- Банк жүйесінің, маңызды элементі — банктер болып табылады.
- Банктік қызмет — бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:
заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын aшy және жүргізу;
кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
аударым операциялары; заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін керсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
үшінші тұлғаның атынан ақшалай нысанда орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру және т.б
Достарыңызбен бөлісу: |