Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша Дәрістер


Қоғамның әлеуметтік теңсіздігі, табыс көлемінің әр түрлілігі, билікке, мәртебеге құмарлық түрлі шиеленістердің туындауына себепкер болады



бет93/119
Дата01.04.2022
өлшемі3,41 Mb.
#137572
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   119
Байланысты:
Лекция-Экология и БЖЧ-1

Қоғамның әлеуметтік теңсіздігі, табыс көлемінің әр түрлілігі, билікке, мәртебеге құмарлық түрлі шиеленістердің туындауына себепкер болады.
Қоғамда көрініс табатын әлеуметтік қауіптердің басқа да түрлері:
Бопсалау - қандай да бір олжа (пайда) табу мақсатында масқаралық (ұят) немесе құпия мәліметтерді әшкерелеу мүмкіндігімен қорқыту, бұл – қылмыс. Ол жүйке жүйесіне кері әсер етеді.
Алаяқтық – алдау, сенімге қиянат ету арқылы мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке бас мүлкін иемдену қылмысы. Алаяқтық құрбаны болған адам қатты психофизиологиялық күйзеліске ұшырайды.
Қарақшылық – мемлекеттік және қоғамдық мекемелерге қарулы шабуыл жасау мақсатында құрылған бандалар ұйымының іс-әрекеті немесе жекеленген адамдардың осындай бандалар құрамына кіруі немесе олардың жасаған шабуылдарына қатысуы.
Тонаушылық – мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке бас мүлкін иемдену мақсатында жәбір немесе адам өмірі мен денсаулығына қатер туғызатын зорлық-зомбылық көрсете отырып басқыншылық жасау.
Зорлау – жәбірленушінің шарасыздығын пайдалана отырып, физикалық озбырлық көрсету мен қоқан–лоққы арқылы жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу. Қылмыстық құқық бойынша зорлау қылмысы үшін қатаң жаза қолданылады (өлім жазасына кесуге дейін)
Тұтқынға алу – өз талап-мүдделерін орындату мақсатында адамдарды (көбінесе әйелдер мен балалар) қамауға алу.
Лаңкестік– өз мақсатына жету үшін еш нәрседен тайынбай, зорлықпен үкімін жүргізуді көздеген саяси күрес, физикалық зорлық-зомбылық көрсетуден бастап, мүлдем жойып жіберуге дейін баруы мүмкін.
Суицид (өзіне өзі қол жұмсау). (лат.тілінен sui – өзін + caedere – өлтіру) — өзін-өзіне қол жұмсауға икемді адамның әрекеті.
Вандализм - өнер туындылары мен сәулет ескерткiштерін құрту.
СЕКТАЛАР Соңғы кезде елімізде секталардың арбауына түсіп, отбасынан айырылып, өмірмен ерте қоштасып жатқан жандар саны күрт өсуде. Қазақстандағы аталмыш ағымдардың дәстүрлі емес болып аталатын себебі, олардың мемлекет аумағында пайда болғанына ұзақ уақыт бола қойған жоқ және оларда дәстүрлі конфессияларға тән емес белгілер жеткілікті.
«Бахаи» – Ирак пен Иранда ХІХ ғасырдың ортасында пайда болған, заманауи космополитикалық дін. Бахаизм ілімі мұсылмандық баббиттер тайпасының негізінде пайда болған. 2008 жылдың 1 қаңтарына елімізде «Бахаи» ағымындағы 3 культтік ғибадатхана, 19 діни бірлестік тіркелген. Оған құлшылық етушілердің саны шамамен Қазақстан бойынша 600 діндарды құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет