Жанғыш зат – жандыру көзін алып тастағаннан кейін де жануын тоқтатпайтын заттар мен материалдар.
Тотықтырғыштарға – ауа оттегісі, хлор, фтор, бром, йод, азот тотықтары және т.б. жатады.
Жандыру көздеріне – ұшқындар, қызған денелер, ашық от, жалын жатады.
Ауаның шоғыры 21%-дан 14-18%-ға төмендегенде көп заттар өзінің жануын тоқтатады.
Өрттің құраушы факторлары: от (жалын), түтін, күл, күйе.
Өрттердің негізгі туындау себептері:
- өртпен салғырт жұмыс істеу;
- газ және электр приборларымен жұмыс істегенде техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу;
- электрлі, газды дәнекерлеу жұмыстарын жүргізгендегі ережелерді бұзу;
- әдейі немесе байқамай от жағу;
- найзағай түсу;
- өздігінен жану.
Басталған өрттің нышандары:
- түтіннің иісі;
- аздаған от, жалын;
- резеңке немесе пластмассаның жанған иісі;
- электр желісіндегі кернеудің төмендеуі – электр сымдарының жануы.
Өрт кезіндегі басты іс-әрекеттер:
- өртті көрген кезде, жағдайды парасатты бағалап, бар күшіңізді жинап, өзіңізге көмекші табыңыз;
- ең алдымен өрт сөндіру қызметін (101 телефоны, көршілер, радиостанция, қызметтік автокөліктер, полиция, «жедел жәрдем», авариялық қызмет т.б.) шақыртыңыз;
- тәуекелді жағдайда мүлікті құтқаруға бекер күшіңіз бен уақытыңызды жоғалтпаңыз;
- бастысы - кез келген тәсілмен өзіңізді және қайғыға ұшыраған басқаларды құтқаруға тырысыңыз;
- балалар мен қарттарды құтқаруға тырысыңыз. Оларды өрт болып жатқан жерден әрі алып кетіңіз,себебі ол жерде газ баллондардың, бензобактардың атылуы және өрттің тез дамуы мүмкін;
- өрт сөндірушілерге дұрыс ақпарат (нақты мекенжайды. қысқа келетін жолды, не өртеніп жатқанын, ішінде адамдар барм екенін) беру үшін міндеті түрде оларды алдарынан шығып, күтіп алу қажет.
Өртті сөндіру үрдісі – еңбек сыйымды және өте қауіпт жұмыс. Ол жану аймағына оттегінің және жанғыш материалдардың келуін шектеуді, жану аймағын салқындату үшін өрт сөндіргіш заттарды қарқынды қолдануды қарастырады. Өрттерді сөндіру кезінде арнайы өрт техникалары мен технологиялары қолданылады.
Химиялық көбікті өрт сөндіргіш (ХКӨС) – 5-50°С температуралар аралығында электр қондырғыларынан басқа жанғыш материалдарды сөндіру үшін қолданылады.
ХКӨС өрт сөндіргішін іске қосу:
- пломбасын бұзу;
- қолсабын көтеру және қайтарғанша қайыру (180°);
- өрт сөндіргішті жоғарыдан төмен қарай төңкеріп, шайқау;
- түтікшесін өрт ошағына бағыттау.
Көмірқышқылды өрт сөндіргіш (КҚӨС) – қоршаған ауа температурасында -25°С-тан +50°С түрлі заттар мен материалдарды, сонымен қатар, жоғары кернеулі электр қондырғыларын сөндіруде қолданылады.
КҚӨС өрт сөндіргішін іске қосу:
- пломбасын бұзу және чекті көтеру;
- түтікшесін өрт ошағына бағыттау;
- тартпасын басу.
Өрт сөндіргіштердің жіктелуі 4 суретте бейнеленген.
Сурет 4. Өрт сөндіргіштердің жіктелуі
Ұнтақты өрт сөндіргіш ҰӨС - қоршаған ауа температурасында -25°С-тан +50°С бензинді, дизель отынын, лакты, сырды және басқа жанғыш сұйықтықтарды, сонымен қатар, кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларын сөндіруде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |