ЖОСПАР
Кіріспе 3
1. Әкімшілік-құқықтық нормалар түсінігі, ұғымы 4
2. Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері 5
3. Әкімшілік-құқықтық қатынастар түсінігі, мазмұны. 7
Қорытанды 11
Қолданылған әдебиеттер 12
Кіріспе
Әкімшілік құқықтың нормада атқарушы билік аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мінез – құлықтың ережесі блады. Әкімшілік құқықтың нормасы өзімен реттелетін қоғамдық қатынастың мәнін білдіреді, нақты әкімшілік құқықтық актінің ″кірпіші″ болып табылады.
Әкімшілік құқықтың нормалары Қазақстан құқығының жүесінде маңызды орын алады, өйткені әр түрлі қоғамдық қатынастардың үлкен тобын реттейді.
Әкімшіліқ құқықтың нормалары мен басқару мен жергілікті өзін - өзі басқару субъектілерінің өзара қарым – қатынастарының құқықтық режимін белгілейді, азаматтардың атқарушы билік аясындағы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін және оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін айқындайды. Әкімшілік, тәртіптілік және материалдық жауапкершілік туралы, сондай – ақ атқарушы билік органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметінде заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудің тәсілдері жөніндегі нормалар айтарлықтай орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |