2. Тітіркендіргіштің түрлері.
Тітіркенгіштік (сезімталдық) - бұл ағзаның сыртқы әсерге сәйкес жауап қайтару кезіндегі тірі ағзалардың жалпыға бірдей қасиеті. Жарық, жылу, ылғал, газ құрамы, дыбыс, химиялық заттар және т. б. тітіркендіргіш бола алады. Тітіркендіргіш әсеріне біртұтас ағза ғана емес, сондай-ақ жеке мүшелер, ұлпалар мен жасушалар да жауап қайтарады. Сонымен бірге тітіркендіруге әсер ету көп жағдайда қозу күшіне сай келе бермейді. Мысалы, көлденеңжолақты бұлшықетті аздап тітіркендіруден күшті жиырылу болуы мүмкін. Тітіркенгіштік өсімдікте әр түрлі жолмен пайда болады. Мысалы, шолпан шыбынжұттың жапырақтары ұзын тісшелері бар екі жақтаудан құралған. Жактаулардың әрқайсысында сезімтал қылқандары бар. Бунақдене сол қылканға тиіп кетсе, жапырақ тақташасы кітап беттері тәрізді беттесіп, олжасын қатты қысады.
Өсімдіктер мен жануарлардың тітіркенгіштіктерінің әрекетіне жауап қайтаратын осындай қозғалыстар таксис (гр. taxis - орналастыру, реті бойынша орналастыру) деп аталады. Ағзаның химиялық заттар (тұздар, қышқылдар, т. б.) әрекеті - хемотаксис деп аталады. Ал ағзаның қоршаған ортаның езгерісіне жауабы - термотаксис, ағзаның жарық деңгейіне жауабы - фототаксис деп бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |