұны, шеңбері, мүдде-мақсаты анықталады; олардың орындалу бағыттары, жолдары, тәсілдері көрсетіледі. Егер дұрыс орындалмаса, жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі.
  • 2).Құқықтық қатынас арқылы субъектілердің арабайланысын мүдде-мақсатын, құқық пен міндеттерін анықтап, біліп отырады. Ол мүдде-мақсаттарды қандай нормативтік актілер арқылы іске асырады; қатынастың басталуы мен аяқталуы көрсетіледі.
  • Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеу механизмі құрылымының элементтері:
  • 3). Заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы актіде қатынастың толық орындалып, аяқталуы; мүдде-мақсаттың екі жақты іске асуы; дұрыс орындалмаса себептері көрсетіледі, оны түзеу, орындау жолдары анықталады.

Заңдылық дегеніміз — мемлекеттің конституциясын, парламенттің қабылдаған заңдарын, президенттің заң күші бар жарлықтарын қатаң бақылап, оларға нышан келтіруге жол бермеу. Заңға тәуелді актілерді бақылау заңдылыққа жатпайды. Заңдылықтың мазмұны үш элементтен құрылады.

  • Заңдылық дегеніміз — мемлекеттің конституциясын, парламенттің қабылдаған заңдарын, президенттің заң күші бар жарлықтарын қатаң бақылап, оларға нышан келтіруге жол бермеу. Заңға тәуелді актілерді бақылау заңдылыққа жатпайды. Заңдылықтың мазмұны үш элементтен құрылады.
  • Міне осы элементтер іс жүзінде бірігіп, қалыптасса, қоғамда заңдылық орнап, құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік болады.

Заңдылықтың өзіне тән ерекшеліктері:

  • Заңдылықтың өзіне тән ерекшеліктері:
  • - заңдылық барлық қоғам көлемінде дамиды; оны орындау, дамыту барлық қоғамның жұмысы. Бұл жұмысты қамтамасыз ету мемлекеттің, бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, саяси партиялардың міндеті. Бақылау мемлекеттік органның жұмысы.
  • - заңдылық нормативтік актілермен тығыз байланыста дамиды. Олар бір-біріне зор әсер етіп отырады. Бірі жақсы дамыса екіншісі де жақсы дамиды, нашар дамыса, екеуінің де деңгейі төмен болады.
  • Сондықтан заңдылық мемлекетте бір-бірімен тығыз байланысты екі мәселені дұрыс дамытуды қалайды:
  • - заң шығаруды дамыту, нығайту, кемшілікке жол бермеу;
  • - заңды бұлжытпай, уақытында орындауды қамтамасыз ету.
  • Заңдылықтың негізгі талабы:
  • - заңның үстемдігін қамтамасыз ету;
  • - заңды түсіну мен орындаудың бірлестігін қатаң, орындау;
  • - адам өз құқығын, өз бостандығын қорғаймын деп басқаның құқығына нұқсан келтірмеуге міндетті;
  • - заңдылыққа еш мәселені қарсы қоюға болмайды;
  • - құқықты бұзушылыққа қатаң күрес жүргізу.

Заңдылықтың қағидалары

  • Заңдылықтың қағидалары
  • бұл заңдылықтың мазмұнын ашатын негізгі идеялар, бастамалар. Оларға мыналар жатады:
  • 1) заң үстемдігі – барлық нормативтік және жеке құқықтық актілердің заңға бағыныстылығын білдіреді;
  • 2) заңдылықтың тұтастығы – нормативтік актілерді түсіну мен қолдану елдің бүкіл аумағында бірдей болуы тиіс дегенді біл-діреді;
  • 3) заңдылықтың мақсатқа сәйкестігі – құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру қызметінің қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін ең дұрыс түрлерін қатаң түрде заң-дардың шегінде таңдау қажеттігін, заңдылық пен мақсатқа сәйкес-тілікті қарама-қарсы қоюды болдырмауды білдіреді, яғни, мақсат-қа сәйкестілікті себеп қылып заңды бұзуға жол берілмейді;
  • 4) заңдылықтың шынайылығы – құқықтық ережелердің барлық қызмет түрлерінде іс жүзінде орындалуына жетуді және оларды кез-келген түрде бұзу міндетті түрде жауапкершілікті көздейтінін білдіреді.

2. Құқықтық тәртіптің түсінігі

  • Құқықтық тәртіп — заңдылықтың дәйекті, нақтылы толық орындалуы. Заңдылық-құқықтық тәртіптің мазмұны мен мақсаты, мұраты мен қағидалары. Заңдылық пен құқықтық тәртіп тығыз байланысты. Құқықтық тәртіп - заңдылықтың мазмұны мен мүдде-мақсаты. Осы екі ұғым бірлесіп орындалады
  • Құқықтық тәртіптің мазмұны - субъектілердің дұрыс тәртібі, нормативтік актінің талабына сәйкес жұмыс жасау, іс-әрекетте қателікке жол бермеу. Құқықтық тәртіптің құрылымы - қоғамның санасымен байланысты тұрғыда іс-әрекет жасап, қатынас арқылы өздерінің мүдде-мақсатын іске асыру. Құқықтық тәртіптің ерекшелігі - бұл қарым-қатынас құқықтық норма арқылы өмірге келіп, мемлекетгің бақылауында болады. Егерде қарым-қатынаста қателіктер кетсе, оны мемлекеттік орган түзетуге тиіс.

3. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы.

  • 3. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы.

Қорытынды

  • Қорытынды
  • Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет