Мақсаты: Балаларға күн тәртібі арқылы уақыт туралы түсінік беру. Тәулік бөліктерін тану және атау «таңертең», «түс», «түн» ұғымдарын қолдануды жетілдіру.
Дидактикалық ойын «Күн тәртібі»
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты: Үй жануарлары мен оның төлдері туралы түсіндіру. Үй жануарлары төлдерінің сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез – құлықтарымен, тіршілік әрекетімен таныстыру.
Дидактикалық ойын «Төлдерін тап»
Құрастыру
Тақырыбы: «Кішкентай диірменші» (құрылыс материалдарынан және қағаздан құрастыру)
Мақсаты: Әртүрлі түстегі бөлшектерден қарапайым құрылыстыр құрастыру. Құрылыс заттарын дұрыс пайдалана отырып, диірмен пішінін құрастыруды үйрету.Ауылшаруашылығындағы адамдардың еңбегін құрметтеуге, шығармашылыққа тәрбиелеу.