Екінші бөлім Ғазали ғибыраттары


«Түріксой» ұйымдастырған исі түрік дүниесінің бишілері Малтөбе университетінің сақнасында



бет13/28
Дата25.12.2016
өлшемі16,14 Mb.
#5087
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28

«Түріксой» ұйымдастырған исі түрік дүниесінің бишілері Малтөбе университетінің сақнасында.
Жеке бастың ғана әсері емес, жалпы түркі тарихы туралы ойлардың ұйытқысы сияқты көрінген жазбаларымды, жазушы болғандықтан ба, білмеймін, қандай да бір сырды көпшіліктен жасырып жүргендей көрінгендіктен де, жол жорасы ретінде «Күнделіктегі» жазбаларымды жұрт назарына ұсынуды жөн көрдім.
*** *** ***

16 – 17 наурыздың дүбарасы. Астана – Станбол: Зейтұнбұрын (Зәйтұнтұмсық). Алланың бір тәулікке өлшеп берген жарық сәулесін бес сағатқа ұзартып, батқан күнмен жарысып отырып Станболдың Ататүрік атындағы әуежайына қондық. Астана алақұйын борандатып шығарып салған. Мұнда қоңыр салқын ғана. Қарсы алған ешкім көрінбеді.. Жарты сағаттан соң алаңдай бастадым. Әужайы көзтаныстау еді. Бәрібір көңілге абыржу кірді: «Әлгі тегін құрметіміз осы болып жүрмесін» – деген ұры ой да қылт ете қалды. Оқығанда ұзынырғасы түсінікті түрік тілі сөйлеуге келгенде жатырқап кетеді. Әйтеуір полицияға түсіндірдім. Жауабын өзім де түсіндім. Сөйтсем күту алаңынан жаңылыппын. Сырттағыларға тосқауыл қоятын тоспа есіме сонда түсті. Шыға келгенімде шайтанқұлағын жағына жабыстыра: «Міне, шықты!», – деп саңқылдап Шүкірәли тұра ұмтылды. Сол екі арада Хасен ағамыз Мюнхеннен екі мәрте хабарласып үлгеріпті. Енді болмаса олар да полицияға бармақ екен...

Дауысымды естіп барып Хасен ағамыздың алаңы басылды. Сонда да: «Өзі Мюнхеньде тұрып Станболдағы жолаушыны қарсы алған қазақты көргенім осы», –.деп шымшып үлгердім. Миығынан күлген шығар. Жиендері Шүкірәли мен Рамазан маған одырая қарады да: «Ой, ағамыз қатты мазасызданып, сізді күту үшін мені сонау Салихлыдан (арасы тоғыз жүз шақырым) шақыртып алды. Қашан шығарып салғанша күндіз-түні көлігімізбен мына Рамазан екеуміз қасыңыздамыз. Өзі дәрігердің әбігерінен шыға алмай қалды. Соған өкініп, сіздің әр сағат-минутыңызды кестеге түсіріп қойды. Малтөбеге ертең барасыз. Қонақжайыңызды кеше көріп, жамбасақысын төлеттіріп қойды. Қалғанын тағы да өзі бақылап отырмақ», – деді.

Сөйтіп, әмір қатты екен. Мен Хасекеңнің туған қарындасы Ғалия апайдың үйіне ұя басады екем. Қазақ – қаншыл жұрт дейді, қазақ қаншыл емес, қазақтың қыздары қаншыл. Жігіт атаулыны қырық күрмеу, мың мұқтаждықтан шығаратын ең сенімді жандар – апайың мен қарындасың. Бұл да біздің бастан кешкен тәжірибе. Деген қулық оймен Ғалия апайдың есігін ашқан бетте-ақ ... арқам кеңіп сала берді. Өзімнің-ақ апайымның үйі екен. Енді алманиялықтар алаңдамаса да болады дегенімше Хасекең де шайтанқұлақты шырылдатып қоя берді. Қатардағы рахметті қоңылтақсып тағы да бір шымшығым келгенімен, сөзімнің шынайы ризалығы сезіліп қалды. Іле Станболдағы қазақтардың «Ассалаумағалейумы» басталып кетті. Түн ортасы, тосаңсып уақыт алатын емес. Осы әулетке тиесілі «бір шымшым шымшымам» бар еді, соған салып, қойны-қоныштарына кіріп кеттім. Қанша айтқанмен атадан қалған жөн-жосық емес пе, ол қулығым өзін-өзі ақтады. Ғалия апай үрім-бұтақты, алыс-берісті, қазақтасқан түріктің, түріктескен қазақтың ұябасар жанашыры екен. Нұрғожай батырдың естелік кітабын таратып бердім. Түн белдеуінен асқанда сәлемдесушілер де тізелерін жазды.

Бізден бұрын да Мұхтар Мағауин мен Рымғали Нұрғалидың жамбасын сарғайтқан түпкі оңаша бөлмедегі жұмсақ төсекте осы күнделікті асығыс қағазға түсірдім. Таныстықтың көкесі алда деген соң көп адамның атын есте сақтауға тырыспадым. Бұл жолдарды қағазға түсіртіп отырған Ғалия апайдың қою қызыл, ыстық және ... тегін шайы ғой! Жол жүргендегі алаңым шай болушы еді, Хасекең одан да құтқарған екен. Таң қараңғысымен Малтөбеге жүрмекпіз. Шетелге келгенім сезілместен көзім іліне берді...


Хасен Оралтай және...
17 наурыз. Станблол: Зейтұнбұрын – Малтөбе. Бұл бір бабымен атқан таң болды. Ал өлшемі қысқа күннің ырыздығын тіршіліктің үш күндік әсеріне баладық. Бабымен атқан таңның бабын келтірген Ғалия апайдың таңғы шайы болды. Шәйдің не төресін қанып-ақ ішіп жүрміз ғой. Бірақ мына таңғы дастарханның жөні басқа еді. Мен шешеден ерте айырылсам да әжем мен апайларымның, жеңгелерімнің алақанында өскен кесірлі жетім болдым. Олар таң атпай дастарханға барын салып, шайын демдеп, қашан керіліп оянғанша күтіп отыратын. Дауыстап емес, шәйнектегі демделген шайдың қалампыр қосқан иісімен, сондай бір мейірімді пейілімен үнсіз оятушы еді. Астафир-алла! Ғалия апай да мені тура сол «әдіспен» оятты. Ет-жүрегім елжіреп кетті... Сөйтсем, Шүкірәли мен Рамазан таңмен таласып келіп, күтіп отыр екен. Дастарханда, айттым ғой, әлгінде, тура менің бала кезімдегі ... уыз, сүзбе, қатық, кілегей, қаймақ, құймақ, ақ құрт, ірімшік, ақ тоқаш, бал, қуырдақ, сүт, айран, құрма, зәйтүн, бүлдірген тосабы, ыстық нан, сары май. Тура сол әжем Динақанның, апайларым Жабағы, Изагүл, Түбітқан, Айымхан, Рашқан, жеңгелерім Сәкеш, Күлімханның дастарханы. Әр қайсысының дәмін түгел татып шыққанда ғана тояттайтындай тәбетті, өлшемді. Ой, аллай! Мұндай да қайталау болады екен-ау! Тек Динахан әжем башпайымды уқалап-иіскелеп, Жабағы, Изагүл апайларым маңдайымнан сипап отыратын. Түбітқан мен Рашқан қазір де сирек те болса еркелетіп қояды. Енді, алпысқа келгенде олардың немерлерімен таласқым келмесе де, басым өзінен өзі соларға қарай иіле береді... Мен бұл ойымды, әрине, Ғалия апайға айта алмадым. Тек: «Ғалия апай, шешеден көрген тәліміңіз-ау! Нағшыларыңыз тәуір жерден болды ғой. Бәсе, шайыңыздың «қырықсеркештеніп тұрғаны», – деген болдым. Ғалия апай мен Сыдықан ағамыз түсініп, жымиды. Осы заманның «пәледиелері» (өкілдері) Шүкірәли мен Рамазан бір-біріне қарасты.

Бүгінгі ұзақ та жауапты күннің қарбалас қам-қаракеті асықтырып тұрса да жайбарақаттана қозғалдым. Жандүниемді тербеткен осынау бір жайлы таңда бөленген тебіренісімді, енді ғана қызғалдақтай ашылып келе жатқан шағында, осыдан алпыс жыл бұрын елінен іргесі ажыраған он үш жасар қыздың ана тәрбиесі мен өнегесін, ұлтының уызын сақтап қалған қасиетін бойыма сіңіруге тырыстым. Қазақы жұрттың өзінде ұмытылған дастархан мейірімін, елеске айналып кеткен өмір мен сағынған жандардың жан жылуын, әжем мен апайларымды еске түсірген Ғалия апай да менің өз апайым деген жолдарды күнделігіме түсірдім. Міне, түн ортасы ауып бара жатқанда да мен ол кісіні сағынып, ауанымды басу үшін, қаламнан қолымды алдым...



Қаламды қолыма қайта алғанда, Станболдың таңертеңгі көрінісі көз алдымда тұрды. Бұрын да беті ашық шаһар еді. Бірақ таңғы жетідегі қарбаласы да, кептелісі де, тар көшелердегі қиылыстар мен бұрылыстар да, арабалар (көліктер) тастақталарын жанап өтетін көне Константинопольдің қабырғалары да сені осыдан бұрынғы мың жылдың құшағына алып кетеді. Есте жоқ ескі дәуірден бастап Еуразияның қақпасы. Ес жиғаннан бергі дүние тарихының, өшкен өркениет пен өртеңге өскен елдің тағдырлы тоғысы. Антикалық әлем және түркі дүниесінің қарама-қайшылығы мен үйлесімі, қаланың кез-келген қолтығынан қылаңытып тұратын Топқапы, Айя София, Ахмет сұлтан мұнаралары тәулігіне жиырма төрт сағат, жылдың үш жүз алпыс бес күні және мәңгі ойлағың келмесе де – ойлантады, салыстырғың келмесе де – салыстыртады. Әр сүйем жер – тарих. Оны өлшеп те, танып та, көріп те тауыса алмайсың. Бұрма-бұрмамен бұралаңдатып, екі елі қыспақтан екпіндеп өтіп келе жатқан Рамазан: «Станболдың көне шаһарында арабаны көз жұмып айдаймын. Осында туып, осында өстім. Менің қалам да, далам да – Станбол. Малтөбеге өзге «пәледиелер» үш сағатта апарады. Мен Сізді бір сағатта жеткіземін», – деді. Сөйтіп жүріп төбе-төбенің, қолтық-қолтықтың, ой-қырымен бұқпантайлатып жүріп еуропалық көне Константинопольдің ескі ғимараттарын, айлақтарын, әскери қорғандарын, патша сарайын аралатып, Топқапының түбіндегі айлақтан бір-ақ шығарды. Тура қарсы алдымызда, теңіздің ортасында қазақ ертегісінде қызын ажалдан арашалау үшін судың ортасына мұнара салдырып, оңаша ұстаған, ақыры себетке жасырынып келген жылан шағып өлтірген ханның «Қыз калиесі» тұр. Түріктің көз жасы таусылмайтын «жылаңқы» киноларында көз қарықтыратын «Қыз калиесіне» міндетті түрде барып, суретке түсіп, айтып беруін өтінген кенжем Назымның тапсырмасын орындаудың ретінің түскені осы шығар. Әлгі ханның аты – Ақша хан ба еді, Ақназар ма еді, Қарахан ба еді. Бұл әлгі антикалық әфсанадағы ... Тоқта! О, мына, ой қайда алып қашып бара жатыр. Әс-сабыр... Ой қуатын уақыт емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет