3. Жүйке талшығының физиологиялық қасиеттері
Жүйке талшығы (гр. neurofibra neuron — жүйке және fibra - талшық) - жүйкелік глия (нейроглия) жасушаларыме(олигодендроглия жасушаларымен) қапталған нейроциттің біліктік (ось) цилиндрлі (нейроцит өсіндісі).
Құрылысына байланысты жүйке талшықтары: миелинсіз (үлпексіз) және миелинді (үлпекті) болып екі топқа бөлінеді.
Миелинсіз жүйке талшығы — вегетативтік жүйке жүйесіне тән. Оның ішінде бірнеше біліктік цилиндр болады. Олар сыртынан леммоциттермен ғана қапталған.
Миелинді жүйке талшығы негізінен сомалық жүйке жүйесі жүйкелерін құрайды. ішіндегі біліктік цилиндр сыртынан екі қабықпен қапталады. ішкі қалың миелінді қабығын сыртынан бір қабат леммоциттер қаптап жатады. Жүйке талшықтары: қызметіне байланысты сезімтал, аралас және қозғалтқыш жүйкелерді құрайды. Жүйке толқынын сезім мүшелерінен жүйке жүйесінің орталық мүшелеріне өткізетін жүйке талшығын — афферентті (орталыққа тепкіш), ал жүйке толқынын, керісінше, орталық жүйке жүйесі мүшелерінен шеткі орындаушы мүшелерге (Бұлшықеттерге, бездерге) өткізетін жүйке талшығын эфферентті жүйке талшығы деп атайды
Достарыңызбен бөлісу: |