Жіктелуі.
Агрегаттық күйіне қарай сұйық, көбік тәріздес, ұнтақтар және газ тәріздес заттар болып бөлінеді.
Өрт сөндірудің негізге ұсталатын прициптердің қайсысына жататынына байланысты:
салқындату, жану аймағынан алып кету, сұйылту, химиялық тежеу принципіне негізделген ӨСЗ болып бөлінеді.
ӨСЗ-на қойылтын талаптар
Аз шығындалып, эффективтілігі жоғары болуы керек;
Қол жетімді, арзан және қолдануға жеңіл болуы керек;
Қоршаған ортаға зиянын тигізбеуі керек.
СУ. Су және сулы ерітінділер сұйық ӨСЗ-на жатады. Су әмбебап, қол жетімді және эффективтілігі жоғары зат. Суды өрт сөндіру үшін қолданған кезде әрекеттесуші заттарды салқындату принципі қолданылады.
Алайда сумен сөндіруге болмайтын өрттер де болады:
Егер су жанғыш заттармен химиялық реакцияға түсіп, нәтижесінде жылу немесе басқа да жанғыш компоненттер түзілетін болса (кейбір қышқылдар мен сілтілер);
Егер жану процесі өте жоғары температураларда өтетін болса (1800÷2000С – металдардың жануы), себебі мұндай температурада су молекулалары диссоциациялануға ұшырап, өртті сөндірудің орнына, керісінше, оны одан сайын өршіте түсуі мүмкін иондар түзеді (сутегі, гидроксид-ион (оттегі));
Егер қауіпсіздік толық қамтамасыз етілмейтін болса (мысалы, жоғары кернеулікті электр құрылғысында өрт шығатын болса – өмір үшін өте қауіпті);
Егер ауа температурасы өте төмен болса – себебі оның қату темпераурасы төмен, сол себепті қиындық туғызады.
Егер тығыздығы судың тығыздығынан кем болып келетін жанғыш сұйықтықтардан өрт шығатын болса – мысалы, мұнай өнімдері жанған кезде.
Өздігінен қарастыру үшін:
Достарыңызбен бөлісу: |