Екінші деңгейлі банктер және парабанктік институттар Орындаған: Затыбек Ердәулет



бет3/7
Дата14.12.2021
өлшемі375,15 Kb.
#126791
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
кажыга кириспе

Қазақстанға банк жүйесінің енуі


Қазақстанға банк капиталының енуі және оның территориясында кредит желісінің жасалуы 19 ғасырдың соңында басталды. Ресей империясының кредит жүйесінің бір бөлігі болған Қазақстанның кредит желісі мемлекеттік банкінің бөлімшелерінен, акционерлік коммерциялық банктердің филиалдарынан, сондай-ақ кредит кооперациясынан және ұсақ кредиттің басқа да мекемелерінен құралды. 1-дүниежүзілік соғыстың басталуы қарсаңында Қазақстанда ең қарапайым банк операцияларын жүзеге асырған казначейліктерді, сондай-ақ, 345 кредит және қарыз-сақтық серіктіктерін қоспағанда, 44 Банк мекемесі жұмыс істеді. 20 ғ-дың басында Қазақстандағы негізгі Банктер — Ресей банктері болды. Олардың филиалдары өлкенің орталық қалаларында (Оралда, Омбыда, Петропавлда, Семейде, Верныйда) орналасты. Сауда айналымдарының ұлғаюына байланысты Қоянды жәрмеңкесінде Ресей Мемлекеттік банкінің уақытша бөлімшесі 1894 жылдан жұмыс істеді, ал 1912 жылы Ресей сыртқы сауда банкісінің бөлімшесі ашылды. Сауда-өнеркәсіп ісін тікелей қаржыландыру жөніндегі операциялар — вексельдерді есепке алу және тауарларды кепілдікке алып қарыз беру ісі неғұрлым дамыды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де Қазақстандағы банк жүйесі КСРО банк жүйесінің бір тармағы ретінде қызмет етті. Қазақстанда КСРО Мемлекеттік банкінің 260, жинақ кассаның 4147 мекемесі жұмыс істеді. Тек Қазақстан дербес мемлекетке айналғаннан кейін ғана елдің жеке банк жүйесі құрылды, шетелдік ірі банктердің өкілдіктері ашыла бастады. (Дүниежүзілік банк, Дойче банк, т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет