Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша Дәрістер



бет46/119
Дата01.04.2022
өлшемі3,41 Mb.
#137572
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   119
Байланысты:
Лекция-Экология и БЖЧ-1

Қазақстанның су ресурстары
Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалып отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр. Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы — Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дәрежеде ауыр металдармен ластанған. Негізгі ластаушы заттар — мыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі.
Су қоймалары мен бассейіннің су ағыстарына түсетін негізгі ластаушыларға иондық ағыс (28 мың тоннадан астам 1994 және 1995 ж. шамамен 23 мың тоннаға жуық), азотты органикалық қосылыстар (13 мың тоннаға жуық), фосфор қосылыстары (1994 жылы 1,3 мың тоннадан астам, 1995 жылы 800 тонна), цинк (42,6 және 24,9 т 1995) жатады.
Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы дерлік су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі.
Каспий аймағының экологиялық жағдайы. Бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады. Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400—2700 км ұзарып, су астында қалған жерлерге тағы да 1,2—2,2 млн. га қосылуына әкелуі мүмкін.
Су астыңда қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солтүстік және Солтүстік-Шығыс жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп отыр. Су астында қалу қаупі төніп отырған 43 мұнай кен орындарының 32-сі Атырау, ал 11-і Маңғыстау облысында орналасқан.
Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәрізді балықтардың ең ірі мекен ету ортасы болып табылады. Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекетаралық қана емес, ғаламдың мәселе болып табылады. Каспийдің биологиялық алуантүрлілігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жүмысы. 1995 ж. Тегеранда Каспий маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті. Бұл кездесудің мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның ресурстарын пайдалануды басқару концепциясын жасау болып табылады. Бірақ кез келген экологиялық бағдарламаның іс жүзіне асуына, оның ірі мұнай-газды аймақ ретінде маңызының артуы күрделендіреді.
Арал теңізінің экологиялық мәселелері. 60-жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық даңылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%-дан астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2,6 млн. га-ға кеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті, түздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна түз бен құм желмен 300 км ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттың өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.
Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстүрлі бағыттарының дамуының мүмкін болмауына әкеліп, бірқатар әлеуметтік және саяси мәселелерді туғызады.
Аралды сақтап қалу мүмкін бе? 30 жылдың ішінде Арал теңізі 640 км3 судан айрылды, судың түздылығы 26—27 г/литрге (бұрын 11—12) жетті. Судың деңгейі 13 метрге төмендеп, су жагалаудан жүздеген километрге шегінді. Кеуіп қалған теңіз түбінен құмды-түзды дауылдар көтерілуде.
Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде орналасқан. Көлемі бойынша Арал дүние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде төртінші орында болган.
Теңіз Түран ойпатында орналасқан. Қарақұм және Қызылқұм шөлдері Аралды оңтүстік және шығыс жағынан қоршап жатыр. Судың орташа көлемі — шамамен 1000 км3. Тереңдігі 20—25 м., ең үлкен тереңдігі — 67 м. Жаздағы орташа температура 24— 26°С, қыста. — 7—13,5°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері шамамен 100 мм.
Арал теңізінің су балансы бұрын жауын-шашынмен — 5,9 км3, өзен ағысымен — 54,8 км3 қамтамасыз етіліп отырды. Орташа булану — 60,7 км3. Теңіз деңгейінің маусымдың ауытқуы — 25 см, ал ғасырлық — 3 м-ден артпаған. Дүние жүзінің ірі тау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтың өзендерінің сулылығын қамтамасыз еткен. Аралдың су балансын Орта Азияның ірі өзендері — Амудария мен Сырдария ұстап тұрған.
60-жылдардан бастап суармалы жерлердің кеңеюіне байланысты Арал теңізіне келетін өзендердіқ суы күрт кеміп кеткен: 1970 жылы 35,2 км\ ал 1980 жылы — 10 км3. 1986 жылы Амудария мен Сырдария өзендері теңізге жетпеген. Барлық су суар-малы жерлерге жұмсалды.
Арал теңізі табиғи температура реттеуші ретінде ауа райына үнемі әсер етіп отырады. Теңіздің қолайлы әсері 300—400 км ара қашықтықта байқалды Бұл Хорезм облысында мақта өсірудің ең солтүстік белдеуін жасауға мүмкіндік берді. Қазір ауа райы-ның континенталдылығы артты. Ең салқын айдың орташа айлық температурасы 1,5—2°С-ға төмендесе, маусымда 2°С-ға артқан. Ауа райының қаталдығы Арал теңізінің тартылуына байланысты одан да қаталдана береді. Аязсыз кезеңнің 170—180 күнге қысңаруы мақта өсіруді қиындатады {мақтаның өсуіне 200—220 күн оң температура қажет). Бұрын өзен суының минералдығы 0ДД5 г/л болса, қазір ол 2,5 г/л жеткен.
Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіи кеткен. Сырдария грунт суларының деңгейі төмендеп кеткен.
Балқаш көлінің экологиялық мәселелері Ағынсыз Балқаш көлі Қарағанды (Жезқазған), Жамбыл, Алматы (Талдықорған) облыстарымен шектесіп жатыр. 70-жылдарда көлдің ауданы жылдың жауын-шашын мөлшеріне байланысты 17-ден 22 мың км2 дейін ауытқып отырған. Көлдің үзындығы 605 км, ені шығыс бөлігінде 9—19 км, ал батысында 74 км-ге дейін жетеді. Шығыс жағында Балқаш Алакөл көлдер жүйесімен, батыс бөлігі Бетпақдала шөлімен, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағы Шу-Іле және Іле Алатауымен шектесіп жатыр. Сонымен катар, Балқаш бассейніне Жоңғар және Күнгей Алатауы, Қалықтау, Нарат, Боро-Хоро да кіреді. Балқаштың суының көлемі — 112 км3, ең үлкен тереңдігі — 6 м.
Көлдің батыс бөлігіне Іле өзені, шығыс бөлігіне — шағын өзендер Қаратал, Ақсу, Лепсі келіп құяды.
Балқаш — жартылай тұщы көл. Сарыесік түбегі Балқашты батыс және шығыс бөліктерге бөледі Батыс бөлігіндегі су ірі Іле өзенінің келіп құюына байланысты тұщы болған. Ол көлге жылдық су мөлшерінің 78,2% береді. Балқаштың шығыс бөлігіне келіп құятын шағын өзендердің барлығы қазір толығымен дерлік суаруға және шаруашылық қажеттіліктерге жұмсалады. Тек көктемгі су тасқыны кезінде және мұздықтардың еруі кезінде ғана осы судың бір бөлігі өзендермен Балқашқа келіп түседі.
Географтар бұл жерді Балқашқа келіп құятын Іле, Шу, Ақсу, Қаратал, Лепсі, Тентек, Көксу өзендеріне байланысты Жетісу деп аталған.
1967 жылы Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-і салынды, ал 1970 жылы ірі Қапшағай су қоймасы іске қосылды. Шілік өзенін бөгеу нәтижесінде Бартоғай су қоймасы жасалды. Балқаш көлінің бассейнінің өзендерінен 1965—1986 жылдар аралығында алынатын судың мөлшері 4,8-ден 5,6 км3/жылына артқан. Соңғы онжылдықта Балқаш көлінің деңгейі екі метрден астам төмендеп, су бетінің ауданы 4,7 мың км2 кеміген. Көлдің тұщы бөлігіндегі судың минералдылығы артып келеді (1^-ден 1,9 г/л, ал Балқаш қаласы маңында 2,2-ден 2,3 г/л дейін). Судың минералдылығы, өндіріс орындары мен коммуналдың шаруашылықтың шайынды сулары, суармалы жерлердің қайтымды-дренаж суларының келіп түсуінің артуы нәтижесінде сумен қамтамасыз ету, адамдардың демалу жағдайлары нашарлап, аурулар саны артып отыр. Бүкіл жағалауда шөлдену процесі басталуы көлдің жағасындағы қамыстар жойылып бара жатыр.
Балқаштағы су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде ондатра өсіру кәсіпшілігі құлдырап кетті. Бағалы балықтар аулау жылына 40 мыңнан 8 мың центнерге дейін кеміген. Өзен жағалауларындагы тоғайлы ормандар жойыла бастады.
Балқаштағы экологиялық жағдай тек Балқаш көлін сақтап қалу ғана емес, бүкіл Балқаш-Іле аймағының келешегін ойлауды талап етеді. Экология заңдарын білу, қала мен өндіріс орындарының тиімді тығыздығын анықтау Оңтүстік Қазақстандағы үш ірі облыстардың келешегін қамтамасыз ететін экологиялық тепе-тендікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Кіші өзендерді қорғау мәселесі. Республикамызда 8643 тұрақты және уақытша су ағыстары белгілі. Олардың жалпы ұзындығы 123 мың км. Қазақстанның өзендерінің ерекшелігі олардың біртекті таралмауында. Жер бетіндегі су қорына әсіресе, Орталық және Батыс Қазақстан кедей. Республикамыздың бүкіл жазық территориялары сирек өзен торымен сипатталады. Ойыл және Нүра бассейнінде ол бар болғаны км2-ге шаққанда 0,13—0,022 км. Шөлейт және шөлді аудандарда өзендер жоқ деуге болады. Қалық өзен торы Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Кенді Алтайдың таулы және тау етегіндегі аудан-дарында түзілген. Бірақ, осы таудың сулы өзендерінің өзін суаруға пайдалануға байланысты халық тұщы судың тапшылыгын сезіп отыр. Бұл республика халңынан суды ысырапсыз пайдалану мен қорғау қажеттілігі туралы ойлануды талап етеді.
Кіші өзендер кіші дегі аталғанмен, олардың экология түрғысынан алғандағы маңызы үлкен. Себебі, ірі өзендердің жағдайы кіші өзендерге байланысты. Олар қан тамырлары тәрізді бүкіл Қазақстан территориясын торлап жатыр.
Республика өзендерінің көп бөлігі Каспий, Арал теңіздерінің, Балқаш және Теңіз көлдерінің тұйық ішкі бассейндеріне, тек Обь—Ертіс, Есіл және Тобыл өзендерінің бассейні ғана Солтүстік Мұзды мүхитына барып құяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет