Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша Дәрістер



бет23/119
Дата01.04.2022
өлшемі3,41 Mb.
#137572
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   119
Байланысты:
Лекция-Экология и БЖЧ-1

Биосфера эволюциясы. Биосфера эволюциясы–түрлердің, олардың арақатынастарының үздікіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің жойылып, бұрын болмаған екінші бір түрлердің пайда болу құбылыстары. Қазіргі биосфераның қалыптасуы – ғасырлар бойы орын алған эволюцияның нәтижесі. Биосфералық эволюция тіршіліктің пайда болуына дайындық кезеңіне, дәлірек айтқанда биологиялық эволюциядан тұрады. Қалыптасқан көзқарастарға сәйкес олардың негізгі сатылары төменде келтірілген.

  1. Ғаламшар мен оның атмосферасының түзілуі шамамен 4,5 млрд. жыл бұрын басталды. Алғашқыда пайда болған атмосферада температурасы жоғары , тез қалпына келетін сутегі, азот, су буы, метан, аммиак және инертті газдардан құрылған көміртегі тотығының, формальдегид пен басқа жай қосылыстар болы мүмкін.

  2. Күннің сәулелену энергиясы мен атмосфераның біртіндеп суынуының нәтижесінде заттардың абиотикалық айналымы, элементтердің судағы миграциясы мен ерітінділерде бірнеше физика-химиялық реакциялар жүрді. Автокатализдің арқасында молекулалардың түзілуі мен өсуі орын алған.

  3. Күннің ультракүлгін сәуле энергиясының, радиоактивтіліктің және әртүрлі энергиялық күш нәтижесінде көміртегінің, полимеризация процестеріне түсуі арқылы органикалық қосылыстар түзілген.

  4. Төртінші сатыны антропогенез сатысы деп атауға болады. Себебі, Жерің геологиялық тарихының соңғы кезеңі. Осы антропогендік кезеңнің көрнекті оқиғасы, эволюцияның басқарущысы- саналы адамның пайда болуы (кезеңнің атауы осыдан шыққан). Адамзат қоғамының пайда болуы мен өте көп мөлшерде зат пен энергия ағысын тартып, биологиялық айналымның тұрақтығын бұзды. Антропогендік әсерден экологиялық дағдарыстар туып, эволюцияның жағымсыз факторына айналды. Тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ адам пайда болып биосферадағы әсерін тигізе бастаған шақтан осы кезеңге дейінгі уақыт аралығында биосфераның өзгеруін 5 сатыға бөлуге болады:

1) адамзаттың биосфераға әсері әдеттегі биологиялық түр ретінде ғана болған;
2) адамзаттың қалыптасу кезеңінде экожүйе де өзгере бастаған;
3) жер жырту мен ормандарды кесу арқылы табиғатқа зиян келтірілген;
4) ҒТР-дың дамуы;
5) биосфераның барлық экологиялық құрауыштары түгелімен әлемдік өзгерістерге ұшыраған.
Соңғы саты осыдан шамамен 300 жыл бұрын басталып, қазіргі кезге дейін жалғасып келе жатыр. Сонымен, адамның іс-әрекетінің әсерінен биосферада болатын негізігі өзгерістер түріне мынадай жағдайлар жатады:

  • жердің беткі қабатының құрылымның өзгеруі (жер жырту, орман кесу, батпақты құрғату, жасанды су айдындарын жасау және жер бетіндегі су режиміне басқа да өзгерістер әкелу және т.б.);

  • биосфераның құрамын, оны құрайтын заттардың тепе-теңдігі мен айналымын өзгерту (қазбаларды жер қойнауынан алу, үйінділер жасау, әртүрлі заттарды ауа мен су обьектілеріне тастау, ылғалдылық айналымын өзгерту);

  • кейбір организмдер түрлерін жою арқылы немесе жануарлардың жаңа тұқымдары мен өсімдіктердің жаңа сорттарын шығарып, оларды жаңа мекендейтін орындарға ауыстыру арқылы қоршаған ортаға өзгерістер әкелу;

  • Жер шарының кейбір аудандарындағы және ғаламшар деңгейіндегі энергиялық тепе-теңдікті өзгерту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет