«Экожүйе және құқық» пәнінен практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау Шымкент 2021 Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі коммерциялық



бет17/32
Дата20.09.2023
өлшемі225,67 Kb.
#181684
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
Байланысты:
Экож. ПСАӘН

Транспорттық авариялар - транспорт құралдарының қозғалысы кезінде орын алады.
Өрттер мен жарылыстар - өрт және жарылыс қауіпті объектілерде, өрт және жарылыс қауіпті заттарды тасымалдайтын теміржол көліктерінде, құбыр жолдарында туындайды.
Авариялық химиялық қауіпті заттар (АХҚЗ) тасталатын авариялар – өндіру үрдісінде, сақтау кезінде, қайта өңдеуде және тасымалдау кезіндегі химиялық зиянды өнімдердің тасталуымен байланысты оқиға.
Радиобелсенді заттардың тасталуымен болатын авариялар - дәстүрлі атомдық стансалар объектілерінде, ядролық отындар дайындайтын және қайта өңдейтін кәсіпорындарда, радиобелсенді қалдықтарды көму орындарында туындайды.
Биологиялық қауіпті заттардың (БҚЗ) тасталуымен болатын авариялар – тұрғындарға айтарлықтай қауіпті авариялардың бірі, себебі, БҚЗ қоршаған ортаға түсуінің ауыртпалығы өте жоғары.
Ғимараттардың кенеттен қирауы – шектелген алаңдарға адамдардың көп шоғырлануының жанама факторларынан; жақын аумақтан өткен теміржол көліктерінен немесе жүк көліктерінен туындайтын жоғары дәрежедегі дірілінен; ғимараттың жоғарғы қабаттарына шектен тыс күш түсуінен туындайды.
Электрэнергетикалық және коммуналдық жүйелердегі авариялар – тұрғандардың тіршілік әрекетін айтарлықтай қиындатады, әсіресе қыс мезгілінде.
Өндірістік тазалау объектілеріндегі апаттар – улағыш, уытты және зиянды заттардың қоршаған ортаға тасталуына әкеліп соғады.
Гидродинамикалық авариялар – гидротехникалық ғимараттардың, су қоймаларының бұзылуы. Нәтижесінде үлкен ауқымды территорияларды су басып қалады.
Қоғамдағы техникалық прогрестің ары қарай дамуы нәтижесінде ТЖ жаңа түрлері туындайды. Сондықтан да, осындай ТЖ болдырмаудың шараларын адамдардың білуі, үйренуі, дағдылануы, тәжірибе жинауы, техногендік сипаттағы ТЖ туындаған жағдайда адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған іс-әрекеттер жасауы маңызды мәнге ие.
Өрт - бұл материалдық құндылықтардың бақылаусыз жануы мен адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдай орнататын құбылыс.
Өрт планетамызда әр 5 секунд сайын тіркеліп тұрады. Жылына 5,5 миллионға жуық өрттер болады. Жыл сайын әлемдегі өрттен қаза тапқандардың саны 85 мыңға жуық, сонымен қатар, жыл сайынғы өрттен келетін залал да артуда.
Өрттердің, материалдық шығындардың, қаза тапқандар санынынң өсуі техника мен технологияның қарқынды дамуымен, өндірістердің шоғырлануымен, жаңа өрт қауіпті заттардың пайда болуымен, тұрғындар санынынң артуымен, алғашқы өрт сөндіру құралдарының тапшылығымен, тұрғындардың өртке қарсы профилактикаға төмен дәрежеде дайындалуымен, өртті сөндіру әдістерін және қауіпсіз іс-әрекеттер жасауды білмеуімен байланысты.
Өрттер тұрмыстық (үй, пәтер, гараж, қосалқы бөлмелер), өндірістік (цех, қойма, ғимарат, транспорт құралдары) және табиғи (орман, алқап, шөп, тезек) өрттері болып бөлінеді, олардың жіктелу 3 суретте келтірілген.



Сурет 3. Өрттердің жіктелуі

Жанғыш материалдардың саны мен сапасы, қамтитын ауданы, жану уақыты, әкелетін шығыны және салдары бойынша барлық өрттер 5 балдық шкала бойынша бағаланады.


Жану үшін оттық материалдар, тотықтырғыш және жандыру көзі керек. Тәжірибеде толық және толық емес жануды қарастырады. Толық жану оттегі көп болған жағдайда болады, ал толық емес оттегі жетіспеген жағдайда. Химиялық процестер бойынша оттық заттың ішкі жылуына байланысты өзіндік жану пайда болады. Өзіндік жану температурасы әртүрлі факторларға байланысты: оттық қоспалардың құрамы мен көлемі, қысымы және т.б. газдар мен сұйықтықтардың көбісі 400-700°С температурада жанады, ал қатты заттар (ағаш, көмір, шым тезек және т.б.) 250-450°С температурада жанады.
Газдар мен ауадағы булардың шоғырлануы жануда көп мағынаны білдіреді. Жанудың диапозоны жарылудың төменгі және жоғарғы шегімен сипатталады. Бұлар оттық заттан ең негізгі кауіпті жарылысы болып табылады.
Жану - газдың, жылудың және жарықтың сипаттамасымен байланысты химиялық үрдістің тез тотығуы немесе жанғыш заттың және ауа оттегісінің қосылуы. Сонымен жану кезінде тек қана химиялық реакцияның қосылуы емес, сонымен қатар ыдырауы байқалады.
Жануда өз бетінше жану, жарылыс және детонацияны қарастырады. Өз бетінше жануда 1 сек оттың таралу арақашықтығы 10 м аспайды, жарылыста - секундына 100 м астам, ал детонация кезінде секундына 1000 м.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет