Әкімшілік құқық нормалары белгілі бір критерияларға байланысты жіктеліп (классификацияланып) бірнеше түрлерге бөлінеді.
Әкімшілік құқық нормаларының ең күрделі түсінігі, яғни мәні мен мазмұнын ашатын негізгі критериялар мыналар:
а) мазмұны;
б) субъектілердің мінез-құлқкына әсер ететін әдістер;
в) белгілі бір мақсатты тағайындау:
г) белгілі бір ортада қолданылуы (в сфере):
д) заңды күші;
е) қолданылу шегі (белгілі бір аймаққа уақытқа субъектілер тобына қолданылуы).
Әкімшілік құқық нормалары мазмұны бойынша:
1. материалдық (қаржылық) нормалар
2. процессуалды болып екіге бөлінеді. Материалдық нормалар - азаматтардың әкімшілік- құқықтық мәртебесін атқарушы билік органы мен ұйымдарды біріктіретін ережелер. Мысалы: атқарушы билік органдары субъектілерінің қоғамға, тұлғаларға көрсететін заңды түрдегі құзіреті (компетенциясы).
Процессуалды нормалар - мемлекетпен бекітіліп, санкцияланған материалдық нормаларды жүзеге асыру барысында және мемлекеттік басқару органдарының жана нормативті актілерді шығарумен сипатталады. Процессуалды нормалардың материалдық нормалардан айырмашылығы:
а) өзінің тағайындалуымен, яғни материалдық нормалар субъектілерінің әкімшілік-құқықтық мәртебесін тағайындаса, ал процессуалдық нормалар олардың орындалуы мен міндеттелуін заңды түрде жүзеге асырады:
б) талап ету, яғни процессуалды нормалар ең алдымен материалдық нормалардың орындалуын талап етеді;
в) іске асыру, яғни әкімшілік-құқықтық материалдық нормалардың қабылдануын, олардың жүзеге асырылуын талап ету арқылы іске асыру.
Процессуалды нормалар материалдық нормалар сияқты классификациялау дәрежесіне байланысты жіктеледі.
Әкімшілік - құқықтық нормада атқарушы билік (мемлекеттік басқару) аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мінез-құлықтың ережесі болады. Әкімшілік - құқықтың нормасы өзімен реттелінетін қоғамдық қатынасының мәнін білдіреді, нақты әкімшілік - құқықтық актінің (заңның, Президентгің жарлығының, Үкіметтің қаулысының және т.б.) "кірпіші" болып табылады.
Әкімшілік - құқықтың нормалары Қазақстан құқығының жүйесінде манызды орын алады, өйткені әр түрлі қоғамдық қатынастардың үлкен тобын реттейді. Олармен адамдардың қажетті, рұқсат етілетін немесе ұсынылатын мінез - құлқының шегі, атқарушы билік органдары мен олардың лауазымды- адамдары, сондай-ақ атқарушы билік (мемлекеттік басқару) аясындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар мен еңбек ұжымдары қызметінің тәртібі айқындалады. Әкімшілік құқықтың нормалары мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару субъектілерінің өзара қарым-қатынастарының құқықтық режимін белгілейді, азаматтардың атқарушы билік аясындағы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін және оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін айқындайды. Әкімшілік, тәртіптік және материалдық жауапқершілік туралы, сондай-ак атқарушы билік органдары мен олардың лаузымды адамдарының қызметінде заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудің тәсілдері жөніндегі нормалар айтарлықтай орын алады.
Әкімшілік құқықтың нормалары нарықтық экономикаға көшу және оны кеңейтіп, нығайту жағдайында пайда болатын тек жаңа қоғамдық қатынастарды ғана реттеп, бекітіп және қорғап қоймайды, сонымен бірге қазіргі кезеңдегі жағдайларға тура келмейтін қоғамдық қатынастарды атқарушы билік (мемлекетгік басқару) аясынан ығыстырып шығарады. Оның көптеген нормаларында заңдарды орындау, жүзеге асыру, олардың таланттарын нақты жағдайлар мен басқару объектілеріне қолдану механизмі айқындалады.
Заңнамаларды орындау мен қолдану мақсаттарына атқарушы биліктің өз органдарының құқық шығару жұмысы да қызмет етеді. Зандардың нормаларының тікелей күші болмайтын жағдайларда, бұл рөлді Үкімет, орталық және жергілікті атқарушы билік органдары шығаратын заңға тәуелді актілер орындайды. Конституциялық және заңнамалық нормаларды заңға тәуелді актілер әбден талдап, нақтылай отырып, оларды шынайы "жұмыс істейтін" етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |